- Учителю
- Математика 'Қосудың ауыстырымдылық қасиеті' 1 сынып
Математика 'Қосудың ауыстырымдылық қасиеті' 1 сынып
1 сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды қосудың ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру. Оны іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін көрсету. Қосынды мен айырманы және олардың компоненттерін меңгертуді жалғастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу. Білімділікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: «Сандар», «Амалдар» кестесі. Тақырыпқа байланысты суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Үлестірмелі материал арқылы 2 затқа 1 затты қосып оның нәтижесінің 3 болғанын көрсету. Енді заттар орнын ауыстыру. Яғни, 1 затқа 2 затты қосу. Нәтидесі 3 болды.
- Біз не істедік?
-
орындарын ауыстырдық.
-
мәндері өзгерде ме?
-
өзгерген жоқ.
О
Олай болса, қосылғыштардың орны ауысқанымен мәні өзгермейді екен.қулықпен жұмыс.
1-тапсырманы оқушылармен бірге талдау.
2. Екі қосынды құр, салыстыр.
2+1=3
1+2=3
3=3
3. Тиінге саңырауқұлақ теруге көмектес.
2
3
1
3-тапсырма түсіндіріледі. Сурет бойынша теңдік құр, оқы.
ٱ + ٱ = ٱ ٱ - ٱ = ٱ
Логикалық тапсырма.
Машинаны қоюға көмектес
Дәптермен жұмыс.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.