7


ҚМЖ 'Б дыбысы мен әрпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

БҚО, Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы ЖОББ мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Есқайрова А.Ж





Сабақтың атауы

Б дыбысы мен әрпі

Мақсаты

Оқушыларға Б дыбысы мен әрпін таныстыру. Б дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сөздер ойлап айтады, буындар арқылы жазады.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық дайындық


Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Сабақтың әрбір сәтінде жауап берген оқушы жұлдызшамен формативті бағаланып отырады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Тұсаукесер

- Өткен әріптерді қайталау.
«М» дыбысы мен әрпі, «Қар»мәтінін оқу. Бағандағы сөздерді оқытып, «Қар» мәтінін тізбектеп оқыту.
- «Қар» мәтінінде қай мезгіл суреттелген?
- Қыста қандай ерекше белгілер болады?

- Қандай ойындар ойналады?
«Қарлы кесек» ойыны
а) «М»дыбысына сөздер ойлап, қай жерде келетінін анықтау.
ә) Дыбыстық талдау жасау.
Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз? Дыбысты естиміз, айтамыз Әріпт і көреміз, жазамыз
в) Кеспе әріптен сөз құрап, тірек схема жасау.
г) Сөздерді буынға бөліп, буын құрамын анықтау.
Буынды қалай ажырататынын айтады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Негізгі бөлім

Балалар, мен сендерге жаңа сабақты бір шумақ өлеңмен бастаймын.

Бала, бала балапан, Сары алтындай алақан. Тез жетіңдер, жем берейін Дәнге толы алақан. Өлеңде не туралы айтылған? - Балапан. Балапан бізге бірнеше тапсырмалар алып келіпті.




Балапанның тапсырмасы:

. Жұмбақ шешу
1) Өзі біреу, көзі үшеу. (Бағдаршам)
2) Қанаты жоқ ұшпайды
Су астында қыстайды. (Балық)
3) Жазу жазып жалықпаған
Жаза-жаза арықтаған (Бор)
- Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайық
- Балық, бағдаршам, бор.
- Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Б» дыбысы.
Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан
пайда болатын ұяң дауыссыз. Б дыбысын ілемін.
Хормен айту. Мысалы: Б Б Б
Балапанның тапсырмасы: «Б» дыбысынан келетін сөздер айту .
Оқулықпен жұмыс
Бағандағы сөздерді оқыту
Мағынасын түсіндіру (бала, баба)

Бейнежазба

«Баба мен бала арасындағы аманат»

Жұмбақтың шешуін ойланады, жауабын айтады.

Сергіту сәті

«Балапан»биі

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Балапанның тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.
а) Ауада жазып көрсету.
ә) Таспа, баспа түрлерін таныстыру.
б) Жазу үлгісін орындау


Балапанның топқа тапсырмасы: Ережені еске ұстау.

І-топ Әріптерді санның ретімен орналастыру. ІІ-топ қол белгілері арқылы бағалайды. ІІ-топ «Б» дыбысы бар сөздердің астын сызу. ІІІ -топ шапалақ арқылы бағалайды. ІІІ- топ «Б» дыбысынан келетін суреттерді іріктеу. І-топ отшашу арқылы бағалайды.


Сабақты қорыту.

- Бүгінгі сабаққа кім қонаққа келді?

-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

«Сенде не бар?» жұптық ойыны

Б дыбысынан келетін сөздер айтылады.


Күнделіктеріне жазып беремін


Марапатталады.

Оқушылар қанша жұлдызша алғанын санайды.

Кері байланыс

Смайликтерге өзі қалаған стикерді жапсырады



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал