7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Бос уақыт 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бос уақыт 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Бос уақыт.Сабақтың мақсаты:а)оқушыларға септік жалғауларын қатыстырып,сөйлем құрай алуын пысықтау.Сөйлемдерден септік жалғауларын тауып ажырата білуге үйрету.ә)оқушылардың сөздік қорларын молайтып, танымдық көзқарастарын дамыта білуге дағдыланды.
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Бос уақыт.

Сабақтың мақсаты:а)оқушыларға септік жалғауларын қатыстырып,сөйлем құрай алуын пысықтау.Сөйлемдерден септік жалғауларын тауып ажырата білуге үйрету.

ә)оқушылардың сөздік қорларын молайтып, танымдық көзқарастарын дамыта білуге дағдыландыру.

б)уақыттарын үнемдеп пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:сурет,кесте,топшама.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Кезекшімен сұхбат.

3.Ой қозғау.(сұрақ-жауап әдісі арқылы)

4.Үй тапсырмасын тексеру.

5. Аударма диктант.

Календарь, расписание, просыпаться, гулять, раздевать, смена, немного, перед сном, выполнять.


6. Сөздік жұмыс.

қалау - желание жүлделі орын - призовое место

құмарта - страстно жиын - собрание

ие болу- завоевать


1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлемдер құрау.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.


7. Диалог пайдалана отырып, өзара сөйлесу (53-бет).


8. «Бос уақыт» мәтінімен жұмыс.

Мәтін бойынша «Мәтін бөліктері» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді оқиды. Сынып 4 топқа бөлінеді. 1- «кіріспе»; 2 - «негізгі ой»; 3 - «қорытынды»; 4 - «толықтыру». Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастаймыз. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады. Ойыннан соң, мәтінді тағы бір топтан кейін сөз алады. Ойыннан соң, мәтінді тағы бір рет қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты айтқанын анықтаймыз.


9. Мәтіннен жай септеліп тұрған сөөздерді бір бөлек, тәуелденіп септеліп тұрған сөздерді бір бөлек жазу.


Үлгі: жай септеу тәуелді септелу

мектеп+те (Б.с.) уақыт+тар+ы+н

(көптік жалғау, тәуелдік жалғау + Т.с.)


10. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Жауап үлгісі

ІІІ деңгей

1. Күнпарақ, кесте, ояну, серуендеу, жаяу, ауысым, біраз, бүрсүгіні, алдыңғы күні, қалау, жиын, ие болу, жүлделі.

ІІ деңгей

1. Бос уақытымды мен кітап оқимын, теледидар көремін. Кеше мен досыма кітап сыйладым. Сабақтан соң мектеп кітапханасына барамын. Сабақ кестесін жасау керек. Мектебімнен үйіме дейін жаяу барамын.

Жауап үлгісі

ІІІ деңгей

2. Мен ертең кітапханаға барамын. Кітапханаға досыма барамын. Кітапхана мектептен алыс емес. Кітапханада көрме ашылды. Кітапхананың қасында үлкен әмбебап дүкені бар. Мен кітапты дауыстап оқимын.


ІІ деңгей

2. Мен бос уақытымда Айдар досыммен бірге «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамын. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Бұл күндері сабақ біткен соң, үйге барып біраз демаламыз. Сағат үште он бес минут қалғанда мектепке келеміз. Үйірме өз жұмысын тура сағат үште бастайды. Үйірме жұмысы сағат беске дейін созылады. Айдар екеуіміз жуықта өткен математикалық викторинаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.


11.Бекіту.

А.Қазақ тілінде неше жалғау түрі бар?

Ә.Септіктерді атаңдар.

Б.Тәуелді септеу деген не?

12. Үй тапсырмасы. 3, 4-тапсырмаларды орындау.

13.Қорытынды.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал