- Учителю
- Внеклассное мероприятие Мен- Қазақстанның болашақ азаматымын
Внеклассное мероприятие Мен- Қазақстанның болашақ азаматымын
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты
ел екендігін мақтан етуге , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін нығайту. Ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, Отан туралы суреттер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: балалар шеңбер болып отырады. Содан соң бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
-Қайырлы таң балалар!
Арайлап атқан әрбір таңымыз,
Шуақ шашып ,нұр таратқан
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң достарым!
- балалар сендер білім алу үшін қайда келдіңдер?
- мектепке
- мектептен не үйренеміз?
-Білім, тәрбие
- Олай болса МЕКТЕП туралы тақпақ айтайық
Алтын ұя мектебім
Алғыстарым көп менің
Армандарға жеттім мен
Өзің берген біліммен
Бақытнұр: Сәлем саған мектебім
Алғыстарым көп менің
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің
Дарима: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Бір қалада тұрамыз
Бір мектепке барамыз
Ер жеткенде қандай мамандық иесі болғылары келетінін сұрақ -жауап арқылы тыңдау.
Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Балалардың пікірлерін тыңдау
- қазір жылдың қай мезгілі?
- КҮЗ
Күз жайлы білімдерін ортаға салу
ХОРМЕН: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап.
Ән: «Туған жер»
Отан жайлы сұрақтар қою
- Балалар, Отан дегеніміз не?
- Біз қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында
Өзіміз тұратын мекенді тағы қалай атауға болады?
- Отан, Атамекен, Туған жер…
- Бәйтерек қай қалада орналасқан?
- Астана
Тақпақ айту:
Нұрдана: Отан жерім, отан-суым
Отан-қуат, Отан нәр
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді
Мырзабек: Алтын ұяң-Отан қымбат
Құт-берекең-атаң қымбат
Аймалайтын -анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат
Ұят пенен ар қымбат
Ән: «Отаным» хор
Отан- менің ата-анам
Отан -досым бауырым
Отан- өлкем астанам
Отан- туған ауылым!
Отан-тарих, Отан-тіл
Жасаған елім, өз халқым
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
- көрініс . «Түлкі мен ешкі»
Туымыздың түсі қандай? -көгілдір. Көгілдір түс нені білдіреді-бейбітшілікті, аспанымыз ашық болып, ешқашан соғыс болмасын дегенді білдіреді екен.
-Туымыз әрқашанда қайда ілініп тұрады?
Хормен : Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Елтаңбаның түсі қандай: сары-алтын түстес.байлықты білдіреді екен.ортасында не деген жазу бар? Қазақстан
Қазақстан Республикасының Президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
СЛАЙД: Қ Р рәміздеріне не жатады?
Ту,Елтаңба, Әнұран
Томирис: Рәміздерім-елдігімнің белгісі
Білу керек-бала-дағы ең кіші
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Әнұран айту: хор
Айгерим:
Туған жердей-жер болмас
Туған елдей-ел болмас
Отан оттанда ыстық
Бірлік болмай, тірлік болмас
Қазақ биі «Гүлдер»
Слайд: « Бауырсақ» ертегісі
Балалар, бүгін біз не туралы тақпақ, ән айттық. Отан, Астана, Елбасы, мектеп
Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Рахмет
БИ: «Адай»