- Учителю
- Дүниетану пәнінен сабақ жоспары
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары
Күні: Пәні:Дүниетану Тексерілді:
Сыныбы:2- сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Адам мен табиғат қарым-қатынасы туралы түсінік қалыптастыру, өздігінен оқу, мазмұндағы құбылыстарды түсіну, өзін ойланту сияқты үрдістерге қосу.
2) Дамытушылық: Сөздік қорларын байыту, терең ойлауға және еркін сөйлеуге үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Отанды, туған жерді таныту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:плакат, күн.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша сұрақтарға беру, әңгімелеу, талдау жасату.
ІІІ Жаңа сабақ.
Күн-табиғаттың бір бөлшегі. Енлеше, адам жылуды күннен алады. Күн-табиғатқа жылу, жарық сыйлайды. Күзде, жазда, көктемде жылу жерге күннен мол тарайды. Адам, өсімдік, жанувр рақаттанып, тіршілік етеді. Күннен келетін жылу барлық тіршілік иелнріне, соның ішінде адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға да қажет. Мысалы ағаштар күннен алған жылудың артық мөлшерін денесінде сақтайды. Отынды жаққанда одан жылу бөлінеді, оған адам тамақ пісіруге, үйді жылытуға болады. Ендеше отын да табиғаттың заты, яғни өсімдіктер, жануарлар-бәрі-бәрі күн сияқты табиғаттың перзенті. Адам жылуды табиғаттан алады,- деген пікірдің бір дәлелі осы.Қыс кезінде адам өзі тұрған үйді от жағып жылытады. Адамдар жылы қыстық киімдер киеді. Жылы киімге керекті материалды мақтадан, аң мен малдың жүнінен, терісінен дайындайды. Адам үйді салғанда оған кірпіш, саз, құм, тас, ағаш, шыны, т.б құрылыс материалдарын пайдаланады. Бұл материалдар да табиғаттан алынады.
1. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, тапсырмалармен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру.
1) Адамның жылуды, ауаны, жарықты, суды, тағамды табиғаттан қалай алатынын өз сөзіңмен әңгімеле.
2) Киім тігу үшін адамдар табиғаттан нені пайдаланады?
2. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
3. Дәптермен жұмыс.Төмендегі сөздерді құрап оқысаң құрылыс материалдарының атауы шығады.
4. Жаңа сабақты бекіту: Табиғат адамға не береді? Сызба бойынша әңгіме құрастыру.
ІV Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
V Үйге тапсырма беру: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.
Күні: Пәні:Дүниетану Тексерілді:_______________
Сыныбы:2- сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам және айналадағы дүние.
Сабақтың мақсаты: 1.Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы
алғашқы қарапайым тсініктерді қальштастыру.
2.Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы
айта отырып логикалцық ойлау қабілетін есте
сақтау қабілетін дамьпу.
3. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызын түсіндіре
отырып оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: 1.Оқушылармен амандасу
2.Сынып тазалығын тексеру
3.Оқу құралдарын түгендеу
4.Назарларын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге бірілген тапсырманы мазмұндатып,
сұрақтар қою арқылы пысықтау.
Ш. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Табиғат, табиғат қүбылыстары,, табиғат заттары туралы. Адам қолымен жасалатын затгар туралы түсінік беру. Сергіту сәті:
Ү. Оқушы білімін тексеру: а) Айналадағы дүниемен танысу. «Табиғаттан үйрене біл» тақырыптарын оқи отырып түсіндіру. ә) Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Баска адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді. Біздің білмейтініміз көп, оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптыға нұр жауар» деген нақыш осыдан шыкса керек. Адам өз өміріне қажетнінің бәрін табиғаттан алады. Сондықган адам табиғатқа камқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздын 38-бабында жазылған.
2. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
ҮІ. Бекіту кезеңі: ә) табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары: 1. Бап арасы гүлге кұжынай қонса жаңбыр жауады. 2. Егер күн батарда бұлтка енсе ертеңінде күшті жел болады. З. Егер қарлығаш жер бауырлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.
ҮІІ. Қорытындылау: Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.
ҮШ. Үйге тапсырма .Бағалау.