7


  • Учителю
  • Открытый урок по литературному чтению на тему 'Туған жер' (3 класс)

Открытый урок по литературному чтению на тему 'Туған жер' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақылбекова Лиза Маутқанқызы.
Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу пәні. 3 сынып. 10.10.2013

Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Ө.Қанахин

Сабақтың мақсаты: Туған жер жайлы ой бөлісу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқушыларға әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ екенін түсіндіру.

  2. Әр оқушының өзінің туған елі жайлы білетін мәліметімен бөлісу.

  3. Туған елін, жерін қадірлей білуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

  4. Өз елін, туған тілін, әдет-ғұрпын жанындай сүюге баулу.

  5. Әр оқушының өз елі жайлы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар туған жердің қадірін жете түсінеді.

  2. Туған елі, жері, салт-дәстүрі жайлы түсініктері кеңейеді.

  3. Өз ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйренеді, тіл байлықтары артады.

  4. Туған елін, жерін қадірлеп, мақтан тұтатын болады.

  5. Қасиетті елінің әр тасын жанындай қорғайтын отансүйгіш азаматтар болып өседі.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд «Туған жер, топырағыңнан айналайын!», мақал-мәтелдер, суреттер, бағалау парағы, ноутбук, тест.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері, жұмыс мазмұны

Қолданылған модульдер

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру.

а) Тренинг «Сәлемдесу».

ә) Топқа бөлу.

б) Әр топты отырғызу.

Диалогтік оқу.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Оқудың жаңа әдіс-тәсілдері


Сыни тұрғыдан ойлау.

Көшбасшылық.

Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызады, бір-екіге санатады. Төмендегідей командалар береді: «қолымызбен», «аяғымызбен», «иығымызбен» т.б

Оқушыларды туған жерлеріне қарай топтайды.

Әр топты жеке-жеке отырғызады. Топ мүшелеріне міндеттерді бөлуді тапсырады.

Оқушылар екі-екіден бір-біріне қарап тұрады да мұғалімнің командасы бойынша дене мүшелерін тигізіп амандасады.

Әр оқушы өзі туған өңірге қарай топқа бөлінеді. Әр топтың оқушылары топ басшысын, бағалаушыны, таймспикерді сайлайды.

2. Өткенді қайталау.

а) Тест жұмысы.


ә) Сұрақтарға жауап беру.

- Сонымен, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі несімен ерекше?

б) Қорытындылау.

Сыни тұрғыдан ойлау.


Диалогтік әңгіме.

Оқушыларға тест таратылады.


Оқушыларға сұрақ қоя отырып, ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге көңіл бөледі.

Оқушылар жұп болып тест сұрақтарына жауап береді.

Қойылған сұраққа нақты жауап береді.

Бағалаушылар әр оқушының жауабын бағалайды.

3. Жаңа материалды түсіндіру. Өтебай Қанахин. Туған жер.

а) Кіріспе әңгіме. Өтебай Қанахин(1923-1990) - 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған.

- Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер?


Слайд көрсету.

«Туған жер, топырағыңнан айналайын!»

ә) Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.


б) Мазмұнын талдау.

-Балалар, туған жерге қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

в) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көшбасшылық. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту.

АКТ-ні пайдалану.

Диалогтік оқыту.

Топтық жұмыс.


Сыни тұрғыдан ойлау.

Мұғалім Өтебай Қанахин жайлы қысқаша түсінік бере отырып, жазушының шығармашылығымен таныстырады.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды қояды: -Туған жерлерің қай жер?

-Өздерің туған жерлерің туралы не білесіңдер?

Мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөледі.

Киелі, ризық, маңғаз, зеңгір сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Оқушылар тыңдай отырып, басты мәліметтерді дәптерлеріне түсіреді.

Оқушылар өздерінің туған жерлері туралы білетін мәліметтерімен бөліседі. Әр оқушы бағаланады.

Әр топ бір бөліктен кезектесіп оқиды.


Сұрақтарға жауап іздеу, оқып беру.

Осы сөздерді қалай түсінетіндерін айтады.

4. Сергіту сәті. Ағылшынша жаттығу жасау.


Талантты және дарынды оқушыларды оқыту.

Сабақтағы жаңа әдіс-тәсілдер.


Пәнаралық байланысты орнату мақсатында ағылшыншы жаттығу жасатады.


Оқушылар орындарынан тұрып жаттығу жасайды.

5. Жаңа материалды бекіту.

а) Туған жер сөзіне синонимдік қатарын құрастыру, сол сөздерді мәтіннен іздеу.

ә) Шығармашылық жұмыс. 1-ші топ- «Суретшілер одағы»

2-ші топ- «Жазушылар»

3-ші топ- «Ақындар»

4-ші топ- «Ақпараттық орталық»

Сыни тұрғыдан ойлау.


Талантты және дарынды оқушыларды оқыту.

Көшбасшылық.

АКТ-ні пайдалану

Әр топқа жеке-жеке тапсырма береді.

1- тақырыпқа байланысты сурет салу, 2-мәтін құрау,

3-өлең шығару

4-ғаламтордан мәлімет алу

Синоним сөздерді мәтіннен іздеп табады.


Әр топ белгілі бір уақыт ішінде өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Топтың ішінде бірлесіп жұмыс істейді. Бір оқушы шығып қорғайды.

6. Сабақты қорытындылау.

- Азаматтық парыз, борыш дегенді қалай түсінесіңдер?

- Туған ел, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Сыни тұрғыдан ойлау.

Талантты және дарындыоқушыларды оқыту.

Диалогтік оқыту.

Кітаптан осы сұрақтың жауабын тапқызады.

Оқушылар кітаптан сұрақтың жауабын іздеп табады, оқиды, талдайды.

Оқушылар білетін мақал-мәтелдерін айтады.

7. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.

«Туған елім» тақырыбына шағын шығарма жазу, мәтіннен үзінді жаттау.


Тапсырманы түсіндіре отырып береді.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.

8. Бағалау.

Топтың бағалаушыларына сөз беру.


Оқуды және оқытуды бағалау.

Көшбасшылық.


Әр топтың бағалаушыларының пікірін тыңдайды.

Қорытынды баға қояды.


Топтың бағалаушылары «Бағалау парағына» сәйкес әр оқушының бағасын талдай отырып қояды.


9. Кері байланыс.

Рефлексия.


- Сабағымызды «Отаным!» әнімен аяқтаймыз. Әнші ұлымыз Құрманғазыұлы Аянды ортаға шақырамыз.

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.


Талантты және дарынды оқушыларды оқыту.


Әр оқушы сабақта алған әсерімен бөліседі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал