- Учителю
- Открытый урок 'Сөз таптары'
Открытый урок 'Сөз таптары'
Тақырыбы Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту.
Дамытушылық: Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ, қайталау, бекіту.
Әдісі: сұрақ-жауап, өзін-өзі тексеру, ой қозғау, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану.
Өтетін орны: лингафон кабинеті.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
-
Бүгін бізде ерекше
Сабақ болып жатыр ғой,
Тәртіп, оқу деңгейін
Ұстаздар көріп отыр ғой.
Ал тәртіпті болайық,
Жақсы оқып әр күнде
Білім керек әркімге.
-
Бүгін бізге қонақтар, яғни,мұғалімдер келіп отыр. Ол кісілер сендердің қандай ақылды, білімді, тәртіпті екендеріңді біледі. Сондықтан өзімізді жақсы жақтарымыздан көрсете білейік.
-
Ең алдымен мына суреттер арқылы бүгін сабаққа қандай көңіл-күймен келдік екен, біліп алайық.
Үй тапсырмасын пысықтау.
-
474-жаттығуды талдау. Көйлек, мысық, мектеп, күшік сөздерін көпше түрде тәуелденуін 4 оқушыға оқыту. - Тәуелдік жалғауы жалғанғанда оның қай дыбысы өзгерген?
ІІ. Қызығушылығын ояту. «Ой қозғау».
-
Балалар, біздің мектепке келгендегі мақсатымыз қандай?
- Дұрыс, мақсатымыз - білім алу, міндетіміз - еңбектену.
- Ендеше, елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауында «Қазақстанды дамыған, өркениетті елдермен теңестіріп, бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін - біздің келешек ұрпақ, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ болу керек»,- деген. - Осыдан не түсіндіңдер? - Дұрыс, Қазақстанның болашағы сендер болғандықтан, білімді болуларың керек. Яғни, біздің күнделікті сабақтарымыздың ұраны қандай еді? - Дұрыс, «Білімді ұрпақ - ұлт болашағы».
ІІІ. Мағынаны ашу.
-
Тақтаға назар аударайық. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. (талдау)
-
«Ойлан тап» ойыны. Көбейту кестесі бойынша әр өрнектің жауабына байланысты тиісті әріпті қойғанда шығатын сөзді тауып көрейік.
-
С 2х8 Ө5х7 З 3х5 Т 4х7 А 5х5 П 6х3 Р4х5 Ы 7х3
28
25
18
28
25
20
21
16
35
15
-
Тақырыпты атату. - Балалар, сөз таптары деген тақырып бізге жаңалық па?
-
Ендеше, сабағымыздың мақсатын анықтап көрейік. (Сөз таптары туралы, олардың түрлері, сұрақтары, сөйлем ішінен таба білу сияқты білімдерімізді еске түсіріп, бекіту.)
-
Неше сөз табын білеміз? - Қандай?
НЕГІЗГІ ТУЫНДЫ НЕГІЗГІ ТУЫНДЫ
ЗАТ ЕСІМ СЫН ЕСІМ
СӨЗ ТАПТАРЫ
ЕТІСТІК САН ЕСІМ
ДАРА НЕГІЗГІ БОЛЫМДЫ ЕСЕПТІК РЕТТІК
КҮРДЕЛІ ТУЫНДЫ БОЛЫМСЫЗ
-
Тақтаға назар аударайық. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп. (талдау)
-
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. 476-ЖАТТЫҒУ. (талдау)
-
Оқу - инемен құдық қазғандай демекші, келесі тапсырмамызды тақтада орындаймыз.
-
477-ЖАТТЫҒУ. (оқушылар тақтаға шығады)
-
Енді сәл демалып алайық.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
ІҮ. Ой толғаныс.
-
Тағы да тақтадан білім туралы не айтылғанын оқып алайық. Оқу - білім бұлағы, білім өмір шырағы. (талдау)
- Келесі тапсырма мына тақтадағы суреттерді сипаттап жазу.
- Жақсы, осы сөздер қандай сұрақтарға жауап беріп тұр. Ендеше, қандай сөз табы, сын есім.
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді дей келе жұмбақ шешіп көрейік.
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді. (көз) - сұрақ қою арқылы сан есімді тауып талдау. Есептік, реттік сан есімге мысал келтіру.
Көз сөзіне 5 жолды өлең құрату.
Зат есім көз
Сын есім әдемі, көк, құралай
Етістік көреді
Синоним көру мүшесі
Сөйлем Көз-көру мүшесі. «Көз» сөзінің бірнеше мағына беретініне тоқталу. (бұлақ көзі,яғни бастауы, иненің көзі, адамның көзі)
Ү. Рефлексия.
-
Ақыл - тозбайтын тон, білім - азбайтын кен демекші сабағымызды қорытындылай келе мынадай тапсырма орындаймыз.
Р/с
Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
1
Бесінші
2
Дәптер
3
Қызыл
4
Көңілді
5
Сызғыш
6
Жазды
7
Ән
8
Терезе
9
Айнұр
10
Келді
ҮІ. Үйге тапсырма.
- Өздерің қалаған екі сөз табына байланысты ребус құрап келу.
ҮІІ. Бағалау.
- оқушыларды мадақтап, бағалау. Бір-біріне жылы сөздер жазылған жүрек сыйлау.
Біздер бүгін баламыз,
Оқып білім аламыз.
2030 жылдары
Біз де азамат боламыз деп сабағымызды аяқтаймыз.
Лицей
4 «А»-сынып
Мұғалімі: Спатаева Индира
Қаратау қаласы 2015 жыл