7


  • Учителю
  • Сауат ашу 1 класс ' Төрт түлік. Төлдер'

Сауат ашу 1 класс ' Төрт түлік. Төлдер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Төлдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушылардың сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санымен таныстыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу. Балаларды жануарлар түрлерімен, оның ішінде төрт түлік малдың төлдерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Қоршаған ортаны, ондағы құстарды, жан−жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Жылқы Түйе Сиыр Қой, ешкі

Төрт

түлік

мал

төлдері

------------------------------------------------------------------------------------------

құлын бота бұзау қозы, лақ

Кестені толтыр

Төрт

түліктің

пайдасы

сүттен

жасалған

тағамдарды

жүннен

жасалатын

киімдерді

теріден

жасалатын

заттар


Оқулықпен жұмыс.

Тақырыпты с уретпен жұмыс. «Жайлауда» .

Сұрақтармен жетелей отырып төрт түлік төлдерін таныту.

Суреттегі әр жануар атауына мән беру.

Ол сөздің мағынасын ұғындыра отырып жеке сөздерге сөйлемдер құрату.

Сөздерді буынға бөлуге дайындық жұмысын жүргізу.

Сөз сызбасымен ондағы буын санымен таныстыру.


Сурет ішінен екі, үш буынды сөздерді тапқызу.

Өздеріне екі, үш буыннан тұратын сөздер ойлату.

Сөзжұмбаққа тиісті төл атауын тауып қою.


Сергіту сәті.

Ақ сиырдың сүтін іш,

Ақ сүт берер саған күш.

Шым-шым мөлдір суға түс,

Тұмау тисе қуа түс.


Төрт түлік малға байланысты қандай мақалдар білесіңдер?

Малды қалай шақырады?

Төрт түліктің иесін ата.


Жазу жұмысы.

Жазу дәптеріндегі үлгімен жұмыс.

Саусақтарға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.


Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал