7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі 2-сынып Тақырыбы: 'Жұрнақ пен жалғаудың түбірге жалғануы

ҚАзақ тілі 2-сынып Тақырыбы: 'Жұрнақ пен жалғаудың түбірге жалғануы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтыңтақырыбы:Жұрнақ пен жалғаудың түбірге жалғану реті

Сабақтың мақсаты:

А) Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.

В)Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

С)Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі:Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жинақтау, салыстыру,сергіту сәті.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу

Көрнекі құралдар:Сөйлем, суреттер, қима қағаздар, сөздер кассасы, ребус

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе. Амандасу

- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыстың қай айы? Айдың нешесі? Аптаның қай күні?

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

Оқушылармен қол ұстасып тұрып, алақан жылуы арқылы бір - біріне жылы тілектерін айту. Тілектер айтылып оқушылардың көңілдері жадырайды.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Үйге берілген тапсырма 301- жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.Құрған әңгімелерін кезекпен оқып шығады.

III. Жаңа материалды түсіндіру

«Мағынаны ажырату»сатысы

Оқулықпен жұмыс

Ойын: « Талдап көр, таңдап көр!»

«Жалғау» тобы: 302-жаттығу-Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздерді талдау

«Жұрнақ» тобы: 303-жаттығу-мақалды оқып, жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгіле.

«Қосымша»тобы: 304-жаттығу-сөздерге тиісті жалғау жалғап, сөйлем құрап жаз. Жалғаулардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіру.

Бейнетаспа бойынша жұмыс «Гүлдер»

Ойын: « Суретке қарап сөйлеп көр!»

«Жалғау» тобы -сөйлем құрастырады.

«Жұрнақ» тобы - түбір мен қосымшасын ажыратады.

«Қосымша»тобы -сызбамен көрсетеді



Үнтаспадан ән тыңдалады «Ертегілер»

Ойын: «Кестені толтырып көрелік!» 305-жаттығу

«Жалғау» тобы: - түбір сөз

«Жұрнақ» тобы: - жұрнақ жалғанған сөз

«Қосымша»тобы:- жалғау жалғанған сөз

Қай топ бірінші болады жұрнақ және жалғау жалғанған сөз бөлігін толтырады.

Түбір сөз

жұрнақ жалғанған сөз

жалғау жалғанған сөз

жұрнақ және жалғау жалғанған сөз

«Ойтолғаныс» сатысы

Венн диаграммасы

Жұрнақ

жалғау

Үйге тапсырма: Бағалау

306-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау. Тақтадағы бағалау карточкасы бойынша, бағаларын қорыту, күнделіктеріне қою.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал