7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Қызығым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым'

Тәрбие сағаты 'Қызығым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Ашық тәрбие сағаты «Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым»

Тесерген :

Орындағана:


Көкшетау 2012 ж.

Тақырыбы: Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым.


Мақсаты: Оқушыларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру; Оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту; Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, яғни эстетикаға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Пікірталас.


Көрнекілігі:

  1. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі».

  2. «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю».

  3. Видео «Қазақ қызы кайдасын?»

  4. Видео «Арақтың зияны»

Сабақтың барысы:


Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар және оқушылар! «Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Қыз бен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ер баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына, мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен келіндер қайынсіңілілерін, қайындарың атымен атамай, еркелетіп «Еркежан», «Шырайлым», «Төре жігіт» деген сияқты аттар қойған. Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып, баратын жеріне шығарып салу әрбір ер адамның парызы болып келген. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі» дей отырып, осы қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.

Міне, біздің ата - бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келді. Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып, сонымен бірге ата-анасы да үлкен мән берді. Олар қыздарын тұрмыстық мүліктерді даярлауға үйретіп, жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу т.б өнерді олар бөгде босағаға бармай тұрып- ақ үйреткен.

Оқушыларға сұрақ: ата бабамыздың тәрбиеі мен қазіргі тәрбенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде?

Ал, қазір жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Соңғы кезде бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала мен ер бала тәрбиесіне қоғам кінәлі деген сөз жиі айтылады.

Ал осы қоғам сіз бен бізден, ата-аналар мен ұстаздардан, тәрбиешілерден құралмай ма? Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін? Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, дискотекалар жан-жақтан әсер етуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. .

«Қазақ қызы қайдасын?» видео

Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайлықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.

Қызды қандай болуы тиіс?(сызба көрсетіледі).

Қазақтың жігіттері қандай болу керек?

«Жігіт» (сызба көрсетіледі).

Нағыз жігіт - қорған болар халқына,

Нағыз жігіт - берік болар антына.

Нағыз жігіт - жалғастырып дәстүрді,

Адал болар ата-баба салтына - дей келе біз де ұлдар жайлы өз ой -толғаныстарымызды ортаға салсақ деп едік.


Иә, бүгін мектеп партасында отырған ұл бала- ертеңгі жігіт, ер азамат. Ал, азаматтың жүгі ауыр. Себебі, «Мен қазақпын» дейтін азамат өзінің шықан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі» -деп атамыз қазақ тегін айтпаған.


Оқушыларға сұрақ (ер балаларға) Қазіргі ер балалар, ер жігіттер қандай деп ойлайсындар?

Видео «Арақтың зияны»

Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын да, ел қорғаны батыр да, осы жігіттерден шықан.


Иә, алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан, туыстық желіні үзбеген, береке -бірлікті бұзбаған, «қыздың жолы жіңішке» деп, қарындасын хан көтеріп сыйлай білген де қазақтың қара домалақ ұлдары.


Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйікті, жылқы мінезді жігіт болу керек.


Көсем жігіт- ел басқаратын жігіт.

Шешен жігіт - дау шешетін тұлға.

Батыр жігіт - еліне қамқор жауына алаберген жігіт.

Өнерлі жігіт - мың құбылтып ән салып, күмбірлеген күй тартатын.

Сері жігіт - аттың жүйрігін мінеді.

Ер қаруы - бес қаруды сайлады.

Қыздар мен ұлдар бір - біріне өз тілек сөздерін айтып өтеді.

Қорытынды:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі тәрибе сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бүл әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Бүгінгі бозбала -ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен -ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмәмдаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!!!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал