7


  • Учителю
  • 'Білімділер әлемі' интеллектуалды ойынның жоспары.

'Білімділер әлемі' интеллектуалды ойынның жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Интелектуалды ойын: «Білімділер әлемі»

Мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу,сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру, ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі.

Мұғалім: -Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! «Білімділер әлемі» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!

Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ қазы сайлаймыз.


------------------------------------------

Топқа бөлу. Эмблемалар арқылы топқа бөлу.


Барысы:

I айналым. «Сен білесің бе?»

II айналым. «Сыр сандық»

III айналым. «Кім алғыр?»

ІV. Айналым. «Топ басшылар сайысы»
І айналым бойынша: «Сен білесің бе?» Әр топ мүшелеріне бір сұрақтан айтады? Сұраққа жауап берген оқушы 1ұпай алып, топтың қоржынына салады.

1 - топқа
1. Қазақтың билерін ата? Әйтеке, Қазыбек, Төле би
2. Жеті ата дегеніміз не? Өзіңнен бастап санағанда сегізінші атаға дейінгі аталар.
3. Ер еңбегі шалқып тасқан өлең авторы? «Туған өлкем» Өтебай Тұрманжанов
4. Абай Құнанбаев кім? Оның өлеңдерін ата. Қазақтың ұлы ақыны. «Ғылым таппай мақтанба», « Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз».

2 - топқа
1. Қ. Р - ның рәміздерін ата? Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Қ. Р әнұран авторлары Н. Назарбаев, Ж. Нәжімәдинов
3. Қазақтың ұлттық ақшасы? теңге
4. Күн мен түннің теңелуі? 21-наурыз.



3 - топқа
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Т. Әубәкіров
2. Сыйластық ережелері үлкенге жол беру,
3. Ғазиз Байтасов кім? Қазақтың қаһарман батыры.

4. Халық ағартушыларын ата. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов.



Мұғалім:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей келе екінші айналымға кезек береміз.


ІІ айналым: «Сыр сандық»

Әр топтан кезек-кезек ұпай санына қарай ұяшықтан сұрақтар таңдап алады. Сұраққа жауап берген жағдайда ұпай саны қоржынына жинап отырады. Басқа топ жауап берген жағдайда, ұпай саны соларға түседі.

20- 25+25 қосындысы нешеге тең?

20- Бір айда неше күн бар?

20- күз мезгілінің айларын ата.

30 - Қаламсап -орысша ручка - ағылшынша пен.

30 - кітап - книга- бук

30 - кун - солнце - сан

40 - бейне сұрақ.

40 - бейне сұрақ.

40 - бейне сұрақ.

ІІІ айналым. «Кім алғыр»

Сайыскерлер әр пән бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұпай санын жинайды.

Қазақ тілі Математика Әдебиеттік о

10 - 10- 10 -

20- 20 - 20 -

30- 30 - 30 -

І V айналым. «Топ басшылар сайысы». 2 минут уақыт беріледі, 25 сұрақ оқылады. Қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай есептеледі. 1 жауап 1 ұпайға тең.
1. Сен үшін ең құрметті не?
2. Мектеп саған не береді?
3. Ұялғанда не істейсің?
4. Сіз үшін байлық не?
5. Кім сұлу?
6. Қандай мақал білесіз?
7. Сөйлей-сөйлей кім болсасың?
8. Бақшада не өседі?
9. Қиындықты қалай жеңесіз?
10. Қандай салт дәстүрді білесіз?
11. Асыл мұраларды қалай құрметтейсіз?
12. Ең ұлы іс-не?
13. Құлақ неге екеу?
14. Кімге сенбейсіз?
15. Кімнің қамын ойлайсың?
16. Әке көрген не істер?
17. Үлкенді қалай сыйлайсың?
18. Балқашта не көп?
19. Қазақ ұғымында ұл бала қандай бала?
20. Ананың көңілі балада, баланың көңілі неде?
21. Кітап саған не береді?
22. Ұстаз кім?
23. Тіл не үшін керек?
24. Бақыт деген не?
25. Сен кімсің?

. Ең биік не?
2. Сіз үшін достық деген не?
3. Қандай салт-дәстүрді білесіз?
4. Анаң саған не береді?
5. Қандай аспапта ойнайсың?
6. Нені өсиет санайсың?
7. Қазақстан қандай?
8. Қандай мақал-мәтел білесің?
9. Ең құрметті не?
10. Неден қорқасың?
11. Ең кіші не?
12. Арманға жету жолы не?
13. Көз неге екеу?
14. Базарда не бар?
15. Қиындықты қалай жеңесің?
16. Ұлдардың ұлысы кім?
17. Қандай ақын-жазушыны білесің?
18. Қол не үшін керек?
19. Қазақ тілі қандай тіл?
20. Сіз үшін байлық не?
21. Ең жақын не?
22. Төрт түліктің бірі жылқы малына қатысты сөзді атаңыз.
23. Көре-көре кім боласың?
24. Өмірлік мақсатың не?
25. Не іздеп жүрсің?









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал