- Учителю
- Открытый урок '«С» дыбысы және әрпі'
Открытый урок '«С» дыбысы және әрпі'
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі: Шонабаева Азиза Еруовна
Ашық сабақ.
Сабақтын тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі.
Сабақтын мақсаты: 1. С дыбысы мен әріп таңбасын
таныстыра отырып,балаларды
С дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап
табуына көмектесу және көңіл бөлу,
сөздік қорына мән беру ой-өрісін,
тілін дамытып байланыстыра
сөйлеуге үйрету,ұғымталдыққа
тәрбиелеу.
2. Дидактикалық материалдарды
пайдаланып балалардын ойлау
қабілетін, қиялын, зеиінін дамыту.
3. Ойын арқылы балалардын ой-өрісін
кеңейту және игерген білімдерін
бекіту.
Көрнекілігі: кеспе әріптер,текшелер,плакаттар,әліппе
дәптер.
Сабақтын әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтын түрі: аралас сабақ.
Сабақтын барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Арайлап таң атты.
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн, балалар,
Қайырлы күн, қонақтар.
Үй тапсырмасы:Бб дыбысын оқыту, дауысты және дауыссыз дыбыстардан сөз құрау.
Жаңа сабақ: «С» дыбысы және әрпі.
Жұмбақ.
Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (С әрпі)
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)
-Сбіз деген сөздің бында қандай дыбыс естіледі?
-С. (2-3 рет қайталау)
-С дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз.
С дыбысына байланысты сөздер ойла.
Сырға,сқина,сағат,сабын,сәбіз,саты,сурет,Сара,сарымсақ.
С дыбысы сөздін басында, ортасында, соңында кездеседі.
Басында: сәбіз,сағат ,сырға.
Ортасында: тасбақа,торсық.
Соңында: ананас,қыс.
Оқулықпен жұмыс:
Сан сал са ба ма са бас
са на са ла са бақ ма сақ қос
са нат са ға са ғат са мал ДОС
-Сара, сабаққа бар. -Асан, сағат қайда?
-Сара қайда? -Сағат қалтамда.
-Ол сабақта -Ол- қалта сағат.
Сап- сап та аш- аш па сал- сал ма
Қап- қап… қаш- қаш… қой- қой….
Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық ,
Қолымызды соғайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Онымызды табайық.
Дәптермен жұмыс: С дыбысын ауада және дәптерге жазу.
Қорыту: С дыбысынан келетін суреттерді табу.
Жұмбақтар шешу.
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. ( сызғыш)
Бар ойыңды жиямын,
Ақ қағазға құямын. ( сия)
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жақта жер құрғайды. ( су).
Бағалау:
Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік әліппесі.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың адам бойындағы ұнамды,
Ұнамсыз қылықтарын ажырата отырып,
әдеп әліппесін бойына дарыту.
2. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту,
Таным белсенділігін арттыру.
3. Әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, сыпайы сөздер,
«Әдептілік әліппесі».
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап оқыту, жаздыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Топпен жұмыс.
Әдеп деген-сіз,
Әдеп деген-біз,
Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет.
2.Үй тапсырмасы: Не тәтті? Ереже жаттау.
Мәтінді оқытып сұрақтарға жауап алу.
-
Дүниеде не тәтті?
-
Дүниеде не жұмсақ?
Жуан дауысты дыбыстар: Жіңішке дауысты дыбыстар:
А, О, Ұ, Ы. Ә, Ө, І, Ү, Е.
3. Жаңа сабақ: Әдептілік әліппесі.
-Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар? Немересі әжесіне жол беріп жатыр.Немересі үлкен адамның жолын кеспейтінін біледі.
-Балалар бұл бала қандай бала? (кішіпейіл бала).
Оқушылырға «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.Оқушыларға тізбектеп оқытып шығамын.
Сұрақтар қойып жауып аламын.
-
Атасы немересіне қандай ақыл айтты?
-
Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?
-
Саған ата-анаң қандай ақыл айтады?
-
«Менің атам»тақырыбына әңгіме құрастырып айтқызу.
-
Өлеңнен атаның ақыл сөздерін теріп жаздыру.
Әдепті адам қандай болады?
I- топ. II- топ.
Адал Сыпайы
Жақсы Ақылды
Тіл алғыш Тәртіпті
Қандай сыпайы сөздер білесіңдер?
Рұқсат па? Кешіріңіз
Сыпайы
сөздер
Сәлеметсіз бе Сау болыңыз
өтінемін, ғафу етіңіз.
Оқулықпен жұмыс:
44- жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Ең жақын адам.
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»дейтін.
Ф. Оңғарсынова.
1.Алдымен жуан айтылатын,соңынын жіңішке айтылатын сөздерді атау.
2.Аналарың сендерді не деп еркелетеді?
45- жаттығу: Өлеңді оқып, үшінші шумағын көшіріп жазу.
Құлыншақтар,
Қозы, лақтар-
Бәрі-ақ ұйқыда.
Сен- жұлдызым,
Сен- көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.
М. Жұмабаев.
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Қорыту: «Т» кестесі арқылы сабақты қорытамын.
Әдепті Әдепсіз
Тіл алғыш Жалқау
Сыпайы Ақылсыз
Тәртіпті Бұзық
Кішіпейіл Мақтаншақ
Ақылды Салақ
Үйге тапсырма: « Әдептілік әліппесі» мәтінін мәнерлеп оқу.
Мақалды жаттау.
Бағалау: