7


  • Учителю
  • Отбасы ағашы. Бүгінгі сабақта біз күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіміз. Суретпен жұмыс істей отырып, отбасы мүшелерін атап, жазуға үйренеміз.

Отбасы ағашы. Бүгінгі сабақта біз күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіміз. Суретпен жұмыс істей отырып, отбасы мүшелерін атап, жазуға үйренеміз.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сабақ: № 3

Тақырып:


Отбасы ағашы.

Күні: 23.11.2015

Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева К.Р.

Сынып 1

Қатысып отырғандары

Келмегендер саны

Осы сабаққа арналған оқу мақсаты

1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.3.1.Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау.

1.4.1.1. Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын түсіне алады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Оқушылар отбасы мүшелерін атай алады. Сөздік қорларын әр түрлі сөздермен молайта алады. Хормен қайталайды.

Кейбір оқушылар істей алады:

Суретпен жұмыс істей алады, отбасы мүшелерін атап, жазып бере алады


Негізгі сөздер мен фразалар:

Менің отбасым, менің атам, менің үйім. Мынау -ағам. Мынау- ата. Іні, қарындас, сіңлісі, ұл, ұлы, қыз, қызы.

Осының алдындағы оқу

Көңілді отбасы


Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған шаралар

Ресурстар

Басы


Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достарым!

Сабақтың мақсатын айтамын: бүгінгі сабақта біз күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіміз. Суретпен жұмыс істей отырып, отбасы мүшелерін атап, жазуға үйренеміз .

Ортасы

Сөздік жұмысы

Отбасы, Ата, апа(әже), әке, ана(шеше), әпке, аға;

менің отбасым, мынау әкем, мынау ағам, менің үйім.

Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Отбасы

Суретпен жұмыс

Мұғалім отбасы мүшелерінің суреттерін көрсете отырып, оқушылардан отбасы мүшелерінің атауын мұқият тыңдап отыруларын өтінеді. (мысалы, ана, әке, аға, ата, әже, әпке).

(Ұ) Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын суреттерден қарап айтуды үйреніп алғаннан кейін, «Шын, жалған» ойынын ойнау. Мұғалім суретті көрсете отырып, атауын қате айтады, ал оқушылар дұрыс атауын айтулары қажет.

«Отбасы ағашы»

Мақсаты: әрбір баланың қолына 7 алмадан беріледі. Сол алмалардың ішіне өз отбасы туралы мәлімет жазады. (жаза алмайтындар суретін салады)

Жасаған «Отбасы ағашы» қорғайды.

Мысалы:

Мынау отбасы бәйтерегі. Бірінші -атам. Менің атам - Александр. Ол - зейнеткер. Мынау- менің әжем. Оның аты - Валентина. Ол орта бойлы. Менің әкемнің аты - Владимир.

  1. 1 - алма

Менің атым - Вероника.

Мен 7 жастамын.

. . .


Сергіту сәті

Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Бас бармақ - атам
Балан үйрек - әкем
Ортан терек - анам
Шылдыр шүмек - ағам
Кішкене бөбек - мен


ЖЖ. Кеспе әріптерден сөз құрау /Барлық оқушыларға үлестіріліп беріледі/


А П А А Т А Ә Ж Е А Ғ А І Н І

Ә К Е С І Ң Л І А Н А


.


Соңы

Қалыптастырушы бағалау парақтары


Рефлексия

Сабаққа қатысу барысында өз байқағандарыңызды жазу үшін пайдаланасыз. Сабағыңыз туралы берілген сұрақтарға жауап беріңіз

- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

- Оқу ахуалдары қандай болды?

- Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма?

- Мен уақытттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқуларға жол бердім және неліктен?

Достық қарым - қатынас, бірлесе еңбектену, бір - біріне қол ұшын беру. Бірлесе, жеке әрекет етуге тәрбиелеу.

Ең алдымен, сөздікпен жұмыс жасалынып, суретпен жұмыс жүргізілді. Мұғалім отбасы мүшелерінің суреттерін көрсете отырып, оқушылардан отбасы мүшелерінің атауын мұқият тыңдап отыруларын өтінді. Оны «Шын, жалған» ойыны арқылы бекітті. Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын суреттерден қарап айтуды үйреніп алғаннан кейін, мұғалім суретті көрсете отырып, атауын қате айтты, ал оқушылар дұрыс атауын айтулары қажет болды.

Келесі тапсырманы оқушылар жеке орындады. Әрбір оқушы «отбасы ағашын» жасап, қорғады.

Жұптық жұмыста оқушылар кеспе әріптерден сөз құрап оқыды.

Қорытынды жасап, бекіту кезінде әрбір оқушы қалыптастырушы бағалау парақтарын толтырды.

Мұғалімнің сабағы жүйелі түрде өтті деп ойлаймын. Оқушылар сабақ барысында белсенді жұмыстанды. Сабақта ұжымдық,жеке, жұптық жұмыс орнады. Оқушылар қалыптастырушы бағалау парақтарын толтырып үйренуде. Сабақ алға қойған мақсатына жетті. Уақыт үнемді пайдаланылды. Дидактикалық материалдар тиімді қолданылды.


Қорытынды бағалау

Сабақтың қай аспектісі оқыту мен оқу барысында жақсы өтті?

1. «Шын, жалған» ойыны

2.


Оқыту мен оқу барысында қай екі әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді?

1.

2.


Қосымша ақпарат

Саралау - сіз көбірек қолдауды қалай көрсететін боласыз? Барынша қабілетті оқушыларға сіз қандай тапсырма беретін боласыз?

Бағалау - сіз ілгері басуды/ оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, денсаулық және қауіпсіздік, АКТ қолдау. Құндылықтар.




1- сынып. ІІ тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау №1

Күні _________________ Аты-жөні__________________________________________

Тақырып: Менің отбасым

Оқу бағдарла масына сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалау бойынша ұсыныс

Т1

Зейін қойып тыңдау

Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды


Аталған отбасы мүшелерінің астына отбасы мүшелерінің атауларын жаз.


Дағдылар

Оқушы оқыту мақсатына «жетті», себебі:

Тыңдалым


Оқушылар отбасы мүшелерінің төртеуін дұрыс анықтай алды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал