7


'Сөйлеу әдептері ' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу әдептері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тілдің маңызды құрал екенін түсіндіру арқылы

шыншылдыққа,туралыққа,ойланып сөйлеуге үйрету.



Міндеттері: Оқушыларға тілдің ерекшеліктерін және мүмкіндіктерінің зор екендігін

ұғындыру,оны тиімді пайдалануға үйрету.



Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

Топпен ән айту

II.Дәйексөз: Көп ойлап жақсы сөйле-нұсқа болсын

Сұраса-жауабыңда қысқа болсын. Ж.Баласағұни

III.Әңгімелеу

Тіл адам баласының көңіліндегі ашу,махаббат,жұмсақтық,қаттылық,оқу,әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді.Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын.Біреуге тіл тигізіп,сөз тасып,өсек айтпаңыз.Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз.Біреудің сөзін бөлмеңіз.Біреу жаңылысса,сөкпей,жаймен түзетіңіз.Өзіңіз қателессеңіз,мойындаудан ұялмаңыз.Біреудің сөзін қайталамаңыз. Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз. Ата-баба не ұстазыңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз. Біреудің сұрағанына жауап бере алмасаңыз, кешірім өтінсеңіз айып емес. Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап, әңгімелесіңіз. Өзің сойлегенде ойыңды анық жеткіз. Ант ішіп сойлемесе, ол-өтірікшінің әрекеті. Өзің толық білмеген сөзге таласпа. Болымсыз әңгімемен уақыт өткізбе. Заманға лайық іс қылып, халықтың жайын ойла.





IV Аңыз:

Не айтатыныңды ойлап ал

(Үнді аңызы)

Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл сұрайды.

  • Ата, менің де сіз сияқты данышпан атанғым келеді. Бірақ менің бір кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?

  • Жақсы, -деп жауап берді ақсақал. - Базарға барып, тауықтың қанатын сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып, жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел.

Әйел данышпанның сөзіне таң қалады. Алайда өзі өте қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.

Ертеңгі күні тағы келеді.

Өте жақсы. Бірінші тапсырмамды орындадың. Енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал, - дейді данышпан.

Ол мүмкін емес қой, ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап алам?

Сұрақтар:

1.Осы нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2.Данышпан әйелге қандай тәлім берді?

3.Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

Тыныштық сәті. «Мой нұр»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал