7


  • Учителю
  • Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі сабақ жоспары

Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





























Ашық сабақ

Тақырыбы: Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі.































Өткізген : Н.Е Есқайырова





















</ 2015-2016 оқу жылы



Сыныбы: 4 - сынып

Пәні: Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Әр кезеңдегі сәулет өнері.Сәулет стилі.

Мақсаты:

Білімділік - әр кезеңдегі сәулет өнері, стильдері, архитектуралық құрылыс жүйелері , жалпы сәулет өнері туралы ұғындыру.

Дамытушылық - Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап,сәйкестендіру,себет тәсілі

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сандық, конфеттер, стикерлер, смайлик т.б

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. « Ой шақыру»

1.Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

(Графикалық сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет.)

2.Оларды талда.

Графикалық сурет - қарындашпен, бір түсті бояумен, көмір, пастель, т. б. салынатын сурет.

Кескіндеме - түрлі - түсті бояумен, майлы бояу, акварель, т. б. салынған шығарма.

Мүсін - қай жағынан қарасаң да көлемі көрінетін, саз, ағаш, пластиллин, мрамор, керамика т. б. жасалатын туынды.

Сәндік қолданбалы өнер - әр түрлі мата, қағаздан, қайшы, ине - жіп, клей т. б. құралдар арқылы жапсырмалау тәрізді әдістермен жасалатын бұйымдар.

Мәскеудегі Кремль, Сан -Францискодағы аспалы көпір, Астанадағы Бәйтерек , бұл суреттерде бейнеленген дүниені қандай өнер түрі біріктіреді?

-Сәулет өнері

Олай болса, оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі.

Сәулет өнері дегеніміз - адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті материалдық ортаны құрайтын сәулет құрылыстар. Сәулет өнері «архитектура» деп те аталады. Ол латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны береді. Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар, мысалы: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер.

Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі сабақ жоспары

















































Біздің суретшілер

Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі сабақ жоспары1.Бұл суретші кім?

Тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек еткен, Қазақстанның халық суретшісі

Ә . Қастеев

2.Алғашқы ұлттық график-суретші, ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді?

Ә. Ысмайлов

3.Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші, Қазақстанның халық суретшісі,«Дастархан», «Қостанай пирамидалары» картиналарын жазған?

Айша Ғалымбаева

4.Қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі, 1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы:

Қанапия Телжанов

Оқушылар шығармашылығы

Сәулет өнеріне сай дайындап келген түрлі архитектуралық суреттерін қорғау, қалай салғанын түсіндіру.

Сергіту сәті

"Ел қорғауға әзірміз"

Топпен жұмыс.

Қызыл түс тобы:

Сәулет өнері жайлы түсінгеніңді сипатта.

Көк түс тобы:

Өз еліміздегі сәулет өнерінің атақты ғимараттары жөнінде сипатта.

Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі сабақ жоспары

Сурет сала білеміз бе?







Сәйкестендіру.



Құрылыстың жобасын сызып,

қағазға түсіретін адам

Мүсін

Кеңістікте жан-жақты бейнелен-

ген, сомдалған көркем шығарма

Сәулетші

Заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп,бейнеленген көркем шығарма

Натюрморт

Құрылыс, тұрғын үй салу және жобалау өнері



Не білдік? Нені игердік? сұрағын қою арқылы сабақты қорыту.





Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі сабақ жоспары









"Себет тәсілі" арқылы мәтін мазмұнына сай білгендерін стикерге жазып, себетке салу.

Үйге тапсырма:

Өздерің қандай сәулетті үйде тұрғыларың келеді? Сол үйдің жобасын бейнелеп келіңіздер.

Бағалау:

Рефлексия:

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп,смайликке жапсыру.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал