7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Ана' (4 класс)

Открытый урок на тему 'Ана' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Н.К.Крупская орта мектебі








АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»




Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Тастемирова К..

Сыныбы: 4-сынып












27.02.2014

Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.

Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.

Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.

Сабақтың түрі:

1) Дамытушылық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

1. Топтау стратегиясы.

2. Бес жолды өлең.

3. Эссе жазу.

.Сабақтың көрнекілігі: Б.Бұлқышев суреті, жазушы туралы анықтама, қанатты сөздер.

Сабақ жоспары:

1) Психологиялық дайындық.

2) Үй тапсырмасын тексеру.

3) Ой-ашар. Жаңа сабақ.

4) Ой қозғау.

-Автор тану

- Мәтінді оқу.

. Мәтін бойынша жұмыс

Сергіту сәті

5) Ой толғаныс.

- Бес жолды өлең.

- Топпен жұмыс

- Өзіндік жұмыс

6) Анаға тілек тренингі.

Сабақты қорытындылау.

«INSERT» стратегиясы

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері».
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
2) Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • Ғафу Қайырбековтың « Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқу және « Ана тілім- тірлігімнің айғағы» тақырыбына шығарма жазу

  • Үй тапсырмасын пысықтау

Әрбір қазақтың азаматы өзінің қанымен бірге сіңген ана тілін құрмет тұтып, тіл мәртебесін жоғары ұстауға міндетті. Сондықтан бізге ана тілімізді ана ұғымымен байланыстырып, ана тілімізді сақтауға үлесімізді қосамыз.

-Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінін танысамыз.

Жаңа сабаққа көшу.

І. Қызығушылықты ояту.

Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.

Оқушылар жауабы:

Топтастыру











Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған - Ана. Бала - ананың бауыр еті,- дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды.Қарапайым еңбек адамы анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.
Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев


(1916 - 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ», «Елімізде қанды жорықтар» т. б. туындылары бар.
• 1916ж Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген.
• 1932ж Қарсақпай заводындағы фабрика - завод училищесіне келіп оқуға түседі.
• 1933 - 1934 ж "Ұлытау" совхозында түрлі шағын қызметте болады.
• 1935ж оқу іздеп Алматыға келеді.
• 1938ж техникумының 2-ші курсын бітіреді.
• 1940ж армияға алынып Москва кетіп, училищеде оқиды.
• 1938 - 1940 жылдар жазушының кең өрісіне іргетас болып қаланды. Жазушылыққа мол негіз салды.
1944ж тәуелсіздігі жолындағы күресте 28 жасында қаза болған.

ІІ. Мағынаны тану.

Мәтінді тізбектей оқу

Топпен жұмыс.

Сұрақ-жауап оқулықтағы.

Мәтінде кім жайлы айтылған?
- Ана жайлы
- Теңізге нені теңейді?
- Адамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді?
- Ананы қай кезден бастап іздейсің?


Сергіту сәті:
«Жалғасын тап» ойыны:
1. Ананың көңілі ----------,
Баланың көңілі ---------.
2. Әке - -----------,
Ана - -----------,
Бала - -----------.
3. Анаға қарап -----,
Әкеге қарап ------.


ІІІ. Ой толғаныс.

5 жолды өлең құрастыру.

1. Зат есім. Кім?

2. Сын есім. Қандай?

3. Етістік. Не істейді?

4.Мағыналы сөзден құралған сөйлем.

5. Балама сөз.

ІV. Шығармашылық тапсырма.

1 - топ. Өлеңнің жалғасын тап.
___________________ данасың,
___________________ панасың.
___________________ баласын,
___________________ анашым.

2 - топ . «Ана» тақырыбына мақал - мәтел айту
3 - топ. Ана туралы өлең жолдарын жазу

4- топ «Ана» туралы эссе жазу,өлең айтып беру.

Оқушылардың жазған эсселері мен өлеңдерін оқыту.

V. Өзіндік жұмыс.

Әр топ мүшелері өзінің аналарына сипаттама береді.

Менің анам қандай?



Инабатты

Таза да

тәкаппар


ақылды


көмекшім


VІ. Анаға тілек тренингі.

Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту және тілек ағашына іледі.






«Ана бәрінен де қымбат, жалпақ дүниеден де үлкен», - деп

Б. Бұлқышев айтқандай анасыз ешбір жетістіктерге жету мүмкін емес.



Сабақты қорытындылау.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою.

Кестені толтыру.

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді?


Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақ болып келіп отырған ұстаздар - аналар. Мектепте ұстаз, үйде - ана. Ол кісілерге қандай мерекелік тілектерің бар?
Тақпақ (2 оқушы)
Оқушылар шеңберге тұрады.
Мұғалімнің қорытындысы: Балалар сендерге аналарың қандай керек болса, аналарың үшін сендер де керексіңдер. Аналарың әрқашан сендермен бірге болсын. Аналарың - алтыннан да қымбат, баға жетпес қасиетті жан.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.

Үйге тапсырма: Мәтінді жаттау. Өлең құрастыру.

Бағалау. Топтарды мадақтау



9





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал