7


  • Учителю
  • Класный час 'Күн, суа, ауа-денсаулық үшін'

Класный час 'Күн, суа, ауа-денсаулық үшін'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Күн,су, ауа - денсаулық үшін!

Мақсаты: ауа, су, күн, жылу және олардың маңызы туралы балалардың білімдерін тереңдету. Ауа туралы ұғымды түсіндіру, су - тіршілік көзі екендігін, оның пайдасы туралы білімдерін кеңейту. Күннің жылу және жарық беретіндігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: күн, журек,суреттер, шарлар,гулдер..
Мұғалім :
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастайын.
Балалар қонақтармен амандасады:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Тыныштық сәті: музыка әуені жіберіледі
Мұғалім : Балалар, бір-бірімізге таңғы жылы тілектерімізді білдірейік.
Балалар:
1. Аспаның ашық болсын!
2. Күніміз жарқырасын!
3. Деніміз сау болсын!

Мұғалім:
Балалар, жарайсыңдар! Мен де сендерге әрқашан жақсылықтар тілеймін. Балалар, мен сендерді бүгінгі сабағымызды есте қаларлықтай ерекше болсын деп топқа бөлініп сөз жарыстырып, талас-тартысты қызық болсын деп сайыс өткізгелі тұрмын .Олай болса,қазір жеребе алып топқа бөлінеміз
Мұғалім : Бізді қоршаған орта - табиғат деп аталады. Ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай-ақ жан-жануарлар мен құстар, жәндіктер. Ал біз өзімізді табиғаттың бір бөлшегіміз деп айта аламыз.
Алдымен біз тірі табиғат пен өлі табиғатты еске түсіріп алайық.
І Бөлім
1. Тірі табиғатқа нелер жатады? (жан-жануарлар, құстар, өсімдіктер)
2. Өлі табиғатұа нелер жатады? (ауа, тас, су, күн т.б.)
Ойынның шарты: Балалар,енді әрқайсымыз өз тобымыздын атын қорғап оның пайдасы мен маңызын айтып өтеміз.
Олай болса өлі табиғаттың пайдасы туралы Әр топтың тақырыпты қорғауы.
ІІ бөлім «Ойы ұшқыр,озар.»

Жұмбақ.
1. Өмірде одан басқа мол ештене болмайды,
Құшақтасаң құшағыңа толмайды. (ауа)
2. Бар ма жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
3 Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн)
4. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
5.Аяқсыз-ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтындаршы, осыны кім біледі. (су)

6.Өзі көк, көленкесі жоқ. 3. (су)
7. Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
8.Тырс-тырс тамады
Сайға қарай ағады (жаңбыр)

9.Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр
Дабылдап дабылын ол қағып тұр (найзағай)

Мұғалім :
Балалар, менің сұрақтарыма мүдірмей жауап бердіңдер, жұмбақтың дұрыс жауабын таптыңдар. Осының бәрі денсаулыққа пайдалы нәрселер емес пе?
ІІІ бөлім Мақал-мәтелдің жалғасын табу
1.Денсаулықтың қадірін,.............. білерсің
Отыз тістің қадірін,......................білерсін
2. .................. ауырса, қолыңды тый
...................... ауырса, аузыңды тый
3.Дені саудың,................. .
4. Іздеп алған аурудың, ............ табылмас.
5. Демі бардың,............... бар.
6.Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса,........... тәтті.

Денсаулық-өмір кілті
Денсаулық -зор байлық -деп айтады адам
Денсаулығың болмаса өмір қайдан?
Денсаулықтың арқасында білім алып
Денсаулықтың арқасында қуаттанам
Жалқаулық денсаулықтың жауы байқа
Ерінбей мөлдір суға жуын қайта-қайта
Сыртқы бейне тазарып жарқырасын
Адамдық кепілі ол оны да ойла
Денсаулықтың кепілі ішкі дүние
Жүрек таза дүр ойлы болсын таза
Кірлетпейік жүректі арам оймен
Денсаулығың болады сонда ғана

Ұштастырып өмірді білімменен
Көрсетпейік әдепсіздік ұйымменен
Шынықтырып денені күресейік
Жалқаулықты жояйық дұрыс іспен!

ІV бөлім
Қане балалар, енді бір жаттығу жасап алайық.
Сергіту сәті
Сөзін жазған өзім:Қонарбаева Гулжамила
Әні: «Львенок и черепаха» мультфильмнен алынған
Теңіз бойын жағалай
Келеміз біз аралай
Күн шуақ, таза ауа
Жағадағы ауаны -ай!

Қыздырындық күнге біз
Шымыр болған денеміз
Өйткені бәріміз күннің нұран сүйеміз
Ең қажет біз үшін
Денсаулық деп білеміз!

Жақсы жақсылап серігіп алдық. Табиғат қандай тамаша! Табиғат туралы тақпақтар.
Табиғат заңы
Айнала мұнар.
Ұйтқыған дауыл.
Ақ шаңдақ!
Құйын жүр жүйткіп, асаудай басы
қақшаңдап.
Қара бұлт жылап,
қамығып бетін басады
Көзінен жиі тынымсыз жерге жас парлап.
Найзағай отпен келеді желді қуалап,
Таңданып іштей бұйығып қана тұр алап.
Бәріне бұйрық беретін өзі болған соң,
Қарайды күліп,
жабықтан ақ күн сығалап. Мақсұт Неталиев
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолды жу
Жусан сен әрдайым
Аппақ бетін мандайын
Тазалықтын досы
Су дегенін осы
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тәмам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытамыз қадірін
Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз
Тұнық таза ауамыз,
Сылдырлаған сумыз біз, тазамыз.


ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ
От та, су да, ауа да,
Жан-жануар - барлығы.
Орман, теңіз, таулар да -
Табиғаттың байлығы.
Сол байлықты бағалап,
Келер күнге сақтайық.
Алақанда аялап,
Сәбидейін баптайық.
Түн пердесін ай ашып,
Күндіз тұрса күн күліп.
Күн менен түн алмасып,
Жалғасады тіршілік.


Жүректен жүрекке жүрек жарды тілектер жазу.


Хор: Аман болсын қазақ елім!
Сөзін жазған өзім: Конарбаева Гулжамила
Әні: «От улыбки» мультфильмінен алынған
Балдырғаны қазағымның біз
Ашық аспан достық біздің тілегіміз
Аспанымда жарқырасын күн
Өз елім деп соғады әркез жүрегіміз
Қайырмасы /2 рет/
Адалдық та, достық та
Бір болайық қашанда
Шаттанайық, ән салайық бәріміз біз
Аман болсын ата-анам!
Аман болсын достарым!
Аман болсын әрқашанда қазақ елім!
Болашақтың жас ұланымыз
Туған жерді, ата-ананы құрметтейміз
Достығымыз жарасып жүрсін
Отаным деп соғады әркез жүрегіміз
Қайырмасы /2 рет/
Адалдық та, достық та
Бір болайық қашанда
Шаттанайық, ән салайық бәріміз біз
Аман болсын ата-анам!
Аман болсын достарым!
Аман болсын әрқашанда қазақ елім!
Мұғалім:
Ал, балалар сендер барлығыңда ерінбей,бір-біріңнен қалмай табиғат туралы білімдеріңді, өлеңдеріңді ортаға салдыңдар. Табиғатты қорғайық,жер ананы қорғайық,судың,ауаның, куннің ешкімді бөліп жармай барлығына да ортақ жақсылық жасағаны сияқты біз өзімізде отбасымызда, сыныбымызда тату болып табиғат берген осы сыйды алақанымызда аялап,қорғау мына адам біздің міндетіміз деп есептесек, денсаулығымыз жақсы болып ұзақ өмір сүруге болатынын біле жүрейік. Барлық атсалысқан оқушылар ,алтын уақытын бөліп келген ұстаздарға үлкен рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал