7


  • Учителю
  • Поурчный план әдебиетік оқу 2 класс на тему 'Бұлақ сылдыры'

Поурчный план әдебиетік оқу 2 класс на тему 'Бұлақ сылдыры'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу. 2 класс. Өткізілу мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Бұлақ сылдыры». Мұрат Көккөзов.

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсінуге жетелеп, әдеби тілмен сөйлеу дағдысының дамуына жағдай туғызу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнының басты идеясын ашуға талпыныс жасауға мүмкіндік беру.

Жүйелі іс- әрекет нәтижесі: мәтін оқиғасын зерттей оқуға жағдай туғызу.

Тұлғалық нәтиже: ата- баба дәстүрі мен салтын, асыл ойлы с-з3н 8лг3 ету7

Сабақтың көрнекілігі: дәптер, тақта, бор, плакат, сызбалар, т.б.

Сабақтың әдіс- тәсілі: «Семантикалық карта», «Иә, жоқ» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, жер бетінде өзіміз аяқ баспаған, бірақ табиғаты өте қызық жерлер өте көп. Сондай жерлердің бірі- шөл дала.

-Сендер ол туралы не білетіндерің мен үшін өте қызық.

- Мына кестеге шөл даланың сипатын жазып көріңдер:


Шөл дала

Суы


Өсімдіктері


Ауа райы


Адамның оған бейімделуі


Оқушылардың кестені толтыруына мән беру. Ойларын қорытындылау.

ІІ. Мағынаны тану.

  • Олай болса, ертеректе шөл далада болған бір оқиғаны жазушы Мұрат Көккөзов қалай әңгімелегенін оқып көрелік.

Оқушыларға мәтінді оқи отырып, «Семантикалық картаны» (парақшаларды алдын ала дайындалған) бірден толтырып отыруға тапсырма беріледі.

Мәтін

кейіпкері

Оқиға орны

Ауа райы

Кейіпкерлердің

Мінез- құлқы


Мәтіндегі жақсы сөз

Ол сөзді кім айтты?

Мәтінде сені таңдандырған не?

Ескерту.Егер сіз кестені күрделі деп ойласаңыз, қандай да бір бөлігін алып тастап, өзгертуіңізге, ықшамдауыңызға болады. Егер оқушы жеке жұмыс жасай алмаса, топтық жұмыс ретінде ұйымдастыра аласыз. Бұл сыныптағы оқушылардың мүмкіндік деңгейіне байланысты.Оқушылар картаны толтыру үшін мәтінді зерттей оқиды, әр нәрсеге мән береді. Осындай жан-жақты талдау барысында мәтіннің идеясы ашыла түседі.

Сабақтың басындағы сызбаға қайта оралып, бастапқыда шөл дала туралы нені білгендерін, мәтінмен танысқаннан кейін тағы да қандай білім қосылғанын анықтайды.

ІІІ. Ойтолғау.

«Иә, жоқ» әдісімен пікірталас ұйымдастыру үшін:

1-нұсқа. Оқулықта берілген. «Мәтіннің осылай аяқталуы саған ұнай ма?» деген сұрақты қою.

2-нұсқа. «Егер сен жазушы болсаң, мәтіннің қай жерін басқаша өзгертер едің?» деген сұрақты қою.

Дәптермен жұмыс

Үйге тапсырма беру.

Оқушыларға шөл дала туралы қызықты деректер жинап келуге тапсырма беруге болады.



Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылыбұлақ ауылы

Жылыбұлақ негізгі білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Медетова Мүслима Теміртасқызы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал