7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Еңбекке баулу Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері. .

Сабақ жоспары. Еңбекке баулу Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері. .

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері. Сабақтың мақсаты:а) Қазақтың ұлттық киімдерімен және оның түрлерімен ,соның ішіндегі қыздың, ер адамдардың ,ата мен әжелердің киімдерімен таныстыру. ә) Оқушыларды ұлттық киімдердіңәдемілігін, сұлулығы
предварительный просмотр материала

Ауызекі сөйлеу - дыбыстап айтып, құлағымызбен еститін сөздер, Яғни үн арқылы беріледі.

Жазылып берілетін хабар жазбаша сөйлеу деп айтылады. Адамдар ертеде әріпті немесе таңбаларды білмей, тасқа сурет салып білдірген

Дыбыс дегеніміз не?Естиміз. көреміз

Әріп дегеніміз не?Көреміз,жазамыз

Сөз неден құралады? Сөз дыбыстардан құралады

Сөйлем неден құралады? Сөйлем сөздерден құралады

Қазақ алфавитінде 42 әріп бар. Алфавитте әрбір әріптің аты аталып, орын реті белгіленген.

Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге -Дауысты және дауыссыз.

Дауысты дыбыстарды ата? Айтылу кезінде кедергіге ұшырамай шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атаймыз: А,Ә,О,Ө,Ұ,Ү,Ы,І,И,Е,У,Я,Ю,Ё,Э

Жуан дауыстыларды ата? а,о,ұ,ы

Жіңішке дауыстыларды ата? ә,ү,ө.і.е.и

ЕРЕЖЕ Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады

ЕРЕЖЕ сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер, терезе, киік, өзен, күрек

Жұп дауыстыларды ата?а-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү

Қос дауыстылар:Я= й+а Ю=й+у Ё =й+о

Дауыссыз дыбыстарды ата? Дауыссыз дыбыстар дегеніміз айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады. Мысалы: т, с, қ. біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ (у). -У дыбысы кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыстан ролін атқарады. «У» дыбысының дауысты және дауысыз болып айтылуы.

Егер «у» дыбысы дауыстадан кейін келсе, онда ол дауыссыз болып айтылады.Мысалы:ауыл, тау,Ау-ыр-са, тәу-ір

Егер «у»дыбысы дауыссыдан кейін келсе, онда ол дауысты болып айтылады.мысалы: Суретші, шуда, жуас

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,в, ғ,г,д,ж,з,й.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: п,т,с,қ,к,х,һ,х,щ,ш,ф,ч,у

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,м,н,ң,р,

Кісінің аты-жөні,жер- су,өзен -көл аттары бас әріппен басталып жазылады Асылтай, Әлия, Болат, Қазақстан, Каспий теңізі

* Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Заттың атын біддіретін сөздерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтары қойылады.

Зат есімдерге- мынау не? - парта. - Мынау кім?- Мынау не?

Жанды мысалы: адамдарға кім? Жансыз заттарға не? сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді. Айсүлу, қоян т.б

*Заттың қимыл іс-әрекетті білдіретін сөздер етістік деп аталады.Етістікке Не істеді? Не қылды? Қайтті?сұрақтары қойылады.Мысалы: Ойнады, жүгірді, барды

*Заттың түрін,түсін,сапасын білдіретін сөздер сын есім деп аталапды, Сын есімдерге қандай?қай сұрақтары қойылады,Мысалы: әдемі, алыс, көк

*Заттың санын білдіретін сөздер сан есім деп аталады.Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші?сұрақтары қойылады.мысалы:үшінші, бес, он сегіз

ЕРЕЖЕ Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау(?) не леп (!) белгісі қойылады.

*Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады. Оқушылар мұражайға барды

*Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі(?) қойылады: Сенің атың кім?

Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе бөлек жазылады: Апаң үйге келді ме?

*Адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөздерлепті сөйлем деп аталады.

Лепті сөйлемнің соңынан леп белгісі(!)қойылады.Мысалы:Алақай,апам келді!

Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы, оларға сұрақ қою арқылы білетінімізді, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысатыны

ЕРЕЖЕ. Сөйлемдегі сөздер бір бірімен байланыста болады.Сөйлемдегі сөздердің байланысың сұрақ қою арқылы білеміз. Мыс: Оқушылар гүлді аулаға отырғызды. 1. Оқушылар не істеді? Оқушылар отырғызды. 2. Нені отырғызды? Гүлді отырғызды. 3. Қайда отырғызды? Аулаға отырғызды







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал