- Учителю
- Математикадан сабақ жоспары 'Тіктөртбұрыш' 2 сынып
Математикадан сабақ жоспары 'Тіктөртбұрыш' 2 сынып
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыш және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; оның мәнді белгілерін, ең жақын реті - төртбұрыш, ал түрлік ерекшелігі - -барлық бұрыштарының тік болуын тағайындау
Дамытушылық: Есепті әр түрлі тәсілмен шығарып, шешулерін салыстыру, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері әр түрлі өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру дағдыларын, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Геометриялық фигуралар, Тік төртбұрыш кестесі. Қосудың қасиеттері кестесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:Өткен тақырыптарға шолу, пысықтау.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Геом.фигуралар
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
1-тапсырманың а,ә бөліктерімен жұмыс.
Бұлар - тік төртбұрыштар. Тік төртбұрыштардың қарама-қарсы қабырғалары тең болады.
2 - тапсырма. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
Қызыл - 4 және 5 б.
? балық суреті.
Жасыл - 3 б.
І-тәсіл. (4+5)+3=12 (б)
ІІ-тәсіл. (5+3)+4=12 (б)
ІІІ-тәсіл.5+(4+3)=12 (б) - барлығы
Ж: 12 балық суретін қиып алды.
3 - тапсырма Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.( Ауызша талдау)
Жасады - 30 және 20 ой.
Сыйлады - 20 ой.
Қалды - ? ойыншық
І-тәсіл. (30+20)-20=30 (о)
ІІ-тәсіл. 30+(20-20)=30 (о)
ІІІ-тәсіл.(30-20)+20=30 (о) - -қалды
Ж: 30 ойыншық қалды.
5 - тапсырма
8+4=12 18, 28, 38, 48, 58, 68, 78, 88
5- тапсырма орындалады. Барлық мүмкін жағдайлар қарастырылады.
12-4=8 22, 32, 42, 52, 62, 72, 82, 92
6- тапсырма 11 санының құрамын пысықтау.
3 ? 6 ?
12
? 8 ? 5
Шығармашылық тапсырма
Ойлан, тап:
Қосымша тапсырма.
Салыстыр:
9*11-2 9+5*17-4 9+5*14-5
8+5*12 21-10*4+7 7+5*13-4
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 3 -тапсырма. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару керек.
4-тапсырма.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.