7


  • Учителю
  • Балалар елін бағындыру Әдебиеттік оқу 3 сынып

Балалар елін бағындыру Әдебиеттік оқу 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.



Ойын, Оқу , Спорт, Еңбек, Өнер, Кітап



а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

ІІ Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді.

Әр топқа сұрақтар қойылады.

- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).

- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

Дәптермен жұмыс

Мақрұм-бос қалу

Жүрек жалғау-тамақтану

Кемеліне келген-әбден дамыған, өркендеген.

Жұмбақ шешу

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (Кітап.)

Бір ғажап бар тілі жоқ,

Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)

Жаңылтпаш айту

Ағасы қарындасын іздеп жүр,

Қарындасы қарындашын іздеп жүр.

Ағасына қарындасы керек,

Қарындасына қарындашы керек.

Қорытындылау

ІІІ Ойтолғау.

Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т.с.с.

Бағалау

Оқушыларды мадақтау, бағалау

Үйге тапсырма

Үйге ертегіні оқып түсінгендерін айту және ертегіні өз ойымен жалғастыру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал