- Учителю
- Тәрбие сағаты ' Цирк әлеміне саяхат'
Тәрбие сағаты ' Цирк әлеміне саяхат'
Тақырыбы: Цирк әлеміне саяхат
Категориясы:
Ұйымдастырған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің әдіс- тәсілі: әңгімелеу, ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойын, қорыту.
Қажетті көрнекіліктер: Цирк кейіпкерлері, магнитті ағаштар, аңдар суреттері, цифрлар, интерактивті тақта, түрлі-түсті ленталар.
Ұ.о.і- ә. түрі: Дәстүрлі емес
Ұ.о.і- ә. типі: Білімді беіту.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы: Музыка ойнап, Клоун кіреді:
-Саламатсындар ма, балақайлар! Өздерің қандай әдемісіңдер! Қане, бәріміз танысайық, Ой мені танимысыңдар? Мен сайқымазақ клоунмын. Менімен бірге шаттық шеңбер жасаймысыңдар?
Шаттық шеңбер:
Амансың ба, күн ана!
Қайырлы күн, балабақша!
Қош келдіңіз, қонақтар!
Біздің балабақшаға!
Жарайсыңдар, балалар, мен сіздерге бүгін қонаққа келдім және жай келгем жоқ, өзіммен бірге цирк ойынын көрсететін достарымды да ала келдім. Ал, достарымның сіздерге арнаған көптеген қызықты ойындары бар. Циркке кіру үшін билет беремін. Оны түсі бойынша тауып отырасыңдар. Жарайсыңдар, орнымызға отыра қояйық. Қалай ойнауға, орындауға дайынсыңдар ма? Қане, олай болса кірісейік.
Ой, мынау қандай дауыс?
-
Жолбарыс келеді:
Доп ойнаған жолбарыспын,
Ұнатамын балаларды.
Егер маған көмек берсең,
Риза болам онан ары.
Менің жолбарыс досым ғой.
-
Ол мына баспалдаққа шыққысы келеді екен, бірақ оған шығу үшін санай білу керек..
Егер дұрыс санасаң, сандар шығады. Қалай біз жолбарысқа көмек береміз бе?
Әрине көмек береміз. Ендеше, санай қояйық.
-
2 3 4 5 6 7 8 9 10
2.Заттардың санына қарай сәйкес цифрын көрсет.
Менің арыстан досым балабақшаға әлі де келе қойған жоқ.
Сергіту сәті.
Ал, балақайлар, менің сіздер шаршамас үшін тапқан бір ойыным бар. Қазір барің орындарыңнан тұра қойыңдар, екі топқа бөлінеміз. «Заттар» тобы және «Пішіндер» тобы.
Әр зат өзінің пішініне ұқсас пішінді тауып, ұстап алу керек.
Онда бастаймыз.
Тамаша, балалар. Енді орнымызға отыра қояйық.
(Дауыс шығады)
Ой, балалар, естідіңіз бе? Менің тағы бір досым келе жатқан сияқты.
-
Арыстан келеді.
Аң патшасы арыстан,
Сіздерге келдім алыстан.
Ойын ойнап көрелік,
Алмаларды қосқаннан.
Менің алмаларымды есептеп беріңіздерші.
-
Алмаларды қосқанда қанша алма шығады?
Арыстанның бізге тағы бір ойыны бар екен. Бірге ойнайық.
-
Геометриялық пішіндерді дұрыс атасаң, артынан менің достарым шығады.
Енді менің піл досым келуі керек еді. Әлде ол жолды таба алмай жүр ме екен? Ендеше, оған көмек берейік. Барлығың орныңнан тұрып, мына үстел үстіндегі тапсырманы орындай қойыңдар.
Міне, сендер дұрыс орындаған соң, піл де келіп қалды.
-
Піл даусы шығады. Піл кіреді.
Мен алып піл болам,
Күшім жетер бәріне.
Арқамдағы ағаштарда,
Тапсырмам бар бәріңе.
Пілдің тапсырмасы: Мына алып ағаштарды піл көтере алады екен. Өзі осында көтеріп әкелген. Бұл ағаштардың жемістері өзгеше, геометриялық пішіндер өседі. Геометриялық пішіндерді әр ағашқа өз орнына жинау қажет.
Балақайлар, мен де сіздерге қызықты ойын алып келдім. Қане, ойнап көрелік.
6. Клоунның логикалық сұрақтары:
-
Екі мысықтың неше құлағы бар?
-
Бос вазада қанша алма қалады?
-
Үш сиырдың мүйізі нешеу?
-
4 дөңгелек неше машинаның дөңгелегі?
-
Тесік бөшкеге су қойып қойса бола ма?
-
Шайды қай қолмен араластырамыз?
Қорытынды бөлімі:
Тамаша! Сіздер қандай ақылды да, тапқыр балаларсыздар? Маған ұнағаныңыз сонша сіздерден кеткім келмей қалды. Ал, сіздерге ұнады ма?
Менің достарымның ойындары ше? Жарайсыздар!
Бірақ біздер кетпесек болмайды.
Тағы өздерің сияқты көптеген балаларға цирк ойынын көрстуіміз керек. Ойындар ойнауымыз қажет.
Ал, кетпес бұрын мен сіздерге сиқыр көрсеткім келеді.
Сау болыңдар, кішкентай достарым!
Білуі: Тура және кері санай білу, геометриялық пішіндерді атай білу, заттарды санау,
Меңгеруі: Сандарды қосу амалы, қолмен ұстай отырып, санай алу.
Жасай алуы: Тақтадағы тапсырмаларды орындау, шапшаңдық, үлестірме материалмен берілген тапсырманы өз бетінше орындай білу.