7


1 сынып Ш дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалімнің

аты -жөні

Пән аты

Кабинеті

Қайырбаева Ғ

Сауат ашу

№209



Сабақтың тақырыбы: Шш дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды Ш дыбысымен және оның айтылуымен таныстыру.

2.Ш дыбысы бар сөздерді талдау.

3.Ш әрпі таныту. Құрамында ш әрпі бар сөз, сөйлемдерді жазба әріптермен жаздырту.

4.Балалардың ауызша және жазбаша тілін, ойлауын, байқампаздығын, сөздік қорын дамыту.

5.Білімділікке, әдептілікке, дыбыстық, буындық талдау жасауға, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабаққа керекті жабдықтар: Әліппе - дәптер, кеспе әріптер, буындар, суреттер, дәптер түрлі-түсті бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, ізденушілік.

Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру.

Балалармен амандасу және сабаққа әзірлеу.

Үй тапсырмасын тексеру (өткен Уу дыбысы мен әрпін қайталау)

УУ

Улы саңырауқұлақты,

Уыстап жинап қойдым мен.

Уылжыған тәтті ас,

Уыз көжеге тойдым мен.


ІІ.Жаңа сабақ.

1.Тақтамен жұмыс.

Шар сөзінің басқы дыбысын бөліп айтқызу.Тақтаға жаздыру.

2. Әліппе - дәптердегі сюжетті суретпен жұмыс жүргізу.




1) Суретте не бейнеленген?

2) Көлікті кім жүргізеді?

3) Шақырым атауын қалай түсінесіздер?

4) Сен көлікпен алыс сапарға шығып көрдің бе?

5) Қандай көліктерге міндің?

6) Қай жерлерде (қалаларда) болдың?

7)Қала ішіндегі жолдарда көліктер сағатына қанша шақырым жылдамдықпен жүреді?

8) ШЫРША сөзіндегі алғашқы дыбысты ата. Суретте құрамында Ш дыбысы бар тағы қандай атауларды көріп тұрсың?

(шақырым, Шымкент, машина, ағаш, раушан.)

9) Суретті бояту.

10) Буындарды оқыту. Ш дыбысының айтылуына мән бергізу.

шу

аш

ша


шат

шап

шаш


11) Сөздерді буынға бөліп оқыту.

ША - НА

ША - ҒА - ЛА

РАУ - ШАН

Ша - на, ша - ға - ла, рау - шан сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату. Ш дыбысының әрпін көрсетіп оның қандай құралдың бөлігіне ұқсайтынын сұрау (шанышқы, айырға ұқсауы). Кеспе әріптерден шана сөзін құратып, оқыту.

13) Әліппе - дәптердегі бағанмен берілген сөздерді оқыту.

Буындары әр түрлі сөздерге талдау жасату. Әліппе - дәптердегі схемалы сөздерді оқыту, дыбыстары бірдей буындарды атату. Өтілген әріптерді ретімен оқытып, буындарды, ондағы дыбыстарды орналастыру ретіне қарай айтқызу.

ШАШ А - ША ША - ПАН

А - ШУ АЛ - ША А - ЛА - ША

ША - ШУ ША - РА А - РА - ША




14) Кеспе әріптер мен буындардан ша - пан, ша - ма, а- ра - ша, ал - ша сөздерін құрату.


Сөйлемдерді оқытып, сөздерге талдау жасату. Тақтаға шартты белгілермен сөйлем құрату. Сөйлемдерді оқығандағы дауыс кідірісіне көңіл аударту.


III. «Дыбыс қосып сөз жаса» ойынын ойнату. Қосылған дыбысты дұрыс дыбыстату. Ш әрпі, шана сөзін баспа түрімен буынға бөліп және қосып жазу.


ІV. Сергіту сәті



Қане, қане, тұрайық,

Басқаға қақпан құайық.

Біздің қақпан болаттай,

Қасқыр, қасқыр, көріп көр.

Қақпанға берік бол!

15) Қай суреттің атауында ША буыны бар, сол суретті буынмен байланыстыру.

ША

16) Шш әріпін баспа түрін жазғызу.

Дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптер жолына әріптерді дұрыс түсіру дағдыларына жаттықтыру.


Бас және кіші әріптерін, Шара сөзін, Шара, алша ал, Аға, шана жаса сөйлемдерін жаздыру.

V.Сабақты бекіту.

Өлең, жұмбақ жаттату.

Мысалы: Шыңда жүр шат балалар шанасы бар.

Шаршамас шаңғышылар, шанашылар,-деген үзіндідегі шана, шың, шат, шырша, шаңғы сөздерін сөйлем ішінен бөліп айтқызу.

VІ. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал