7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі 2 сынып 'Сөйлем' тақырыбына сабақ жоспары

ҚАзақ тілі 2 сынып 'Сөйлем' тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:2 «б»

Мерзімі:20.11.2015

Сабақтың тақырыбы:Сөйлем

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыда сөйлем ,сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру,ауызекі сөйлеу тиілдерін, ойлау жүйесін дамыту,жылдам,әдеби жазу дағдыларын қалыптастыру,өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Тәрбиелік :бір-бірімен қарым-қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой қорыту,жаттығу, ойын технологиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: ағаш, кеспе әріптер, сөзжұмбақ

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу

Пайдаланған әдебиет: қазақ тілі 2 сынып Алматыкітап.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІІІ.Жаңа білім негіздерін игерту.

Сергіту сәті.

ІV.Жаттығу жұмыстарын орындау.

V.Бекіту.

VI.Қорытындылау.

А)үй тапсырмасы.

Ә)бағалау.

Б)рефлекция.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қалдарың қалай?

Ә)түгендеу.

-Сабақта кім жоқ?

Б)Психологиялық дайындық:

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар,сөйлеген дана тілім!

Қастерлейді, ұл- қызың, мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!,- дегендей бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Үй жұмысын тексеру.

-Балалар үй жұмысына не берілді?

ІІІ.Жаңа білім негіздерін игерту.Бағдарлау-мотивациялық кезең.Сабақтың мақсатын қою.Оқушының қызығушылығын ояту.

-Ерте ,ерте ертеде бір Сөз деген патша болыпты.Оның отауы Синтаксис деп аталады.Сөздер бір -бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ал, ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.Бұның қалай аталатынын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.

С

а

ғ

а

т


Ө

р

і

к

а

Й

н

а


ж

Е

Л

Е

р

і

Н

М

ұ

з

1.Күндіз-түні жүреді,

Сырғымайды бір елі.

2.Тәтті,тәттінің іші қатты,

Қаттының іші тәтті.

3.Түйістіреді көзіңді көзіңе

Жолықтырады өзіңді-өзіңе.



4.Көзге көрінбейді,қолға ілінбейді.

5.Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

6.Суға батпайды, отқа жанбайды.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Сөйлем» деп аталады.Балалар, сөйлем дегеніміз не? Ереже құрастырып көрейікші.

  1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

  2. Сөйлем сөздерден құралады.

  3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

  4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.

  5. Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.



1-жаттығу.Сөздер мен сөйлемдерді оқы.

Балалар біз қазір ойын ойнаймыз.Мен сендерге жеке жеке әріптер таратып беремін сендер сол әріптерден сөз құрастырасыңдар.

Сөздер:кітап, дала, суытты, көркем, жаңбыр, күшті, ағаш, дос, оқыды.

Ал, енді барлығымыз тақтадағы ағашқа назар аударамыз.Ағашта сөздер берілген сол сөздерден сөйлем құрастыру керек.

Сөйлемдер:Кітапты күтіп ұста.Далада суық жаңбыр жауып тұр.Көк бие құлындады.

Сөздер мен сөйлемдерді салыстыр, олардың қандай айырмашылығы бар?

2-жаттығу.

Қайрат сабақтан келгенде,үйден жазылған қағаз тауып алды.Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты.Қайрат не жазылғаны түсіне алмады.Айжанның не жазғанын оқып көр.

МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМ

Айжанның жазуын оқу неліктен қиын болды?Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?

Сергіту сәті.

3 жаттығу.Өлеңді түсініп оқы.

«Сүйікті пән»

Түртіп қалдым Майқанды,

Майқан маған қарайды

-Әй, сен осы қай пәнді

Сүйесің?-деп сұрадым.



-Білгендерге пән-мәннің

Барлығы да тәуір-ау!-

Деді Майқан.-Ал менің

Сүйер «пәнім»-қоңырау!

Қ.Мырза Әли

Сен қай пәнді жақсы көресің?

Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?

Ереже:Сөйлемнің соңына не нүкте (.),не сұрау белгісі(?), не леп белгісі (!) қойылады.

-Балалар, сөйлем тақырыбының тыныс белгілеріне байланысты жұмбақтар жасырамын, ал сендер ойлана отырып табыңдар.

Мен де сөзден тұрамын,

Сұраулы ойды құраймын.



Өзім де сөзден тұрамын

Хабар мен нүкте жинағым



Қуану, ренжу, өкіну,

Мақсатым соны сездіру.

Енді келесі тапсырманы орындайық.Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.

Аппақ.Айнұр, киім, қыс, жасады, аққала, киді, дала.

4-жаттығу.

Көкек мәтінін тізбектей оқыту, тыныс белгісін қойып тақтаға жаздыру.

Бекіту.

  1. Сөйлем дегеніміз не?

  2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

  3. Сөйлем неден құралады?

Қорытындылау

А)үй тапсырмасы: 5 тапсырма 94 бет.

Ә)бағалау.

Б)Рефлекция

-Балалар сабақ аяқталды, сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал