- Учителю
- Ана тілі. 'Тасбақаның шөбі' тақырыбындағы сабақ жоспары 4- класс.
Ана тілі. 'Тасбақаның шөбі' тақырыбындағы сабақ жоспары 4- класс.
Сабақ тақырыбы: Ә.Кекілбай. Тасбақаның шөбі
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Ә. Кекілбай «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ұғындыру. Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға, ойларын жүйелі баяндауға дағдыландыру. Ой-өрісін дамыту, талдау, салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру. Мейірімділікке, жан-жануарларды күтуге, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1.Тасбақа туралы мәлімет алады.
2. Ой-өрістерін дамыта отырып,ырымдарды салыстырады,зерттейді,қолданады.
3.Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге,халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиеленеді.
Көрнекіліктер: автор портреті, тасбақаның суреті,
Сабақта қолданылатын әдістер: диалог, топпен жұмыс, жұппен жұмыс.
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөлу. Оқушылар бір-бірден жолақшаларды алып, түсіне байланысты топқа бөлінеді. Жолақшалардағы жазылған өлең жолдарын ретімен қойып,оқып беріп, авторын ,өлеңнің атын тауып айтады.
1.Ілияс Жансүгіров «Көкшетау» 2. Мұқағали Мақатаев «Қазақстан»
Таудағы тасқындаған ағын судай, Жақсаттанды демессің сүйем десем,
Өлеңім басталады таудан ұдай. Табынатын тәңірім, ием де сен.
Әсемін әңгіменің көп таратқан Адам болып күн кешу қиын маған,
Айтылмай қалған екен тау мынадай. Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
3.Қасым Аманжолов «Туған жер» 4.Мағжан Жұмабаев «Түркістан»
Шықшы тауға, қарашы кең далаға, Түркістан-екі дүние есігі ғой,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең, Киелі Түркістандай жерде туған
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Өлеңдердің аттары топ атаулары болып алынады.
Психологиялық дайындық
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Үй жұмысын тексеру: С Жиенбаев «Ұшып келем» өлеңін жатқа айту.
Жаңа сабақ:
Жұмбақ шешеді:
Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та жамалмас.
Шешуі: тасбақа
1-тапсырма:Топтық жұмыс
1-топ. Ә. Кекілбаев кім?
2-топ. Тасбақа туралы не білеміз?
3-топ. Ырымдар дегеніміз не?
4-топ. Ырымдар айту, мағынасын түсіндіру.
Жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады
Тақырыпты оқу. Түсіндіру.
Оқушыларға оқыту.
«INSERT» стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескере отырып,мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс
1-топ.Жазушы «кісі мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр?Әңгімеден Қарабала мінген аттың жүрісін көрсететін сөйлемдерді тап.
2-топ.Қарабала келе жатып нені көрді? Әңгімеден тасбақа жүрісін көрсететін сөйлемдерді тап.
3-топ.Қарбаланың есіне халықтың қандай ырымы түсті? Көсік деген не?
4-топ.Тасбақаның аузынан шөп алсаң қандай тілек тілер едің? «Шыбын жаны көзіне көріну» дегенді қалай түсінесің?
Сергіту сәті.
Рефлексия: «Галереяға саяхат» әдісі қолданылады.
Үйге тапсырма: 1.Әңгіме бойынша түсінгенін айту. 2.Әңгіме мазмұны бойынша сурет салу.
Бағалау. Бағалау парақшасын толтыру.