- Учителю
- Жуан және жіңішке жұп дауыстылар (2 сынып)
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар (2 сынып)
№46 жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы:
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
</<font face="Times New Roman, serif">«Отан» Жарасқан Әбдіраш
Дайындаған: : Ысқақова Ақзия
Нұрбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
«Отан» Жарасқан Әбдіраш
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы түсінік қалыптастыру."Отан өлеңімен таныстыра отырып,мәнерлеп оқу дағдысына түсінік беру.
Дамытушылығы: Танымдылық тапсырмалары арқылы оқушылардың дүниетанымын,
шығармашылық қабілетерін дамыту.
Тәрбиелігі:Отанын сүюге , өз Отанының патриоты болуға , оны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақтың әдісі:
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап.
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
II Үй тапсырмасын тексеру.
-
Сөйлеу не үшін қажет?
-
Қыс
-
Қар қандай?
-
Намыс
-
Аяз
-
Пингвиндер қайда тіршілік етеді?
-
Білім
-
Тиін қандай аң?
-
Темірағаш
-
- Дыбыс нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз)
-
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді ? (жуан, жіңішке)
-
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
-
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
-
- Жұп дауысты дыбыстарды ата.
-
Жуан а, о, ұ, ы
Жіңішке ә, і, ө, е, ү
Осы дауыстылардың ішінде жуан-жіңішке жұп дауыстылар қайсысы?
(а-ә, о-ө, ы-і, ү-ұ)
Онда мына сөздерді салыстырып жіберейік.
-
қатар 2 -қатар 3 -қатар 4-қатар
ал-әл от-өт ыс-іс ұн-үн
сан-сән тос- төс тыс-тіс тұс-түс
А-ә , о-ө, ұ-ү, ы-і -жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
III. Сөзжұмбақ
Қандай сөз шықты?
Отан деген не?
Туған ел
Туған жер
Атамекен
Қоршаған орта
Жанұяң
"Отан" Жарасқан Әбдіраш
Қазақтың ақыны Жарасқан Әбдірашев 20-дан астам кітап жазды. Ол 1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылсоветінде дүниеге келген
Балалар , «Отан» өлеңді мәнерлеп оқимын .
1-ші шумақта не айтылған.
Атамекен деген не?- атаң, әкең, туған тіл, ата- салт дәстүрін еліміздің тарихы, мектебің үйің осылардың бәрі атамекеннің
2-ші шумақта не айтылған.
Отан - адамның туып өскен және тұратын жері. Адам ауылда , селода қалада дүниеге келуі мүмкін.Ата- анаңның үйі- сенің өмірге келіп ержеткен үйің .
Туған елім» -деп тек қана қазақтар айтпайды, себебі біздің елімізде бір шаңырақтың астында тату-тәтті жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады.
3-ші шумақта не айтылған? Отан отбасынан басталады.
Отбасы туралы айтылған? Ендеше отбасына кімдер жатады?
Ата
Әже әкем
ана аға
апа
IV. Кім епті?
Ата-әже, ана-әке.Сөздердегі а,ә дыбыстарының бір -біріне ұқсастығы мен бір-бірінен өзгешелігі неден ?
V. Сөздік жұмыс
Қуат- күш, әл, дәрмен
Ұран- үндеу, шақыру, дабыл.
V I. Оқулықпен жұмыс
-Бағандағы сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру.
-Тізбектей оқыту.
-Түсінгенін айтқызу.
VII Дәптермен жұмыс
Кім жүйрік? №1 Сөз құра
а
ә
№2 «Адасқан буынды тап.»
VIII. Сергіту сәті.
56-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз
57-жаттығу Жаңылтпашты жатқа айт.
Дала қыраны-жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді.Ұясын жерге салады. Ләйлек-мойны,тұмсығы ұзын сидам сирақты жыл құсы. Ол су жағалауында тіршілік етеді.
IX.
Отан, туған ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?
Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. Отан от басынан басталады. ... Отанын сатқан оңбас. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. Отаның тыныш - сен тыныш.
Х.Қорыту.
Сонымен балалар бүгінгі сабақта қандай өлеңдермен таныс болдыңдар ?
Отан дегеніміз не екен топтастырайықшы.
Отан-ата-ана, ауыл, ел, аудан, ұран, дос, тіл, бауыр, тарих, қуат, жер,
Отан туралы ән,
Х. Үйге тапсырма беру. «Отан »мәнерлеп оқу. 57-жат.
XI. Бағалау.