7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: 'Дыбыс және әріп'

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: 'Дыбыс және әріп'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп.

Сабақтың мақсаты: Дыбысқа байланысты берілген білімді

жинақтап, бекіту, дыбыстың түрлері, әліпби, буын, тасымал. Алған білімдерін талқылау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге ахуал орнату. Өз бетінше жұмыс істерге үйрету; сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу; Сауатты, таза жазуға үйрету.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, топтастыру. Сатылай комплексті

талдау технологиясы, дидактикалық ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, сызбалар, үлестірме

материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық дайындық.

2. 2 топқа бөлу

1-ші топ «Ойшылдар» ұраны: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

2-ші топ «Зеректер» ұраны: Оқу- білім азығы,

Білім- өмір қазығы.

3. Көркем жазу. А а

(Сатылай комплексті талдау бойынша)


А - Бұл дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.


Тілдің қатысына қарай- тіл арты не жуан дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті дөңестенеді.


Жақтың ашылу дәрежесіне қарай- ашық дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.


Ерін мен езудің қатысына қарай- езулік. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

Қызығушылықты ояту.

  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

  • Дыбысты айтамыз, естиміз.

  • Әріпті жазамыз, көреміз

Сөйлесу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс.

Дыбысты айтады, естиді

Дыбыс

Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы тамақ қуысы, тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіс, ерін, мұрын қуысы, жақ т.б.

Дыбыстау мүшелері өкпеден шыққан ауаға

кедергі жасау арқылы дыбыс жасайды.

Дыбыс әріппен таңбаланады.


Әріп Дыбыстың жазбаша таңбасы

Әріпті жазамыз, көреміз.


Дыбыс

дауысты дауыссыз


жуан жіңішке қатаң ұяң үнді

а, о, ұ, ы ә, ө, ү, і қ, к, п, с, т, ф б,в, г,ғ,д, ж р, л, м, н,ң

ш, щ, х,ч, ц, һ


Топтастыру. 1-ші топ - Дауыстылар, 2-ші топ- Дауыссыздар

Қатаң Ұяң Үнді


Жуан Жіңішке

Буын құрай алмайды 3-ке бөлінеді


Дауыссыздар

қатаң


Үнді Ұяң

Буын құрайды Жуан дауысты


Дауыстылар

Созылып айтылады. Жіңішке дауыстылар


3. Оқулықпен жұмыс. «Алма теру» ойыны.

а) 580-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаздырамын

Күректер, Талдықорған, қауындар, қобызшы, балалар, көгершін, түйе, құдық, өрік, құс.

Жуан дауыстының астын бір, жіңішке дауыстының астын 2 рет сыздырамын.

ә) 581-жаттығу «Көбелектер» Сөз жұптарын салыстырып оқытамын.

Ауа-әуе, шоқ-шөк, қиық-киік, құс-күш.

Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды ататамын.


Жұмбақ шешу.

582. Қарнында бір көлдің балығы

Немесе жандының алыбы.

(Кит)

Қарамен жазылған сөздердегі түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіру.

балық - балығы, алып - алыбы

/Сөз соңында келген қ мен п дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,

Қ-ғ п-б айналады/ Осы сөздерге Сатылай комплексті талдау жасатамын.

1. Жуан буынды сөз(ж.б.с.) себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауыстылар.

Балық2. ба - лық

ашық буын (∆□) бітеу буын ( ∆□∆)

3. Ба- болып 1 жағдайда немесе буын жігіне

лық сәйкес тасымалданады.

4. Балық. Қазақ тілінде екпін біршама тұрақты

(-лық) буынындағы ы дауысты дыбысна түсіп тұр.


Алып1. Жуан буынды сөз(ж.б.с.) себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауыстылар.

2. а- лып

ашық буын (□) бітеу буын ( ∆□∆)

3. алып-тасымалданбайды

4. алып

Дыбыстарға

Математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме береді.

1-ші топ (Балық)

Берілгені: Балық= = = ?


Шешуі: Балық=5 = 2 (а, ы)

3 (б, л, қ)


а) 2 = 2 (а,ы) тіл арты не жуан

ә) 2 = 1 (а) ашық

1 (ы) қысаң

б) 2 = 2 (а, ы) езулік


а) 3∆= 1∆ ұяң (б) ∆+ 1∆ (қ) қатаң ∆

1∆ (л) үнді ∆

ә) 3 ∆ 1∆ (л) ауыз жолды +2∆(б,қ)шұғыл

б) 3∆=1∆(л) тіл ұшы +1(б)ерін+1(қ) тіл арты


2-ші топ (Алып)

Берілгені: Алып= = = ?


Шешуі: Алып=4 = 2 (а, ы)

2 (л, п)


а) 2 = 2 (а,ы) тіл арты не жуан

ә) 2 = 1 (а) ашық

1 (ы) қысаң

б) 2 = 2 (а, ы) езулік


а) 2∆= 1∆(п) қатаң ∆

(л) үнді ∆

ә) 2 ∆ 1∆ (л) ауыз жолды +1∆(п) шұғыл

б) 2∆=1∆(л) тіл алды +1(п)ерін


«Құйын сұрақтар» 1-ші топ

1. Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергісіз шығуынан дауысты жасала ма?

иә жоқ

2. Қатаң дауыссыздар . Тек салдырдан тұрады. иә жоқ

3. р,л,м,н,ң,(й,у) үнді дауыссыздарға жата ма? иә жоқ

  1. «Гүл» сөзі бітеу буынды сөз иә жоқ

  2. Қазақ алфавитінде 43 әріп бар. иә жоқ

2-ші топ

  1. Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан дауыссыз жасала ма? иә жоқ

  2. «А» ашық дауысты дыбыс иә жоқ

  3. «Ат» сөзі бітеу буын иә жоқ

  4. «Қар» бітеу буынды сөз иә жоқ

  5. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды. иә жоқ


Сабақты қорытындылау

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

Үйге: Дыбыс пен әріп

«Қызық сөздік» (Соңынан да, оңынан да оқысаң бір сөз). Ойлау, жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал