- Учителю
- Жұмбақтар сыры ғылыми жоба
Жұмбақтар сыры ғылыми жоба
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ ......................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Жұмбақ - ой ұшқырлығына баулитын жанр .................................5
2 . 2 Жұмбақтың түрлері ............................................................................7
2. 3 Бүгінгі таңдағы ақын-жазушылардың жұмбақтары..................13
2. 4 Жұмбақтың тәрбиелік мәні ..............................................................15
ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................18
Аңдатпа
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, т.б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы. Жұмбақ - халық шығармаларының ең ескі түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорының ортақ түрі. Әуелгі туысы арғы, ерте заманда болғанымен, жұмбақ бертін келе, тіпті бүгінгі біздің дәуірімізде де өз керекті қасиетін жойған жоқ.
Зерттеу жұмысы негізінен үш бөлімнен тұрады:
1. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, яғни жұмбақтар арқылы оқушыларды ұлттық дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік беретіндігі айтылады.
2. Негізгі бөлімде жұмбақтардың қазақ сөз өнерінде алатын орны, оның жасалу табиғаты, жұмбақтардың түрлеріне терең сипаттама беріле отырып, қазақ ауыз әдебиетін дамытудағы ақын-жазушыларымыздың алатын орны айқындалған.
3. Қорытындыда жұмбақтардың тәрбиелік мәні ашылады.
Кіріспе
Дүниенің ең басты жұмбағы - адам.
Қадыр Мырза Әлі
Жұмбақтар - қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән-мағынасының артып отырғандығында.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, т.б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.
Жұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қазіргі замандағы жан-жақты тілдік тәрбиенің маңыздылығы. Осы орайда жұмбақтар пайымдау мен ой-пікірдің тобықтай түйіні, тамаша қорытындысы болып табылатын ұшқыр да ұтқыр сөз ретінде көзге түседі. Осы жағынан алып қарағанда, жұмбақтар тілші, әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қарастырылып, сөз өнері, халық ауыз әдебиеті үлгісі есебінде жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Тақырыпты зерттеу әдістері:
Тақырыпты зерттеу барысында халық ауыз әдебиеттерінің мол мұрасын саралау, олардың мән-мағынасына, құрылымына және топтастырылуына аса назар аударылды. Ертеден келе жатқан жұмбақтар үлгісі мен қазіргі таңдағы ақын-жазушылардың жұмбақтары арасындағы ортақ мақсат-міндеттерді айқындай отырып, жұмбақ түрлерін жүйелеу, топтастыру әдістері жүргізілді. Әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектері де қарастырылды.
Тақырыптың мақсат-міндеттері;
-
Жұмбақтардың мән-мағынасын ашу;
-
Жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың асыл мұрасының тигізер әсерін және қазіргі заманда жұмбақтардың қолдану аясына нықтау.
-
Қазақ жұмбақтарының құрылысы, айтылуы мен мазмұны жағынан және түрлеріне топтастыру.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Жұмбақ - ой ұшқырлығына баулитын жанр
Жұмбақ - адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Ол халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрі және барлық жұрттың фольклорына ортақ дүние саналады. Жұмбақ - халық шығармаларының ең ескі түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорының ортақ түрі. Әуелгі туысы арғы, ерте заманда болғанымен, жұмбақ бертін келе, тіпті бүгінгі біздің дәуірімізде де өз керекті қасиетін жойған жоқ.
Қай кезде алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері қатарында саяси құрал есебінде тап жауына қарсы қолданған орындар да аз емес. Жұмбақ қазақ халқының арасында да және басқа халықтарда да әлі күнге тыңнан туып, молайып дамып келеді Олай болса халықтың жұмбақ секілді фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану ғылымдық зор міндет болады.
«Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, құбылыстардың барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан. Ол үшін айналаны қоршаған жаратылысты, еңбек, кәсіп құралын, әр түрлі хайуанаттар жайын, бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып, ұқсас белгілеріне қарап неден шыққанын қандай зат екенін анықтаған. Жұмбақтардың алғаш үлгілері осылай шыққан», - дейді Мәлік Ғабдуллин.
Ғалымдар жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтағандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Кейін жұмбақ табу мен тыйым сөздерден бөлініп шыққан.
Қазақ жұмбақтарының алғаш жиналып, баспа бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. 1842 жылы «Татар хрестоматиясын» құрастырып бастырған. М. Иванов оған қазақ жұмбақтарында енгізген.
Жалпы алғанда, жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ой-өрісін, қиялының белгілі бір сатысын көрсететін ұшқыр ойдың бір түрі. Жұмбақты шешу адамның зеректігін, ақыл-парасатын, білімін байқатады.
«Жалпы алғанда, жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді», - дейді Мұхтар Әуезов. Өйткені, жұмбақ өзге фольклорға қарағанда бітімі бөлек, ерекше затты деректі сөз. Сол деректілікке сүйенетіндіктен жұмбақ әр заттың жағдай, бөлім-бөлшектеріне көбірек көз салады. Дүниетану жолдарын еңбегіне байланыстырып, осыдан барып қорытынды жасайтын халық, көп жұмбақты нәрселердің неден пайда болғандығын айтуға арнайды. Ал бұның өзі адам танымын тереңдетіп, ұрпақты ұлағатты,зерделі етіп тәрбиелейді.
