- Учителю
- 11.04.16-16.04.16 1-сынып сабақ жоспарлары
11.04.16-16.04.16 1-сынып сабақ жоспарлары
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: дүниетану
Күні: 11.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілі туралы түсінік беру,көктемгі өсімдік табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.
Көктем мезгілі туралы алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын арттыру,байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жыл мезгіліне байланысты суреттер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, постер, фломастер, стикер,оқулық
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, кітаппен жұмыс,суретпен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа бейімдеу.
ІІ.Оқушыларды топқа бөлу.
Гүлдер,қаршық суретін тарату арқылы топқа бөлемін.
І топ: «Қыс» , ІІ топ: «Көктем»
Әр топта 2-3 оқушыдан болу керек.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі
Топтар сұрақтарды өздері құрастырады, дайындап әкеледі.
«Қыс» тобына сұрақтар:
Адамдар қыста қандай жұмыстар жасайды? (бау-бақшада, егіс даласында)
Қар тоқтату жұмысы не үшін қажет? (су мол болу үшін, жер ылғалды болады, егін жақсы шығады)
Ағаштың жапырақтарында қыстап қалған бунақденелілерді қалай жоюға қатыс.
Мал қораларына не жеткізіледі?
«Көктем» тобына сұрақтар:
Көктемгі егіс жұмысына қалай дайындалады? (қыста қамданады,тыңайтқыш себіледі)
Ауыл шаруашылық машиналарын көктемгі егіске қалай дайындайды?(жөндеуден өткізеді, құрал-саймандарын дайындайды)
Өзің жеміс беретін ағаштар мен бұталардың түбіне қар үй.
Көктемгі мал төлдету жұмысына қалай әзірлік жасайды?
ІҮ.Жаңа сабақ: «Көктем»
Сабақтың мақсатын хабарлаймын. «Сурет еліне саяхат»
Сурет үлестіремін. Сурет бойынша жыл мезгіліне байланысты сөйлемдер құрайды. Топтан 1оқушы шығып қорғайды.
«Білім еліне саяхат»
Ү. Кітаппен жұмыс: Топта отырып өздері оқиды. Әр топтан бір оқушы шығып, келесі топқа барып әңгімелейді, ойларын дамытады, өз пікірлерін қосады.
Ойын: «Бұл қай мезгіл?» оқушылар жауап береді.
ҮІ. «Топтастыру» стратегиясы
Көктем
ҮІІ. «Математика» патшалығына саяхат:
1-топқа: Қыста неше ай бар? Оларды ата.
2-топқа: Көктемде неше ай бар? Оларды атап бер.
ҮІІІ.Жаңа абақты бекіту
«Білгің келе ме?»
Көктемде өсетін гүлдер: бәйшешек, қызғалдақ,сарғалдақ,қалампыр,бақ-бақ.
Сәуір айын қазақ халқы ертеде «Көкек» деп атаған. Балалар, көкек сөзін еске түсірейікші.Құс атауларын естеріңе түсіріңдерші!
ХІ. Сабақты қорытындылау
Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?
-Оқушылар бүгінгі сабақта білген, үйренген, білгісі келетін сұрақтары туралы ойларын жеткізеді.
ХІІ. Үйге тапсырма: «Көктем» тақырыбын оқу, бақылау сұрақтарға дайындалу, тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат іздеу.
ХІІІ. Бағалау: формативті бағалау, яғни оқушылар бір-біріне баға қояды(талдау жасайды), мұғалім өз бағасын қояды да, қорытынды баға журналға қойылады.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: бейнелеу өнері
Күні: 13.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақ тақырыбы: Көлемді жинақтау, пішін құрастыру
Сабақ мақсаты: Оқушыларға шармен жұмыс жасауды үйрету.
Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Керекті құралдар: әртүрлі шарлар,(сопақ, домалақ, ұзынша) т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.«Қиялдағы кейіпкерлер»
құрамағы.
Балалар, бүгін біз V. орталық бойынша жұмыс істейміз.
* Еңбек орталығы.
Сабаққа қажетті құралдарын тексеру, еңбекке тексеру, еңбекке
дайындау.
Сабақ ережесімен таныстыру: Тыныштық сақтау, бірін - бірі тыңдау,
ойын ашық айту.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар.
- өте жақсы
- жақсы
- нашар деп бағаланады.
* Пікір алысу орталығы.
Сұрақ - жауап; білетін оқушы қолын көтеріп, жауап береді.
1. Бүгінгі сабаққа керекті құрал - жабдықты ата?
2.. Еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесін түсіндір?
3. Өз ойыңнан қағаздан «Қиялдағы кейіпкер» құрамағын құрастыр?
* Мақал - мәтел орталығы.
Оқушылар еңбек туралы мақал - мәтелдерін айтады.
* Ғылым орталығы:
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Алдымен тақырыпқа байланысты жұмбақ шешу.
Доп - дөңгелек, сопақ, ұзынша,
Іші толған ауа
Аузы бар, мұрны жоқ.
Бұл не? (шар)
* Өнер орталығы
Бүгін біз шардан ойыншық жасаймыз. Шардан ұшқыш сайқымазақ, көз
тартатын гүл тізбектері, гүл шоқтарын білесіңдер. Олар қазір
көптеген мерекелік думандарда туған күн кештерінде кеңінен
қолданылады.
ІҮ. Сарамандық жұмыс
Шардан бет бейне құрастырайық..
1. Шарды үрлеп, диаметрі 40см болғанда аузын байлаймыз. Көзіне 2
дөңгелек шар (6 - 8см үрлейміз)
2. Мұрнына диаметрі 10 - 12см, ал ауызы үшін ұзындығы 10 - 12см шар
аламыз. Шар ауызбен немесе кішкене насоспен үрлейді.
3. Барлық кішкентай шарларды үлкен шарға желімдейміз. Әуе шарларына
арналған арнайы каучуи желімімен немесе жабысқақ таспа (скотч)
пайдалануға болады.
4. Шашын шар қиындаларын жасауға болады. Бет-пішінін дайын.
Әуеде ұшпайтын шар туралы мағлұмат беремін.
Шардың аузын байлаудың тәсілдерін үйретемін.
Ү. Сабақты қорытындылау
Балалар сабақ ұнады ма?
Сабақ мақсатына жеттік пе?
Сендерге қай тәсілді іске асыру қиын көрінді?
ҮІ. Үйге тапсырма: Өз ойынан безендіруіне арналған мерекелік әшекейлер
ҮІІ. Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: еңбекке баулу
Күні: 15.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Тақырыбы: Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу.
Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек жайлы, даму тарихы жайлы білім беру, жерлесіміз суретші Н. Н.Өтепбаев шығармашылығымен, ою-өрнегімен таныстыру. Сөздік қорын, дүниетанымын,оюды үйлестіре білу шеберлігін, түстерді шешу қабілеттілігін дамыту. Халық өнерін қастерлеуге, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, үнемшілдікке, әдемілікті сезіне білуге, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: үлгі шаблон
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу, практикалық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Сабаққа алдын-ала дайындық : киіз үй ішіне ұлттық бұйымдар көрмесі бұрышын жасау.
Сабаққа психологиялық дайындық.
Киіз үй ішінде, қазақтың қолөнері бұйымдарының ортасында отырып, ноутбуктен Қазақстанның әсем табиғаты жайлы фильмді «Көңіл толқыны» күйін тыңдай отырып тамашалау. Ақырын әуенмен қатар мұғалімнің өлең жолдарын нақышына келтіре оқуы:
Таудан аққан өзендер жатыр тасып,
Барады қырларың да гүл ап қашып,
Тоғайда қайың менен қарағайлар
Өсіпті бір-бірімен құшақтасып
Анадай мейірімді құшақ ашып,
Тұрғандай бар табиғат амандасып,
Киелі топырағың шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып,
Туған жер неге мұнша болдың ерек,
Алатын жүрегімде орның бөлек,
Самалды саяңда өскен туған жерім,
Келесің рухыңмен мені демеп.
ІІ. Жаңа сабақ
Осылайша ақын туған жерінің табиғатын тамсана, тебірене, шабыттана жырлаған екен, ал сендерге, балалар, жаңағы бейнебаяннан тамашалаған қазақ жері, оның сазды үндері қалай әсер етті, не сезіндіңдер?
(Оқушылардың алған әсері жайлы сөздерін тыңдау)
-Иә, балалар, мен де бір ғажайып күй кештім, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің сабағымыз не жайлы болмақ?
(Тақырыпты оқушылардың өздері табуы)
Дұрыс, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу», яғни ою-өрнекпен әрлеу, безендіру.
Балалар, атақты суретші Әбілхан Қастеевтен «ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?- деп сұрағанда,
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен»-деп, халқымыздың өнері де туған табиғаттың сұлулығымен астарлас екенін меңзей жауап беріпті. Жаңа, өздерің де оюлар жөнінде айтып кеттіңдер. «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» деп ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан айтыпты. Біз де бүгін ою-өрнек әлемінде отырғандаймыз. Жан-жақтарыңа қарасаңдар, әсем оюмен безендірілген бұйымдарды көріп отырсыңдар. Бұл бұйымдар - өздеріңдей оқушылар қолынан шыққан дүниелер. Бұл бұйымдар адамның қолынан, сезімінен туған өнер туындылары.Табиғат сұлулығымен сусындаған сезімнен туған бұл бұйымдар - баға жетпес қазына десек болады. Ал ендеше, балалар, сол баға жетпес туындыларды көзбен көріп, қолмен ұстап көрулеріңе болады. Ешбір мұражайда мұндай мүмкіншілік болмайды. Ал бізде бүгін бәрі де болады. Ұстап көре беріңдер.
ІІІ. Сарамандық бөлім.
Қайшымен, инемен,үтікпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.(Оқушылар өздері айтады, мұғалім толықтырады немесе құптайды)
Жақсы, барлығы да түсінікті болса, іске сәт деп тілейміз.
Тапсырмалар:
- қоржынды оюлап әрлеу.
- аяққапты әрлеу.
- тұмаршаны әрлеп өңдеу
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Мұғалім жұмыс барысына ризашылығын білдіріп, сабақты қорытындылайды. Наурыз мерекесімен тұстас болғандықтан мерекелік көңіл күй көтеретін ән қойылып, оқушылар өз ойларын, сабақтан не үйреніп, қандай әсер алғанын айтады.
Ү. Үйге тапсырма беру
Аяқталмаған жұмысты аяқтау
ҮІ. Бағалау
Көрме ұйымдастырып балалар өз жұмыстарын тақта алдына қойып, бір-бірлерінің пікірлерін біліп мадақтап бағалаймын.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: еңбекке баулу
Күні: 16.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ою - өрнек туралы түсініктері мен
шеберлік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту,
қолөнерге қызығушылығын арттыру. Шеберлікке, үнемділікке
тиянақтылыққа баулу, әдемілікті сезіне білуге, шебер адамдарын
құрметтеуге, олардың еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
құрал жабдықтарын тексеру
ІІ. Мақсат қою
Сайыс сабақ Топқа бөлу
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
2 топқа ақ қағаз тартылады.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? деген сұраққа әр топ
жауаптарын жазады.
(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ,
бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты,
шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).
- Түрлі - түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру.
Әр топ өздері жасаған ою - өрнектерін ақ қағазға жапсырады.
- Қиған оюларын матаға орналастырып тігу. (15 минут)
Әр топ өздері «қошқармүйіз» оюын матаға орналастырып тігеді.
(көктеу)
- Сұрақ - жауап. (10 минут) Әр топ сұраққа жауап береді.
І топ:
Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады? (қошқармүйіз)
Симметрия дегеніміз не? (бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін
симметрия дейді).
Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады? (алдыңғы өңір
жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б)
ІІ топ.
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды? (бір бүктеу, екі бүктеу, үш
бүктеу, т.б күрделеніп орындалады)
Ою - өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді? (қоржын, түскиіз,
текемет, жүкаяқ, кебеже т.б)
Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды? (көктеу
тігісі).
ІҮ. Жаңа сабақт бекіту
Ою - өрнек дегеніміз не? (қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі
біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді)
Қандай өрнектер қазақ ою - өрнек өнерінің негізі болып табылады?
(мүйіз бейнелі айшықтар)
Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?
(Сәукеле - қалыңдықтың бас киімі. Оны алтын, күміс, маржан
тастармен әшекейлейді)
Ү. Сабақты қорытындылау
Бұл бөлімде үйден дайындап келген оюларын қорғап тапсырады
ҮІ Үйге тапсырма беру
Тапсырма: Ою - өрнектің күрделісін тігу
ҮІІ. Бағалау
Әр топты бағалай отырып, қай топтың жеңіске жеткенін айтамын.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: музыка
Күні: 11.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Ақ мамам
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Ақ мамам »әнімен таныстыру. Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, әуенді, ән айту әдістері
Көрнекілігі: Оқулық, үнтаспа,суреттер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа даярлау мақсатында ноталарды еске түсіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Бесік жырының сөзін жаттау
Оқушылардын әннің сөзін жатқа сұрап шығамын.
Бесік жырын әуеннің сүйемелдеуімен айту
ІІІ. Жаңа сабық
«Ақ мамам» әні
Әнді үйрену бір сәтте болатын шаруа емес, сондықтан оқушылар тез үйреніп кетпеді деп қынжылмаңыз. Бір күннің ішінде әннің сөзін жаттап алыңдар деген талапты да оқушыларға қоюға болмайды.
Өз тәжірибемізде біз әнді екі жолдан немесе шумақтап есте сақтауға бағытталған жұмыстар жүргіземіз (бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты).
Жұмыс барысы:
Бір әнді үйренуге әр сабақта 5-10 минут шамасында жұмыс жүргізіп отырамыз
Оқушылармен бірге әнді тыңдау.
Таңдап алынған шумағын немесе екі жолының мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
Хормен, сонан соң жеке-жеке қайталату.
Әннің ырғағымен қайталату.
Әнді әр сабақтың басында немесе соңында қайталату.
Оқушылар әнді жақсы үйреніп алды деген кезде сынып сағатында, ата-аналардың қатысуымен өткізілетін мектеп іс-шараларында орындатуға болады.
Ақ мама әні
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам
Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.
Әрбір сөз әріптерден құралса ,әуен музыкалық дыбыстардан тұрады.
Музыкалық дыбыстар биік немесе төмен болып орналаса береді.
ІҮ. Сабақты қорытындылау: Сұрақтар қою,әнді қайталау
Ү. Үйге тапсырма: Әннің сөзін жаттау
ҮІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: өзін-өзі тану
Күні: 16.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Сабақтың мақсаты: Денсаулықты сақтау, нығайту қжеттігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықты нығайтуға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.
Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың, құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға,
Жамылған қарларға.
Жайқалған даланы,
Табиғат - Ананы
Көруге сағынып,
Келген біз балаңыз!
· Табиғатпен біргеміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?
· Аймен, Күнмен, жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?
· Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан, қандай әсер аласыңдар?
Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, шабытқа кенелтеді. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.
Қысқы шынығу
Қыс мезгілі еді. Таң ата жапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал кешке қарай алақұйын жел тұрды да, бірте-бірте күшейіп, жараған бурадай зіркілдеп, буырқана тапырақтады. Жұп-жұмсақ ұлпа қарды ұйытқыта үйіріп, астан-кестен қып сапырылыстырды. Кенет қардың астынан:
- Абайласаңшы, таптайсың ғой!... деген жалынышты нәзік дыбыс естілді. Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайып жіберіп, қонған құсша жерге шөге қалды. Қибыжықтап қасаттанған қарға қарады.
- Оу, неге сонша қиналдың, Ақ ерке?
- Білмейсің бе, менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Соның ұйқысын бұзып алмашы!...
Қырдың бетін тозаңдатқан ұлпа қарының үнінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. Желдің тарпаңдығын еріксіз тындырды.
- Ә, солай ма?... Ендеше қойдым, абыржыма!
Желпінген Жел желігін басып, жерге бауырын төседі де, сұлай кетті. Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді.
· Қар мен жел гүлге қандай қамқорлық көрсетті?
· Қар мен желге қандай тілек айтар едіңдер?
Суретке қарап, табиғат сұлулығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
</ Адам мен табиғаттың тілдескені -
өмірдің үндескені.
Халық даналығы
Суреттегі табиғат құбылыстарымен тілдесіп көріңдер.
Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!
Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз!
Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз,Тазамыз!
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: логика әлемі
Күні: 11.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Не аңғардың?
Сабақтың мақсаты: Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтат. Қиялдау,елестетуді дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Логика әлемі» оқулығы мен тапсырмаларға арналған дәптері
Сабақтың әдісі: әңгмелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі:
Ми гимнастикасы.
Ширату.
Оқымысты; ғұлама - ( ғалым).
Адамды тамақтандырады бірақ өзі ештеме жемейді.
Ол - не ? - ( қасық).
Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн? - ( сәрсенбі ).
Тіл алғыш бала. - ( елгезек ).
Екі ұл бала есікалдында кездесіп қалды. Егер біреуі 2 жаста, екіншісі 7 жаста болса, кім жол береді?- ( 7 жастағы. Екі жастағы бала енді ғана жүріп жүр).
Тапсырма- 1. Ыдыстың сынығын тап.Оны ыдыспен бірдей етіп боя.
Жауабы:бірінші
Тапсырма - 2. Әр қатардағы заңдылықты анықтап,ары қарай жалғастыр
Көңілді үзіліс.
Балалар өздерін толқында жайқалып тұрған жапырақ сияқты сезінеді. Көздерін жұмып толқында шайқалып тұрғандай қозғалыс жасайды.
Тапсырма - 3Еңбекке баулу сабағында бұйымдар жасау үшін әр түсті 2-бет қағаз қажет. Қағаздарды цифрмен белгіле.
Тапсырма - 4. Әріптермен цифрларды пайдаланып, сөздерді жасыр.
А у к т н р ы л д
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Жауабы: дуал - 9218 тау - 412
Анар - 1516 қуат - 3214
Дана - 9151 дауыл - 91278
Тапсырма - 5 Заңдылықты сақтап, суретті аяқта. Оларды бес ( сары, қызыл, көк, қоңыр, жасыл ) түске боя.
Жауабы: тізбектегі дөңгелектердің көлемі мен түсінің заңдылығы сақталады.
Cабақты қорытындылау. Жаттығу жасау арқылы сабақты аяқтау
Көзге арналған жаттығулар.
Жақтың жоғарғы жағынан самайға қарай уқалау. Самайдан жақтың жоғарғы жағына қарай уқалау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: логика әлемі
Күні: 16.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Не аңғардың?
Сабақтың мақсаты: Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату. Қиялдау,елестетуді дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Логика әлемі» оқулығы мен тапсырмаларға арналған дәптері
Сабақтың әдісі: әңгмелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Ширату
Ми гимнастикасы
"Басты шайқау "Ойлау қабілетін жақсартады.Терең дем ал,иығыңды бос ұста, басыңды алға таста.Денедегі ауырлық түскенше басыңды ақырын әрі- бері айналдыр.Иегіңді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел.Осылай 30 секунд жаттығу жаса.
" Жалқау сегіздіктер "
Ауада сегіз санын сал,әр қолыңмен 3 рет қайтала.
Жаңа сабақ
Ширату
Бір бағытқа қарап тұрған ағайын -(көз)
Балдан тәтті-(бала)
Қалпағы бар,басы жоқ-(саңырауқұлақ)
Күндіз бар,түнде жоқ-(күн)
Бір шатырдың астында төрт батыр-(үстел)
Тапсырма№1
Үстел үстінде бір қатарға 6 саптыаяқ қойылған.Олар мынадай ретпен орналастырылған: қара,ақ,қара,ақ,қара,ақ.
Саптыаяқтарды баодлық ақтары сол жақта, қаралары солардан кейін болатындай етіп орналастыру қажет. Бос орынға тек қатар тұрған екі саптыаяқты орналастыруға рұқсат етілген.Бірақ олардың орналасқан тәртібін өзгертуге болмайды: Саптыаяқтарды жылжытуға немесе жақындатуға рұқсат жоқ.
Тапсырма№2
Мынадай болуы мүмкін бе, түсіндір: 2 ана,3 қызы,2-еуі апалы-сіңлі,ал барлығы 4 әйел адам.
Жауабы: анасы, қызы, қызының 2қызы, барлығы 4 әйел адам.
Тапсырма № 3
Жауабы:Раушанның қолында раушангүл бар. Қоянбаев Әсет орманда қоянды көреді.Ертеде Талдықорғанда талды қорған болған.
Тапсырма № 4
Ойды дұрыстап жаз .
Табиғатта табиғи құбылыстар болады.
Тұман-табиғи құбылыс.
Яғни,
Жауабы: жаңбырдан соң жер жылынғанда тұман болады.
Жан-жануарлар көктемде төлдейді.
Аю -жануар
Яғни,
Жауабы: аю көктемде төлдейді.
Тапсырма № 5
Қуыршақтардыбоя.Майра мен Сараның бантиктері бірдей,Айман мен Бақыттың көйлектері бірдей,ал Сара мен Бақыттың аяқ киімдерінің түсі бірдей болсын.Қуыршақтардың аттарын жаз.
Жауабы:Майра,Сара,Айман,Бақыт.
Қызықты үзіліс . Қимыл -қозғалыс жаттығуын ойын түрінде өткізуге болады.
Қол мен саусақтарға арналған жаттығулар
Тапсырма № 6
Нұрлыбек пен Айдана жолды қай кезде кесіп өтуге болатындығын,қай кезде болмайтындығын түсіндір.
Тапсырма № 7
Жауабы: Гүл -жердің көркі .
Гүл - нәзіктік белгісі .
Гүл - көңіл ашып ,қуаныш сыйлайды .
Гүл - денсаулық кепілі .
Гүл - үйдің көркі .
Қорытынды:
Гүл дегеніміз не?
Жолда адам қандай жолмен жүру немесе өту қажет?
Тапсырмалар түсінікті болды ма?
Қиын тапсырмалар кездескен жоқпа?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: қызықты грамматика
Күні: 12.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ әріптер
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мағынасына қарай талдай білуге, мәтін түрлерін ажырата білуге үйрету. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтағы көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің қандай түрлері болады?
Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?
Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі
Суретпен жұмыс ауызша мәтін құрастыру. Мәтінег ат қою
Олай болса бүгінгі сабағымызда осы суретке байланысты жұмыс жасаймыз.
V. Жаңа тақырып
Қ Қ әрпін көркем жазу
Тақырыпқа байланысты бейнеролик көру
Мәтінмен жұмыс
Көмек
Салтанат пен Әлия аталарына қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін аспанда бұлт қоюлана түсті. Жаңбыр құйып кетті. Олар жиюлы қиярды бір жерге тасыды. Үстін жапты.
Ауызша талдау
VI. Жаңа материалды пысықтау
Өз бетімен жұмыс
Көргені, естігені бойынша мәтін құрастырып, жазу
Мәтіндегі сөйледегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу
VII. Сабақты қорытындылау.
Балалар бүгін біз нені үйрендік? Сабақ түсінікті болды ма?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 11.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сөйлемнің тақырыбы: Сөйлем. Жырау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жырау, жыршы туралы түсінік беру,
ұғымдарды ажырату, қиын сөздердің мағынасын ажырату. Сөйлем туралы
түсінігін кеңейту, сұрақар қоя білуге үйрету. Оқушылардың оқу
әрекетімяен шұғылдану арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың сөздердің қлдану ерекшеліктерін байқау арқылы сөз
құдіретін түіне білуге тәрбиелеу
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру
Көрнекілік: суреттер, электронды оқулық, суреттер мен слайдтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды сабаққа дайындау
- Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткенді пысықтау
Сұрақ - жауап бойынша өтілген материалдарды қайтала
III. Шығармашылық тапсырма
Тақтада ілінген заттардың ішінен өзіңе қажеттісін ғана теріп
жаз
1-қатар: Кім? Не?
2-қатар: Не істеді? Не қылды?
IV. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау. Әріптер, сөздер, сөйлемдер жазылған.
к, п, а, і, т; оқушы, оқыды, кітап
Проблемалық сұрақтар қою.
- Балалар бірінші қатарда нелер жазылған?
- Әріп деген не?
- Жоғарыдағы әріптерден қандай сөз құрауға болады?
- Ал екінші қатарда ше?
- Сөз дегеніміз не?
1-тапсырма. Ендеше екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып
көрейік. Сөйлемнің ережесін қайталау
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді, бас әріптен бастап жазылады,
сөздер бірінен бөлек жазылады, айтылу мақсатына қарай тыныс белгісі
қойылады.
2 - тапсырма. Сигналдық карточкаменжұмыс
Шарты: Сөздер оқылғанда көк, сөйлемер оқылғанда қызыл, буындар
оқылғанда сары карточканы көрсету.
V. Оқулықпен жұмыс
148 - жаттығу. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар. Әр
сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір -
бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар.
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер
тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.
149 - жаттығу. Ізденішілік деңгейдегі тапсырма. Орны ауыстырылып
берген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Әр сөйлемнің бірінші сөзін
бас әріптен бастап жазыңдар.
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма. Оқылатын сөздердің ішінен Кім? деген
сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Актер, әнші, биші, жыршы, күйші, қобызшы, ақын.
- Бұл сөздерді бір сөзбен қалай атайды?
- Өнер адамдары
Сөздік жұмыс жүргізу.
Актер - театр, кино саласында қызмет ететін адам.
Әнші - ән айтатын адам
Биші - бидің қыр - сырын танитын, жақсы билейтін адам
Күйші - домбырада күй тартатын адам
Ақын - өз жанынан өлеңі шығаратын адам
Қобызшы - қобызбен күй шертетін адам
Қазір біз жыршы, жырау сөздерінің талдап түсініп көрейік. Сонымен
жыршы сөзінің түбірі жыр, ендеше жыршы дегеніміз кім?
Жыр дегеніміз - поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Қазақ ауыз
әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро - эпостық жырлар,
жоқтаулар, термелер болып келеді.
Жыршы дегеніміз - жыр айтушы, таратушы жыршылар домбыраның не
қобыздың сүйемелдеуімен, мақалмен, әнмен айтады,олар көптеген
эпостық жырларды жатқа біледі.
VI. Қорытындылау
- Жырау өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасына мән беру
- Сөздік жұмысын жүргізу
- Шешендік сөздерге назар аударту
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас (Бұқар жырау)
Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған. Бұқар - қазақтың аса
көрнекті жырауы, мемлекет қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген
тарихи оқиғалардың куәгері. Өз туындыларында өзекті мәселелерді
көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа
үндейді.
VII Үйге тапсырма «Жырау» өлеңін жаттау
VIII. Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 12.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылуы. Балаларға
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіріп, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылатынын сөйлемнің соңына, тыныс белгілері қойылатынын түсіндіру. Жаттығулар орындау арқылы сөйлем туралы білімдерін тереңдету.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың сөзбайлықтарын молайту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.Логикалық ойлауын арттыру. Ұқыптылыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау.
Көрнекілігі: Оқулық, кестелер, электронды оқулық, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
1)Психологиялық кңіл-күйлерін реттеу.
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң Қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін.
Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ Қызғалдақ. 2-топ Бәйшешек.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Жаттығуды оқыту. 2. «Шар лақтыру» ойыны арқылы сұрақ қою. 1.Қазақ тілінде қанша әріп бар? 2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 3.Жуан дауысты дыбыстарды ата? 4.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? 5.Сөйлем нелерден құралады? 6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай жазылады? «Жырау» өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
1.Қызығушылықты ояту.
Көктем келді Көктемде не жауады Көктем мезгілі қандай керемет
1.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылған? 2.Соңына қандай тыныс белгілерін қоюға болады.
Сөйлем
Сөйлем туралы не айтуға болады.
Мағынаны ашу.
150-жаттығу.
Әр сөйлемді оқып, жатқа жазу. Әрқашан болсын анам, Болайын мен де аман.
Топпен жұмыс.
1-топ. Сурет бойынша сөйлем құрау. 2-топ. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құру. 3-топ. Қарлығаш сөзінен бірнеше сөз жасау. 4-топ. Қарсы мағыналы сөздерді табу.
Ой шақыру.
Жамбыл Жабаев туралы не білеміз?
Жамбыл Халық ақыны. Жүз жасаған. Сүйінбай ақыннан бата алған. обылысында туған.
1.Өлеңді оқыту. 2.Мазмұнын сұрау. Топпен жұмыс.
Әр топ 5 жолдық өлең құрастыру. 1.Кім? Жамбыл ата 2.Қандай? Жас баладай 3.Не істейді? Қуанды
Жамбыл ата жас баладай қуанды.
Ойын: «Адасқан сөйлемдер»
Қыс мезгілі Қыс Қыста не қандай кермет түсті жауады.
Адасқан сөйлемдерді орнына қою.
ІҮ. Сабақты қорытындылау
-Срнымен балалар біз сабақта қандай тапсырмалар орындық?
-Не үйрендік? Не білдік?
-Сөйлем туралы не білдік?
-Қандай өлең өттік? -Өлеңді кім жазған?
Ү. Үйге тапсырма.
Ж.Жабаев мәлімет жинау, 164-165-бет жаттау
ҮІ. Бағалау
Әр топтың ұпайларын есептеп мадақтап бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 12.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер. Жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты: Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру;Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды сауатты жазуға,өнерді түсінуге,өз елін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі:ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Көрнекілігі: портреттер, мақал-мәтелдер, үнтаспа, топшамалар,
электронды оқулық
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін тұрақтандыру.
-Балалар мен бүгін өте көңілдімін.Сендер ше?
-Балалар бүгін бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып,гүл
сыйлайықшы.
-Ақылды бол!
-Инабатты бол!
-Бақытты бол!
-Білімді бол!
-Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
1.Ж.Жабаев "Балаларға"
Өлеңді мәнерлеп оқу.Жамбыл ата туралы білетіндерін әңгімелету.
-Жамбыл ата кім болған?
-Өлеңде балаларға арнап қандай өлеңдер айтқан?
Ана тілі бойынша білімдерін тексеру.
-Сөйлем неден құралады
-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
-Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Авторға тоқталу.Өлеңді мәнерлеп оқу.
К.Байсейітова -қазақтың бұлбұл әншісі.24 жасында Совет Одағының
халық артисі деген атақ алған.Өмірден жастай кеткен.Киноға
түскен,театрда ойнаған.
Үнтаспадан "Гәкку" әнін тыңдату.
Қазақтың әнші ,бишілерімен таныстыру.
Сергіту сәті.
Мақал -мәтелдерді оқып,мағынасын түсіндіру.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Дәптермен жұмыс.
155-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойып,көшіру.
-Көйлекті неден тігеді?
-Нені сүттен ұйытады?
-Алманың дәмі қандай?
-Ненің түсі қызыл?
Ойын "Ойлан тап"
Сөздерден сөйлем құрап жазу.
Ауызша.156-жаттығу.Жаңылтпашты мәнерлеп оқып,тиісті тыныс белгісін
қою.
ІV.Қорытындылау.
"Өнер" сөзіне топтастыру жасау.
V.Үйге тапсырма.
"Ән сабағы " жаттап келу.Бір өнер адамы туралы қысқаша әңгіме
жазу.
VІ.Бағалау.
Оқушыларды мадақтап бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 13.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №2 «Көмек»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша
тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі
кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте
сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа
дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жазбаша бақылау
Сабақтың әдісі: қорыту
Сабақтың көрнекілігі: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық
жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою:
мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу
керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы;
Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы;
Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін
анықтау;
содан кейін мәтінді қайталап оқу.
Жоспар құру.
Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін
тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.
Көмек
Атпен көрші ауылға бара жатқанмын. Кенет атым үрікті, ат үріккен
жаққа қарадым. Бір үйрек тұзаққа түсіп қалыпты. Үйректі босатып
жібердім. Босаған үйрек ұясынан ұзамай суда жүзіп жүрді.
Жоспар:
1. Атпен серуен
2. Тұзақтағы үйрек
3. Үйректің азаттығ
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта не істедік?
Не жайлы жаздық?
Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?
Ү. Үйге тапсырма:
Өткен тақырыптарды қайталау, ереже жаттау.
ҮІ. Бағалау
Оқушылармен бірге сабақтың барысынан бастап талдап шығып өзіндік бағалаумен мадақтап бағалаймын
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 14.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сурет сабағы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда сөйлем туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, оқу-жазу дағдыларын жетілдіру. Олардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Көрнекілік: сюжетті суреттер, ребус, электронды оқулық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ.Өткенге шолу
Сөз таптары
-
Зат есім
-
Етістік
-
Сын есім
-
Сан есім
-Сөйлем неден құралады?
-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-Сөйлемдегі бірінші әріп қалай жазылады?
-Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
ІІІ.Үй тапсырмасын зерттеу:
166-бет «Ән сабағы» жаттау
ІҮ. Жаңа сабақ
155-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріңдер. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылған?
Көйлекті ... тігеді? Көйлекті матадан тігеді?
... нені сүттен ұйытады? Айранды сүттен ұйытады?
Алманың дәмі ... ? алманың дәмі тәтті?
...түсі қызыл? Шиенің түсі қызыл.
Құстың қанаты ...? құстың қанаты екеу.
156-жаттығу. Жаңылтпашты жатта. Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылған?
Жаңылтпаш
Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,
Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста!
«Сурет сабағында» өлеңді мәнерлеп оқимыз.
-Сұрақтарға жауап беру.
-
Суретші болу үшін не қажет?
-
Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?
-
Суретшілерден кімдерді білесіңдер?
Атақты суретшілердің бірі - Әбілхан Қастеев.
Әбілхан Қастеев- атақты суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы. 1904 - 1973. Туған жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Николай Гаврилович Хлудовтың студиясында оқыды, кейін Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем судиясында жалғастырды. Темір жолда жұмыс істеді, анасы өте шебер адам болған, алаша, кілем тоқыған. Әбілхан жас кезінен суретке құмар болған. Анасына ою өрнек салуға көмектескен. Оның көптеген суреттері бар.
Ү. Қорытынды
-
Суретші болу үшін не қажет?
-
Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?
-
Суретшілерден кімдерді білесіңдер?
ҮІ. Үйге тапсырма беру
168-169 бет жаттау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 14.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Геолог.
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қаныш Сатпаев туралы Геолог сөзіне түсінік беру.Өлеңді оқи отырып білімдерін қалыптастыру. Оқу дағдысын дамтыа отырып, қазба байлықтар туралы білімдерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қаныш Сәтпаев сурет, электронды оқулық
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
168-169 бет Сурет сабағ жаттау
Балалардың барлығынан жаттауды сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі:
-балалар, геолог сөзін бұрын естіп көрдіңдер ма?
Ол қандай мамандық иесі?
V. Жаңа сабақ:
-Геолог өлеңін мәнерлеп оқып беремінГеолог-Қаныш Сатпаевтың «Геолог» өлеңін оқимыз.Мазмұнын түсіндіру.
VI.Жаңа материалды пысықтау:
-Елімізде қандай қазба байлықтар бар?
Қазба байлықтар не үшін қажет?
Геолог қандай мамандық иесі?
Қаныш Сатпаевты неліктен геолог-ғалым дейміз?
Сергіту сәті
VII.Бекіту кезеңі:
157-жаттығу Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңдерДала қандай тамаша.Гүлдер неткен әсем.
Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе?
Не үйрендік ?
Не білдік сұрақтарға жауап .
VIII. Үйге тапсырма, бағалау :
Геолог өлеңін мәнерлеп оқу, Қаныш Сәтбаев мәлімет жинау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 15.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа ұшу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға үйрету, ғарыш
жайында білімдерін кеңейту,жаңа мағлұматтар беру. Оқушылардың
сөздік қорын молайтып,ойлауға,тіл байлығын арттыруға,шығармашылық
қабілеттерін дамыту Арышқа өте білімді,денсаулығы мықты спортпен
үзбей шұғылданатын адамдар ұшатынын ұқтыра отырып,еңбек
сүйгіштікке,патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі:Т.Әубәкіровтың,Т.Мұсабаевтың,ғарыш кемесінің
суреті,слайд, электронды оқулық
Әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге
Құрметпенен біз.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексері
Оқушылардың Қаныш Сәтбаев туралы жинаған мәліметтерін айтұызып оқыту. Геолог өлеңін мәнерлеп оқун тексеру.
ІІІ. Өткенге шолу
Ой қозғау.Жалпы өтілген,материалды еске түсіру
«Мен не білемін?»
-Ы.Алтынсарин кім? (алғашқы ұстаз)
-Ш.Уәлиханов кім? (саяхатшы,зерттеуші ғалым)
-А.Байтұрсынов кім? «әліппенің атасы)
-А.Құнанбаев кім? «ұлы ақын)
-Әл-Фараби кім? «ұлы ғалым)
-Үш биді атаң? «Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)
-Абылай кім? (қазақтың басын қосқан хан)
Мен айтқан сөзге сұрақ қой:
Ұшақ (не?),ұшты (не істеді?)
Осы сөздерді пайдаланып,сөйлем құрастырыңыз.
ІҮ. Жаңа сабақ:
«Ғарышқа ұшу»
Мағынаны ашу.
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді,
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (ғарышкер)
Балалар,біз бүгін ғарыш,қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар
Әубәкіровпен танысамыз.12-сәуір ғарышкерлер күні.
Т.Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы
ауданында дүниеге келді.Қазақтың тұңғыш ғарышкері.Қазақтан шыққан
тұңыш сынақшы ұшқыш.Қазақыстан Республикасының Халық қаһарманы.
1991 жылы 2-қазанда Т.Әубәкіров (Союз ТМ-13) кемесімен 8 тәулікке
ғарышқа ұшты. 1994 жылы 1-шілдеде қазақтың екінші ғарышкері
Т.Мұсабаев ғарышқа сапар шекті.
Мәтін «Ғарышқа ұшу»
-Мәтінді оқып беріп,түсіндіру
-Сөздік жұмыс.(1961 жылы,т.б)
-Тізбектей оқыту.
Ғарыш кемелері біздің қазақ жері Байқоңырдан (Қызылордадан)
ұшырылады.Осы Байқоңырға арналған Е.Ерботиннің «Байқоңыр» өлеңін
оқып шығайық.
Сергіту сәті:
Бала,бала балақан
Қане,қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай,былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса алтын күн
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық.
Дәптерімізді ашайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Бір жолға бас әріпті және кіші әріпті жаздыру.К,к әріпін жаздыру.
158-жаттығу.Өлеңді көшіріп жазу.
Байқоңыр
Ғарышкерлер мекені-
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
Ойын «Ұшты,ұшты»
Ұшты,ұшты,арба ұшты,
Ұшты,ұшты қарға ұшты.
Ұшты,ұшты кітап ұшты,
Ұшты,ұшты ұшақ ұшты.
Батырлық туралы мақал-мәтелдер.
1.Ердің екі сөйлегені өлгені.
2.Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі
3.Жаңбыр жауса-жер ырысы,
Батыр туса-ел ырысы.
4.Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
5.Ердің атын еңбек шығарады.
Ғарыш кемесіндегі сұрақтарға жауап беру.
1.12-сәуір қандай күн?
2.Жердің пішіні қандай?
3.Жұмбақ
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды. (күн)
159-жаттығу. «Кім болам?» тақырыбына әңгіме жазу.
8.Сабақты бекіту. «Мен не үйрендім?»
1.Тұғыш қазақ ғарышкері кім?
2.Ғарыш кемесі қай қаладан ұшырылады?
Ү. Сабақты қорытындылау
Орындалған тапсырмалардың нәтижесіне қарай бағалап шығу.Бүгінгі
сабақты қорытындылай келе, «Білгенін
сұрап,үйренген-ғалым,білмегенін арланып,сұрамаған өзіне-залым» деп
әр нәрсені біліп,танып жүруге ұмтылайық дегім келеді.
ҮІ. Үйге тапсырма беру
Тоқтар Әубакіров туралы мәлімет жинаау, 172-бет мәтінді оқып мазмұндау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: сауат ашу
Күні: 16.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Әңгіме жазып үйрену
Сабақтың мақсат: Оқушыларға әңгіме туралы қысқаша мәлімет беру. Оқушыларғаи сурет немесе бір тақырып аясында әңгіме жазуға дағдыландыру. Оқушылардың осы тапсырмалар арқылы танымддық қабілетін, ой ұшқырлығын дамыту, ойлау аймағын кеңейту. Оқуыларды жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, қызығушылыққа, тәртіптілікке, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау
Сабақтың көрнекілігі: сөздер жазылған парақтар, суреттер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушылардың Тоқтар Әубәкіров туралы жинағана қызықты мәліметтерін талдап, «Ғарышқа ұшу» әңгімесін мазмұндауларын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар біз бүгін мына берілген суреттер тақырыпшалар арқылы әңгімелер құрап үйренеміз.
1-тапсырма
Балалар мына суретке зер салайық. Қазір сіздер осы сурет арқылы ойларыңды жинап, жинақы қылып әңгіме құрайсыңдар.
2-тапсырма
Балалар енді келесі тапсырмамыз мына тақрыпшалар туралы әңгімелейтін боламыз.
3-тапсырма
Бұл тапсырмада сендер екі адамның арасындағы әңгімені жазасыңдар
Сергіту сәті
Бала,бала балақан
Қане,қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай,былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса алтын күн
4-тапсырма
Әр балаға жеке тапсырма. Балалар сендерге қазір сөз таптарын бөліп берем және сіздерге ортақ тақырып айтам, сол тақырып арқылы әңгіме құрап жазамыз. Әңгімелеріміздің ішінде сөз таптары кездесу керек.
Айбатбек - зат есім
Нұрбек - етістік
Данабек - сын есім
Қазыбек- сан есім
Шахноза - зат есім
ІҮ. Сабақты қорытындылау
-
зат есім?
-
Сын есім?
-
Сан есім?
-
Етістік?
Ү. Үйге тапсырма беру
Ережелерді жаттау
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың кемшілік жетістіктерін ескере отырып мадақтап бағалау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: математика
Күні: 11.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +5, 1 онд. 5 бірл. - 5
Сабақтың мақсаты: Ондыққа 5 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 5 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабаұтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жауап, талдау, өз бетінше жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, дәптер, кесте, дидактикалық материалдар, карточкалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II. Өткенге шолу
Балаларға ауызша есептер айтамын. Сол есептерді тездетіп шапшаң орындатуға дағдыландырам.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-ден 15-ке дейінгі сандарды санату
1 онд. 5 бірл. *15
а) Мына сандарды ата, жаз.
13 24 56
71 46 85
92 30 45
5онд. 4бірл 1онд. 5бірл.
4онд. 5онд. 2бірл.
7онд. 6бірл. 5онд. 5бірл.
2онд. 2бірл. 5онд. 1бірл.
Теңдеуді шеш
А+5*10 7+х*14
18-х*10 с-5*10
Мына сандардың бір таңбасын бір долға, екі таңбасын екінші жолға теріп жаз.
30, 48, 29, 1, 12, 9, 7, 36, 4, 91
6, 73, 81, 5, 14, 17, 8, 62, 75, 0
45, 32, 92, 7, 60, 6, 74, 80, 3
Есепте
2+5-3 4+4-5 7+3-6
6+5-4 6+3-4 5+5-5
10+30-20 30-30+80 40-20+30
60-40-20 70+20-90 70-30-40
Сөз есеп
Әжей 15 құлаш арқан есті. Бұзау арқандауға 8 құлаш кетті. Неше құлаш арқан артылып қалды?
Тықыр кілем тоқуға 21 келеп қызыл жіп, одан 5-еуі артық басқа түрлі түсті жіп жұмсалды. Барлығы қанша жіп жұмсалды?
Сырмақты бастыруға 31м қызыл жіп, одан 4м артық көк жіп жұмсалды. Ақ жіп көк жіптен 3м артық жұмсалды. Неше ақ жіп жұмсалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?
Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?
Сабақ түсінікті болды ма?
Ү. Үйге тапсырма беру
Күрделі есептер шығару
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: математика
Күні: 12.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +5, 1 онд. 5 бірл. - 5
Сабақтың мақсаты: Ондыққа 5 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 5 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабаұтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жауап, талдау, өз бетінше жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, дәптер, кесте, дидактикалық материалдар, карточкалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың үйден жасап шығарып келген күрделі өрнектерін тақтаға жазғызып шығартып тексертіп талдатқызам.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-ден 15-ке дейінгі сандарды санату
1 онд. 5 бірл. *15
1онд. 4бірл.*14 1онд. 1бірл.*11
7онд. 1бірл.*71 1онд. 8бірл.*18
Теңдеуді шеш
а+5*10 15-а*10 14-а*10 13-а*13
Сөз есеп
Айнұр дүкеннен 14 алма сатып алды, ал оған әкесі 1 алма берді. Қанша алма болды?
Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу
Балалар біз қазір сендермен бірге теңдеудің тағы бір бетін ашамыз. Сендер теңдеуді шешеуді білеіңдер. Енді біз бүгін күрделі теңдеулермен танысамыз.
Тақтаға назар аударамыз.
а+5*7+6
а+5*13
а*13-5
а*8
8+5*7+6
13*13
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?
Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?
Сабақ түсінікті болды ма?
Ү. Үйге тапсырма беру
а+8*13+2 15-а*6+6
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: математика
Күні: 13.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +6, 1 онд. 6 бірл. - 6
Сабақтың мақсаты: Ондыққа 6 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жаупа, талдау, өз бетінше жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, желпуші, сандар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
а+8*13+2 15-а*6+6
а+8*15 15-а*12
а-15-8 а*15-12
а*7 а*3
7+8*13+2 15-3*6+6
15*15 12*12
ІІІ. Жаңа сабақ
1-ден 16ке дейінгі сандарды санату
1 онд. 6бірл. *16
Кестені толтыр
Теңдеуді шеш
10+а*16 16-а*10 6+а*10 16-а*6
а*16-10 а*16-10 а*10-6 а*16-6
а*6 а*6 а*4 а*10
10+6*16 16-6*10 6+4*10 16-10*16
Мына сандарды жіктеп екі бағанға бөліп жаз
10 15 16 26 33 9 5 13 8 62 0 55 3 1 9 5 8 0 3
Сөз есеп
Айсанада 10 теңге болды. 4 теңгеге дәптер және 5 теңгеге қалам сатып алды. Неше теңге қалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?
Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?
Сабақ түсінікті болды ма?
Ү. Үйге тапсырма беру
Мына сандарды жіктеп жазып келу
10, 15, 16, 26, 33, 13, 62, 55
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: математика
Күні: 14.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +6, 1 онд. 6 бірл. - 6
Сабақтың мақсаты: Ондыққа 6 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жаупа, талдау, өз бетінше жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, желпуші, сандар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сандарды жіктеу
10, 15, 16, 26, 33, 13, 62, 55
1онд.
1онд. 5бірл.
1онд. 6бірл.
2онд. 6бірл.
3онд. 3бірл.
1онд. 3бірл.
6онд. 2бірл.
5онд. 5бірл.
ІІІ. Жаңа сабақ
6+10 16-10 16+0
10+6 16-6 16-0
Мына сандарды атап жіктеп жаз
16 26 11 25 12 21 13 27 14 28
Теңдеуді шеш
16+а*20 16+а*17 15+а*16 14+а*16
А*4 а*1 а*1 а*2
16+4*20 16+1*17 15+1*16 14+2*16
Ондықтарды жатқа айт
10 20 30 40 50
60 70 80 90 100
Сөз есеп
Айданаға әпкесі 15 тиын берді. Айдана 7 тиынға кітап сатып алды. 2 тиынға қалам алды. Айданада қанша теңге қалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?
Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?
Сабақ түсінікті болды ма?
Ү. Үйге тапсырма беру
6, 1, 10, 16 сандарына айырма есептер шешу
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: математика
Күні: 15.04.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +7, 1 онд. 7 бірл. - 7
Сабақтың мақсаты: Ондыққа 6 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жаупа, талдау, өз бетінше жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, желпуші, сандар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
16-10 16-0 10-0 1-0 6-6
16-6 10-6 6-1 16-16 1-1
16-1 10-1 6-0 10-10
ІІІ. Жаңа сабақ
Мына сандарды айтып жіктеп жаз.
16 17 18 26 27 28
Теңдеуді шеш
17-а*16 16+а*17 15+а*17 17-а*10
Ондықтарды жатқа айт
10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
Мына сандардан салыстырулар құрастыр
17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10
Сөз есеп
Әлияның 17 дәптері бар. Әлия 7 дәптерін Айданаға , 4 дәптерін Қанатқа берді Әлияда қанша дәптер қалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?
Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?
Сабақ түсінікті болды ма?
Ү. Үйге тапсырма беру
0, 1, 6, 16, 10, 17, 18 сандарынан қосынды мен айырмалар құрастыр.
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.