7


  • Учителю
  • Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынады: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен же

Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынады: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен же

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Ашық сабақ тақырыбы: Сенім - менің серігім

Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің серігім

Сыныбы: 5

Пәні. Өзін-өзі тану

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

· «сенім» ұғымының мәнін ашу;

· Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

· Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар! Бүгін далада қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір-бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат

- Балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдар. Ә.Табылдиевтің «Сенім» өлеңі оқылады.

- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сенім - менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар?

(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған, сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)

ØСенім деген сөзді қалай түсінесің?

ØӨзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

ØҚандай адам сенімге ие болады?

ØАдамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

ØАдамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

(Оқушылар өз орындарына отырады)

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін «Жаңа дүкенде» мәтіні оқылады.

- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?

Тыныштық сәті (Музыка қосу)

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу - ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу - ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен-өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».

Сахналау

Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогты сахналау ұсынылады «Кімге сенім артуға болады?» .

- Сенімге ие болу үшін не істеу керек?

Шығармашылық жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар

С - сенімді, сыпайы, ...

Е - ерен, ерекше,...

Н - намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...

І - ілтипатты, ...

М - мәдениетті, момын,

Дәйексөз

Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

М.Жұмабаев

Дәптермен жұмыс

47 беттегі 3 тапсырма

- Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.

Жүректен жүрекке

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген. Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара ұштастығын ашу керек.

Үйге тапсырма

«Сенім» өлеңін жаттау, мәтінді оқу

Дөңгелек үстел тақырыбы: Отбасы жарастығы


Ата-аналар: бастауыш сынып

Пәні:Өзін-өзі тану

Мақсаты: Ата-анаға баланың жан дүниесін түсіне білуге кеңестер беру. Ұлттық тәрбиенің маңызы зор екенін айтып, этнопедагогикаға назарын аударту.

Шаттық шеңбері

-Қайырлы күн, ата-аналар!Сіздермен танысу мақсатында біз қазір «өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты-жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті берімін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз. Қарасаңыздар, өрмекшінің торы шықты. Енді кері қайтарамыз, ол үшін сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттірен айтасыз.

-Құрметті ата-аналар, біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Отбасы жарастығы». Отбасы - әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Тбасы дегенімізде бірінші үйдегі бала, бала тәрбиесі деген сөзді қолданамыз. Сол себепті де бүгінгі тақырыбымыз бала жайында өрбімек.

Бала тәрбиесі қашанда кезек күттірмейтін, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Бала үшін отбпсы - басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды. Сөйтіп бала өзінің ең жақын адамдары арқылы өзін қоршаған дүниені танып біледі.

Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі - бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау, мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады.

Жағдаяттарды талдау

1. Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жыылы сөз естімеді.

Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?

2.Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?

Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?

Сұрақтар легі:

- Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Отбасы жарастығының сыры неде?

- Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесіз?

- Балаңыз бір оғаш нәрсе жасап қойды делік. Сіз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?

- Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі ақылдасып отырасыз ба?

- Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

Тыныштық сәті:

- Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Біркелкі демалуға тарасыңыздар.

Сергіту сәті. 1. «Сиқырлы таяқ» ойыны.

Әр ата-анаға тек қана жақсы қасиеттерді айтамын құлақтарына, ортадағы таяқшаны ұстап тұрып, бір қасиетті айтамын, сонда сол адам таяқшаны құлатпай ұстап қалу керек.

Ер жүрек, батыл, қайсар, табанды, сенімді, мейірімді, адал, шыншыл, шыдамды, өжет, талапты, қайратты, әдепті, бауырмал, әділетті, қамқоршы, қайырымды, дарынды, талантты, жауапкершілікті, инабатты, тәрбиелі.

Дәйексөз

«Баланы 5-ке дейін патшадай тәрбиеле,

15-ке дейін еңбекке құлындай тәрбиеле,

15-тен кейін ақылшың ретінде ұста» деген керемет ұлағатты нақыл бар.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».

Жүректен жүрекке

Бүгінгі әсерлеріңіз қандай? Бір-бірлеріңізге шаттық, көңіл-күй, жақсылық тілек білдірейік!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал