7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему ' Туған өлкем' Ө. Тұрманжанов

Открытый урок на тему ' Туған өлкем' Ө. Тұрманжанов

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: 1. Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту. 2. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын дамыту. 3. Оқушыларды Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді сүюге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ түрі: аралас Көрнекілік: суреттер, «Туған жер» оқулық, сызба, кесте. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

* Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар үйге не берілді?

-Дихан Әбілев «Туған тілім» жаттау

3. Оқушыларды 3 топқа бөлу

І топ «Отан туралы» Мұқағали Мақатаев

ІІ топ «Қартқожаның туған жері» Жүсіпбек Аймауытов

ІІІ топ «Отан» Жақан Смақов

4. Жаңа сабақ

- Біздің өтіп жатқан (тарау) бөлім қалай аталады?

- Дәл осылай деп жырлаған белгілі ақын Өтебай Тұрманжановтың өлеңін оқимыз, талдаймыз, мағынасын ашамыз, туған өлкемізді сүюге, қадірлеуге үйренеміз.

- Туған жеріне арнап сурет салмаған суретші, әнге қосып шырқамаған әнші, өлең шығармаған ақын, көркем сөздерді пайдаланып шығарма әңгіме жазбаған жазушы жоқ шығар.

- Ендеше ән тыңдайық, тақтадағы суретке қарайық. «Туған жерім- ауылым»

- «Туған өлкем» өлеңін тыңдайық.

І- тапсырма

«Өтебай Тұрманжанов» ағашының бұтақтарын дұрыс ата.

Қайда туған? ( Оңтүстік Қазақстан)

Ол кім? (ақын, жазушы)

Не жазған? (өлең,тақпақ,повесть, роман, ертегі)

Ертегі-кітапшалары ( «Балақай»)

5. Өлеңді оқушыларға оқыту

І тапсырма

а) тізбектеп

ә) тұтас мәнерлеп оқу

Тыңдалған ән мен ақынның өлеңін салыстырып көр.

Екеуі де туған жер туралы

Екеуі де ана туралы айтылады

Екеуі де мектеп туралы

Екеуі де қуанышты, көңілді сезімде.

6.Балалар, өлең ұйқасқа құрылады.

Сергіту сәті «Мен қазақпын»

Туған өлкем.

1.Көгінде күн нұрын төккен,

2.Жерінде гүл жұпар сепкен.

3.Неткен сұлу, неткен көркем,

4.Осы менің туған өлкем

1-2 жолы ұйқасады, 3-4 жолы ұйқасады.

7.ІІІ тапсырма

Өлеңнің 2-ші және 3-ші шумақтары ұйқасының сызбасын тап.

8. IV тапсырма

Әр шумақтағы ойды білдіретін суреттерді тап.

Өлең

1-шумақ

2-шумақ

3-шумақ

Суреттерді сәйкестендіру

9. V Шығармашылық тапсырма

Қайталанып тұрған өлең жолдарын пайдаланып, өлең құрастыр.

Мысалы: Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Сарыарқадай даласы бар

Кең жайлаулы ауылы бар.

Табиғаты сондай көркем

Киікті менің туған өлкем.

10. Сабақты қорытындылау.

Сұрау: Өлең неге құрылады?

Өлең ұйқасқа құрылады?

11. «Кубизм» әдісі бойынша әр топ басшысы:(лақтырып, тапсырма орындау)

Шығармашылық тапсырма.

-Өз туған жерің туралы әңгімеле:

- Сөйлемді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар:

1. -мен туған жерді сүйемін,өйткені....мен сол жерде туып өстім.

2.-мен туған жерді қорғаймын, өйткені.....ата-бабамыздан қалған мұра.

3.- мен табиғатты қорғаймын, өйткені.....мен оның ауасын жұтамын, мөлдір суын ішемін.

4.- мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені.....ол жерде табиғаты тамаша, жаңа вокзал бар, темір жол бар, мешітіміз бар, тойхана ашылды.

5.Менің туған жеріме қарсылық пікірім: жазда жел тұрса топырақ борайды, су мәселесі, өткел көпір, темір жол өткелдері.

6.Мен ауылымды болашақта гүлдендіруге, көркейтуге өз үлесімді қосамын.

12. Рефлекция

-Білім терегіне тілегімізді жазып ілеміз.

13. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келеміз.

14.Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал