- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: ' Мен әдепті боламын'
Сабақтың тақырыбы: ' Мен әдепті боламын'
Күні:_____________
Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Мен әдепті боламын
Сабақтың мақсаты:
«Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
-
1.Білімділік:Әдептілік, ізеттілік, сыпайылық адами қасиеттері туралы түсінік беру;
-
2.Дамытушылық:Сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту;
-
3.Тәрбиелік:Ізеттілікке, сыпайылыққа, достыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, қоржын
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шаттық шеңберіне шақыру. Балалар бір бірін көргендеріне қуанышты екендерін білдіру үшін, бір біріне жақсы сөздер, тілектер айтады.
Азамат өсіп келеді
Ерінбей сурет салады,
Жасайды қағаз кемені,
Таудан да биік талабы
Азамат өсіп келеді.
Көрсетіп көмек кішіге,
Үлкенге сәлем береді.
Ұқыпты барлық ісіне
Азамат өсіп келеді.
-
Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашуды жалғастыру үшін қолданылады.
Осы мақсатта Төлеген Қажыбаевтың «Әдеп» әңгімесін айтып беру.
Әдеп
Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты биік үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.
Аян әжейдің қасына келіп:
-
Әже, мына орынға отырыңыз, -деді. Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.
Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланады да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынады.
-
Мә, қалқам ала ғой.
-
О, не дегеніңіз, рақмет, әже!
-
Алманы орның үшін беріп тұрғаным жоқ. Әдептілігіңе сүйсінген соң алғысым ғой, -дейді әжей Аянға күлімдей қарап.
Аян мен Ариан автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
-
Аян мен Арманның орнында сендер болғанда не істер едіңдер?
-
Арман не үшін алманы тұтастай жей алмады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасалады.
Назар аударыңдар
Балаларға Махабат пен Алпамыстың атынан Ақботаның сиқырлы қоржынынан шыққан сыпайы сөздерді ұсыну.
Қоржыннан алынған сөздер: Ассалаумағалейкум! Уағалейкумассалам! Аман -саусыз ба? Аман есенсіз бе? Сәлеметсіз бе? Кешіріңіз! Рақмет! Рұқсат етіңіз!
Сыпайы сөздерді оқып беріп, балалардың есте сақтап қалуларына мән беру.
Тақтаға «Сәлемдесу -әдептілік бастауы» деп жазып қою және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Амандасу - кездескен адамдардың бір біріне амандық тілеуі, бір бірінің хал жағдайын біліп, қуанышқа бөлеуі. Адамның жақсы көңіл күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігімен әдептілігін көрсетеді. Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер «әдепті бала» деп атайды. Балардың сәлемдесуіне қарап ақ, олардың әдептілігін байқауға болады. Сондықтан да халық даналығында «Сәлемдесу- әдептілік бастауы» деп тегін айтылмаған.
Тапсырма.
«Мен әдепті баламын» тақырыбында тапсырманы ұсынудағы мақсат балаларды әдептілікке үйренуіне көңіл бөлу. Тапсырма бойынша балалар оқулықтағы суреттерге қарап, әңгіме құрастырылады.
Сергіту сәті:
Бойынды сергек тік ұста,
Демінді ішке тез ал да.
Емін еркін тыныста.
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қолда бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
Сабақты қорытындылау:
Оқушылар сабақ бойы үйренгендерін өздері қорытындылайды. Мұғалім төмендегідей түйіндеуіне болады.
- Біз бүгінгі сабақтан әдепті бала болу үшін адамдармен күлімдеп амандасу, олармен сыпайы қарым қатынас жасау, бір бірімізді сыйлау қажеттігін түсіндік. «Кешіріңіз», «Рақмет», «Рұқсат етіңіз!» сияқты сөздерді жиі айтатынымызды, үлкендерге, кішілерге мейірімді қарап, сыйластықты қатынас жасай алатынымызды көрсеттік. Әдепті балалар - бақытты балалар.