Жұмбақ жанырына тән ерекшелік - көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып,аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбіне қысқа, жинақы келеді.
Қазақ жалпы жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Осы жұмбақтардың қай-қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіне негізделіп, оның тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Жұмбақпен толғап жыр айту Асанқайғы, Бұқар жырау, Базар жырау, Шортанбай, Әубәкір сияқты қазақ ақындарының жырында, Сырым, Төле би, Жиренше, т.б шешендік сөздерінде жиі кездеседі. Шешендік сөзге құрылған жұмбақтардағы ақыл-парасат, тапқырлық,терең логика жазу-сызу болмады, сауатсыз еді деп күстәналап келген халқымыздың асқан даналығының көрінісіндей көзге ұрады.
2 . 2 Жұмбақтың түрлері
Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді.(1-сызба)
№1-сызба
-
Қара сөз түрінде айтылатын жұмбақтар алғашқы айтылатын жұмбақтар алғашқы кезде қарапайым сөздерден басталған, соның өзінде де ақыл ойды дамытуда зор рөл атқарған. Мысалы: «Жастық астында жарты күлше» (Бұл айдың жартылаған кезі)
Қара сөзбен айтылатын жұмбақтар бірте-бірте күрделене түскен. Мысалы: «Бір қыз бен жігіт жолаушы жүріп келе жатып, бір ауылдың тұсынан өтіп бара жатқанда, алдынан біреу шығып:
-
Мына жігіттің астындағы жорғасын-ай, қасындағы жолдасын-ай! - депті.
Сонда жігіттің қасындағы қыз:
- Бұл жігіттің шешесі менің шешемнің қайын енесі. Мен сонда бұл жігіттің кімі боламын?- депті. Сонда қыз бен жігіттің жақындығы қандай болады? »
Міне, бұнда туыстықты жұмбақ еткен. Сөйтіп, қара сөзбен айтылған жұмбақтар ғана жай сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем, тіпті қысқа әңгіме түрінде де кездеседі. Оған мысал ретінде «Ел аузында» кітабынан «Жұмбақтың шешілуі» деген әңгімені алуға болады.
2) Жұмбақ ертегілер. Қара сөзбен айтылатын жұмбақтардың тағы бір түрі жұмбақты ертегілер. Жұмбақты ертегілер қызықты келеді. Оқиғасы қою, әрбір айтылған сөздерінде үлкен мән-мағына жатады. Тыңдаушысын үлкен ойға жетектейді. Өзінің барлық мазмұны жұмбаққа ғана құрылған ертегілер қазақта аз емес. Оған «Жұмбақшыл патша», «Қыз бен қара құл», «қарт пен тапқыр жігіт», «Қарттың ұлына айтқан өсиеті», «Аяз би», тағы басқа ертегілер жатады.
Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жұмбағын шешкен кісіге тием деп серт беретін. Оның мысалы ретінде «Аяз би» ертегісіндегі Меңді қыздың сертінен айқын танылады.
Бір қарт өзімен бірге жүріп келген жас жігіт туралы «сөзінде кесапаты зор жігіт» дейді.
Қызы: «Қандай кесапат көрдіңіз?» - дегенде, қарт:
- Ойбай, шырағым, оның күні бойы сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол қысқартайық», - деді. Мен «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бір-бірімізді кезек арқалап отырайық», - деді. Мен оған: «Біз бір-бірімізді қалай арқаламақшымыз?» - дедім.
Мұнысы былай тұрсын. Бір кезде пісіп тұрған егінге кез келіп едік: «Ата, мына егін желініп қойған ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір кісі өліп, оны табытқа салып қойғалы апара жатыр екен, соны көре сала: «Ата, мына адам шын өлген бе, өтірік өлген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жаңағы адам өлмеген екен», - дейді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді.
- «Әке, бұл сөздерге түсінбеген екенсіз. Оның, бірінші, «Кезек арқаласып отыралық» дегені: «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарғандай болып, тез жетіп қаламыз», - дегені. Екінші, «Мына егін желінген бе?» - дегені: «Байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені екен. Байдікі болса,кісі жалдап, өз көлігімен жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады. Ал бұл желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады да, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бір есеп болады. Үшінші, ана өлікті «Өтірік өлген бе, шын өлген бе?» - деп сұрағаны: «Баласы бар ма?» - дегені. Ол адамды қабірге салғанда, оның балалары қабірдің басында барлығы білініп, жылап тұрған шығар, «Өлмеген адам екен» дегені - сол болу керек. Артында қалған баласы бар адамның аты жойылмайды, сондықтан ол өлмеген, - деген екен. Сіз сол арасының жұмбағын шеше алмаған екенсіз», - деген соң, қарт өзінің қате ойлағанын сезеді де, жігіттің қолын алып:
- Мен сенің айтқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен соған қатты ренжіп едім. Олай емес, сен ақылды жігіт екенсің, мына менің қызыммен екеуіңнің ақылың тең,екеуің бірге өмір сүріңдер, - деп қызын соған беріпті.
Міне, бұдан біз жұмбақ ертегілер даналыққа құралғанын байқаймыз. Жұмбақ ертегілер жай ертегілерден гөрі анағұрлым кең толғаныста болатын ерекшеліктерімен танылады.
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы ала аласыз!
9