7


  • Учителю
  • ӘДебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

ӘДебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сүйемін, өскен Отаным


Мақсаты

Мақсаты: Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларымен таныстыру.
Міндеті:
1) Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту
2) Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту
3) Өз елін, туған Отанын сүюге баулу
Әдіс - тәсілдер: «Болжау», «Бес жолды өлең», «Венн» диаграммасы
Күтілетін нәтиже: - автор жайлы түсінік алады;
- Отан туралы түсінігі артады;
- тіл байлығы артады;
- өзін - өзі реттейді.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



Топ атын, ұранын жаздыру, топ басшысын сайлату.
Болғандары қол шапалақтау (бірдей), топ қатарын анықтау.
Топ ұстанымын айтып өтуін сұрау (алтын ереже)
- топтық жұмысқа белсене қатысу
- өзгенің пікірін тыңдау
- өз ойын ашық білдіру
- шынайы бағалау
- адал, әділ, ұйымшыл болу

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

а)«Туған өлкем - тұғырым» тарауындағы қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңіне тоқталамыз.
б) Мағынаны тану.
- Алғашқы сауалдарыңыз, яғни автор жайлы мен өзіне қысқаша түсінік бере өтейін, сол әңгімедегі негізгі ойды біз мәтінді оқи отырып танысармыз.
Хронологиялық таблица

суреті
туған жері, кім болған
шығармашылығы
мамандығы
туған жылы
Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тыңдату
- Автор жайлы қысқаша білдің?
- Не түсіндіңіздер?
- Енді өлеңдегі негізгі ойды анықтайық
- Ол үшін мәтінді «Болжау» тәсілімен оқып үйренеміз. (Өлеңді 4 топқа бөліп, үзіліспен оқу)
- Өлеңді бірнеше бөлікке мұқият түсініп оқуға тырысыңыздар. Сұрақтарға жауап бересіздер.
- Әр топ 2 шумақтан оқиды (Өлеңді оқып біткеннен кейін, сұрақ қояды).

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.


Ой толғаныс

- Осы өлеңнен не түсіндік?
- Қандай ой келеді; Негізгі ой не?
Негізгі идея: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау
I. Топтық тапсырма:
1 - топ: үлгілік ағашқа өлең бойынша ақынның нені сүйетінін жазады
2 - топ: ақын Мұқағали Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар. Ұқсас жолдарын жазу.
Қ. Аманжолов:
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Менде аямай барым саған беремін
М. Мақатаев:
Қарыздармын сондықтан
Беремін талай жырымды
3 - топ: Көркем шығармалар сызбасын құру
Көркем шығармалары
Поэзия - өлеңмен жазылады
Проза - қарасөзбен жазылады (әңгіме, повесть, роман)
4 - топ: Отан сөзіне ассосиация құру

Үйге тапсырма

I топ: Өлеңді мәнерлеп оқу. Менің Отаным Қазақстан тақырыбына кітапша жасау
II топ: Туған жер тақырыбына сурет салу
III топ: Менің Отаным Қазақстан тақырыбына эссе
IV топ: Отан туралы мақал - мәтелдер жинастыру

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

- Бәрін сабақта қандай сезімде болдым
- топ басшыларының сөзі

стикерге жазып жабыстыру

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал