7


  • Учителю
  • Разработка 'Ер есімі-ел есінде'

Разработка 'Ер есімі-ел есінде'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Разработка на казахском языке. Данное мероприятие проводится в начальной школе. Оно проводится в форме конкурса между классами. в разработку включены стихи отечественных поэтов о Победе. Дается краткая информация о Дне По
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ер есімі - ел есінде.

Сабақтың мақсаты:

Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу. Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды өз елін, жерін, отанын сүюуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Желтоқсан құрбандарын еске түсіру

  2. Жансая Сәбитованың өмірі

  3. Естелік әңгімелері

  4. Көрініс

  5. «Қара бауыр Қасқалдақ» әнінің шығу тарихы

Қанша жыл, қанша ғасыр өтседе ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де - ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен тарихи оқиғалардың бірі. Осы тарихи оқиғаға байланысты өткізіліп отырған «Ер есімі - ел есінде» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат, Ләззат пен Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн. Әрине бұл күн - 1986 жылдың Желтоқсаны еді.


«Желтоқсан желі» әні (видео көрсетіледі)

1-жүргізуші: Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттың намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтар мен құрбандарды еске түсірейік. (слайдтан балаларға желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалардың суреттері көрсетіледі.)

Асанова Ләззат (27.07.70, Алматы обл. Панфилов ауданы, Ақжазық а. - 25.12.1986, Алматы) - (1986) құрбаны.

Қайрат Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы - 21 мамыр 1988, Семей қаласы) - (1986ж) қаһарманы

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970 ж. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылы - 26.12.1986 ж. Өскемен қаласы) - Желтоқсан көтерілісінің(1986 ж) құрбаны

2-жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты айтылар ойлар аз емес. Сол бір қаралы күндерде жастардың жазықсыз жазалануының куәсі болған ардақты ұстаз Жансая Сәбитова туралы көп айтыла бермейді. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды Жансая Сәбитоваға арнамақщымыз.

  1. Жансая Әлкейқызы Сәбитова - қатысқан қазақ қызы. 24 қаңтарда , , дүниеге келген. 1986 жылы №19 мектепте физика пәнінен сабақ берген. Қазақ жастарының жазықсыз жәбірленгендерін көріп, өз қарсылығын білдірген. Қарсылығын үнпарақтарға жазып таратқан. Сөйтіп жүріп құқық қорғаушылардың қолына түсіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 1989 жылы ақпан айының 2 жұлдызында ақталып шыққан.

  2. Ж. Сәбитованың басынан өткен қилы оқиғаларың бір сәтінен көрініс.

Көшеде шығып келе жатырған Сәбитоваға екі кезекші жасақ кездеседі. Сәбитова жандарынан өте бергенде қазақ жасақшы айтады: Мына әйел сезікті сияқты. Давай ұстап алып бастықтардың көзіне түсейік.

Орыс жасақшы: Ой сенде өз қазағыңды өзің ұстап бермекшісің бе? Мейлі өз жөнімен жүре берсін.

Қазақ жасақшы: Жоқ бұл әйелді қалайда ұстау керек. (артынан қуады)Азаматша тоқтай тұрыңыз , ана сумкаңызда не бар, бізге беріңіз.(Әйел қарсыласады, тартып алады, листовка табылады.)

Қазақ жасақшы: Ах,сволочь , сенің осындай адам екеніңді біліп едім . Сазайыңды тарттырайын , жүр тергеушіге апарамыз.

Сәбитова: Сені де адам диді-ау. Сені де анам ұл таптым деп қуанды-ау , сен - сатқынсың . Ал листовканы мен таратайын деп алып шықтым. Алаңда өрімдей жас қыздар мен жігіттерді өлімші етіп сабап жатқанда сенің намысың оянбадыма? Мен шыдап тұра алмадым, жастарға , балаларма сәлде болса қуат болайын деп шықтым. Себебі, мен - анамын. Сендей жалданбалы арсыз бола алмадым. Не істейсің, мен бәрінеде дайынмын.

Жасақшы: Доғар! Мылжыңдама! Мені қорқытатындай сен кімсің? Сені мен әлі басқаша сайратамын. Шашыңнан сүйреп , итке талатқанда басқаша сайрайтын боласың, салдақы өлімнен қорықпаймын дейді. Сен бірден өлмейсің , бірақ тіріде қалмайсың , бірте -бірте жаныңды қинап өлесің.
Сәбитова: Мен өлімнен қорқып сендердің аяқтарыңа жығылады деп ойлайсыңдар ма ?Алаңда жазықсыз қаны төгілген жастардан жаным артық емес. Күні ертең тәуелсіздік алып, арайлап таңымыз атқанда сендерге лағнет айтатын боламыз. Қарада тұр,бұл күндер әлі тарихқа алтын әріптермен жазылатын болады. Сонда сендер заң алдында да, ар алдында да жауап беретін боласыңдар!

Жасақшылар: Жүр! Қиялда, қиялдай бер.Тап қазір сені түрме күтіп тұр.Айтпақшы,Сабитова сенің 4 жасар қызың келіп тұр.Соңғы рет қоштасып қал,енді қашан кездесеріңді кім білсін?

Сабитова: Қызым келді ме? Құлыным, сол - қызым қайдасың? (Қызы келеді) мама мама (Қызын құшақтайды)

Жасақшылар екі жаққа айырып алып кетеді.


Қазақ ССР ҚПК-нiң 287, 299, 301 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақ ССР Жоғарғы сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi коллегиясы Үкiм еттi.
Қазақ ССР ҚIК-нiң 60, 65 баптары бойынша және Қазақ ҚК-нiң 60 бабы бойынша Жансая Әлкейқызы Сәбитова кiнәлi деп табылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қазақ ССР ҚК-нiң 65 бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қазақ ССР ҚПК-нiң 37 бабы негiзiнде жасаған қылмыстары жиынтығы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасы жалпы тәртiптегi еңбекпен түзету колониясында өтелсiн. Жазаны өтеу мерзiмi 1986 жылдың 20 желтоқсанынан есептелсiн». (1 том. 324-331 беттер)
Жазмыштан озмыш жоқ. Солай Жансая Сәбитова ұлтының мүддесiн қорғаймын деп «ұлтшыл» атанды. Сот шешiмiмен Желтоқсан көтерiлiсiн ұйымдастырушының алғашқысы болды және алғашқысы болып сотталды. Бес жылды арқалап, Жауғаштыдағы ЛА-154/4 еңбекпен түзету мекемесiне кете барды.
«... Ал, өзiм алдымда өңiм тұрғай, түсiмде көрмейтiн ауыр күндер күтiп тұрғанынан мүлде бейхабар едiм. Екi жыл, бiр ай және он бiр күн түрме түнегiнде ұстайтындай «қылмыс» жасап қойғанымды қайдан бiлейiн. Менi бiр сәт көрмесе тұра алмайтын бес жасар Маржаным ботадай боздап қалды. Тәттi қылықтарын тамсана есiме алып, талай түндер көз iлмей, жастығымды жасқа шылап, дөңбекшiп шығарымды, аяулы жарым Шәмiлдi аңсап, көз жасымды көлдетiп жүрерiмдi бiлiппiн бе, мен бейбақ?..». («Жан жарасы жазылар-ау» 19-20 беттер)

  1. жүргізуші: Тергеу кезінде мен жартылай қараңғы, иіс-қоқысты камерада отырдым. Дәл жанымда тарақандар, тышқандар жүгіріп жүргендіктен сүзек , тырысқақ ауруларын жұқтыру қаупінде болдым. Мені соттап,жақын жандарыммен жүздестірместен, колонияға жіберді. Менде тіпті қарапайым гигиеналық орамал, тарақ, тіс щеткасы сияқты заттардың болмауы да маған қосымша ауруларды жабыстыруы мүмкін еді. Сол уақытта ата-анамның «футбол добыдай» анда-мында бастары домалап, менімен жүздесу үшін қанша табалдырықты тоздырып, түңіліп таусылғандарын айтып жеткізе алмаймын. Менің құрбым бес жасар қызымның милиционерлерге: «Сіздерді жек көремін,сіздер маған мамамды көрсетем деп уәде бергенсіздер, мәшиненің астына түсемін,»-деп айқайлағанын жылап еске алады.

2-жүргізуші: Мен түрмеде отырып Ш.Айтматовқа, А.Громыкоға хат жазғаныммен , оларды жөнету мүмкін емес еді. Менің жазбаларым басқа құжаттармен бірге жоғалып отырды. Анасынан айыртып, кішкентай қызымды қайғыртып қойды. Менің сіңілім оны ай сайын «мамаң енді бір айдан кейін келеді» деп жұбатумен болыпты. Он айдан кейін қызым сіңілімді «Сен мені он рет алдадың» деп айыптапты. Сіңілім түрмеге жазған хатында Маржанның шашында ақ селеу пайда болғанын жазғанда барып, онымен кездесуге рұқсат еттім. Біз қоштасарда маған ең болмаса сабын алып қалуға рұхсат етпегенін көріп күйзелген қызым қалаға дейін жылап барыпты.

1-жүргізуші: Күйеуім партия қатарынан шығарылып, жүрек ұстамасына шалдықты. Әпкем мені ұстап әкеткеннен кейін ұйқысыздыққа душар болды. Тағы бір әпкем жүйкесі жұқарып, 51 жасында қимыл-қозғалыс жүйесі нашарап қалды. Ал, мені уаймдап жылай берген анамның көзінің көруі төмендеді. ҚР Президентінің Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды ақтау туралы жарлығы шыққанға дейін маған мамандығыммен жұмыс жасауға тыйым салынды. (Төлепберген.Болатбек.
Желтоқсан қарлығаштары. Алматы, 2010.- 248 б.)

  1. «Қара бауыр Қасқалдақ» әнінің шығу тарихы

2-жүргізуші: Жүрекке сөзбен жетпеген дүние әнмен жетеді. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жстар туралы едің арасындаекіұдай пікір қаыптасып биік көтерілісшілерді нашақорға, маскүнемге теңеп тұрған сәтте бір ғана ән халықтың рухын көтеріп, намысты қамшылады. Ол ән «Қара бауыр Қасқалдақ» әні еді. Желтоқсан оқиғасынан тура бір жылдан кейін дүниеге келді.

Қасқалдақ
с. Е. Раушановтікі
ә. І. Амановтікі
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.


ЕСЕНҒАЛИДЫ ҚАТЕРДЕН ТАПҚЫРЛЫҒЫ ҚҰТҚАРДЫ"

- "Қара бауыр қасқалдақ" әнi саяси астармен жазылғаны Колбиннiң де құлағына жеткен екен. Содан ол әннiң сөзiн жазған Есенғали Раушановты дереу шақыртып алады. КГБ-ның адамдары алып кетiп бара жатқан ақынның iшкi жан-дүниесi, әрине, әп-сәтте әлем-тапырық болған.

- Мына өлеңнiң астарында не жатыр? - деген бiрiншi хатшының сұрағына ол:

- Геннадий Василевич, бұл өлең Арал теңiзiнiң проблемасына арнап жазылған. Қасқалдақ деген құстың қаны - тоқсан түрлi дертке шипа. Ал қазақтың түсiнiгi бойынша, шүрегей деген құс сол қасқалдақты түрткiлеп көлден қуып жiбередi екен, - дептi.

- А-а, солай ма, жарайды онда, өте тамаша жазылған өлең екен, - дептi сонда Колбин.

"ҚАСҚАЛДАҚҚА" БИЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ"

- "Қара бауыр қасқалдақ" әнiнiң мағынасын бiреу түсiндi, бiреу түсiнген жоқ. Бiрақ жаңа стильдегi ән болғандықтан, ол жастар арасында кең тарап, оған той-жиындарда жаппай билеу кең етек алды. Сол бiр кездерi газет-журналдарда журналистер, өнер адамдары, жалпы зиялы қауым өкiлдерi "Бұл әнге билеуге болмайды. Халықтың рухын көтерген, нағыз патриоттық әнге билеу - кешегi Желтоқсанға қатысқан жастардың төгiлген қанының үстiнде билеу" деген мағынадағы мақалаларын жазып жатты. Содан берi бұл ән көбiне Желтоқсан оқиғасының қарсаңында айтылып келедi.


2-жүргізуші:
Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанованың өздері өлсе де, олардың отансүйгіштігі, ерен ерлігі ешқашанда өлмек емес, бізбен, біздің ұрпағымызбен мәңгі сақталмақ.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бұны бізге ешкімде аяп бермеді.
Тәуелсіздік - Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.

1-жүргізуші. Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанымен, оның мәні мен маңызы енді еш уақытта өшпейді. өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен ел есінде де ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан Коммунистік партияның лаңы ары таза, бүтін бір халыққа күйе болып жағыла жаздады. Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігі ажыратылды. Сөйтіп, біз өзімізді ақтадық. Бұл да ерлік. Желтоқсан қозғалысының ақ - қарасын айыруға ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді. Халықтық қолдау арқасында желтоқсан құрбындарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге арттарын беріп, құрмет көрсетіліп жатыр. Желтоқсан қозғалысында жазушылар, әншілер, композиторлар да өз наразылықтарын білдіріп, қасиетті қазағының намысын қорғады.

2-жүргізуші. Міне , оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 29 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 29 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Осымен Желтоқсан құрбандарына арналған Ер есімі - ел есінде атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ән : «Көк тудың желбірегені»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал