- Учителю
- ӘДебиеттік оқу 'Алып бала' 2 сынып
ӘДебиеттік оқу 'Алып бала' 2 сынып
2 cынып Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Алып бала
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қажымұқан жайлы
мәлімет беру.
Сабақтың міндеттері: а) Мәтіннің мазмұны арқылы
қосымша біліммен толықтыру.
Кейіпкерлерге талдау жасауға үйрету.
б) Образды сомдау, ауызекі сөйлеу, тіл
мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
в) Адамгершілікке, елжандылыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ.Мұңайтпасов пен Қ.Әбдіқадыров туралы мәлімет,
С.Сейфуллин «Көкшетау» өлеңі, бағалау парағы.
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, СТО, түртіп алу стратегиясы.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызамын:
«Әдебиетшілер», «Тарихшылар», «Талдаушылар» тобы
Психологиялық дайындық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1.- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңін жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
«Не білеміз?» қызығушылығын ояту
«Балық аулау» ойыны. Нақыл сөздегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой. Ол сөздерді балықтың денесіне түсіреміз. Сонда балықты құтқарғандарың және жеңіс сенікі болады.
Ер есімі - ел есінде.
Еліңді сүйсең - ерлік істейсің.
Батыл болмай, батыр болмайсың.
Өжет адам өлімді жеңеді.
Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.
Қорқақ қол бастамайды.
-
«Не білгіміз келеді?»
«Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді», - деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіреген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі - Қажымұқан Мұнайтпасұлы. Ендеше бүгінгі сабақта Қажымұқанның балалық шағы «Алып бала» әңгімесімен танысамыз.
- «Алып бала» әңгімесін Қалмақан Әбдіқадыров жазған.
(автормен таныстыру)
Өз қаржысына мектеп ашты
Ақын, жазушы Қалқаман Аудармашы
Әбдіқадыров Қызылорда облысы Шиелі ауд, Қарғалы а/ы
«Тәтті қауын» (1903-1964) «Өміртайдың ауылы»
«Қажымұқан»
Мәтінмен таныстыру
-
Өз бетінше оқып танысу
-
Тізбектеп оқыту
-
Сөздік жұмыс.
«Оқыра» - сиырдың үстінде тері мен еттің арасында бөгелектер болады. Жаздың күні оқыра тиген сиырлар құйрығын тігіп алып, екі көзі алақтап, бет-бетімен тырандап шаба жөнелетін. Мұндайда жолында тұрмау керек.
Ұрғашы бөгелек маусым, шілде айларында ұрықтанады. Ұрықтанысымен 1-2 сағаттан кейін сиырдың арқасына қонып, ет пен терінің арасына 1 мезгілде 100 деген жұмыртқа салады. Ол тері астында дамиды. Содан соң теріні тесіп, топыраққа түсіп 20-60 күн аралығында сиыр қуатын оқыра болып ыңылдап ұша бастайды.
Құзар жар - биік жар
Торығып - түңіліп, ренжіген
Сұрақтар қою.
-
Мәтінде қай мезгіл бейнеленген?
-
Жаз айларын ата.
-
Жаз айында қандай құбылыстар болады? (Жаңбыр жауады, ыстық, шаң, шыбын-шіркей көп болады).
-
Басты кейіпкер кім? (Мұқан)
-
Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталады?
Топпен жұмыс «Ой шақыру»
І топ «Әдебиетшілер» Әңгімеге жоспар құру
Әңгіменің басталуы:
Әңгіменің дамуы:
Әңгіменің байланысуы:
Әңгіменің шиеленісуі:
Әңгіменің шешімі:
ІІ топ «Тарихшылар» Мұқанның іс-әрекеті туралы деректер
ІІІтоп «Талдаушылар» Әңгімедегі кеіпкерлерге талдау жасау
-
«Не білуге болады?»
І топ «Әдебиетшілер» Өгіздің өлімі туралы жазылған тұсты
тауып оқы.
ІІ топ «Тарихшылар» Мәтіннен берілген суретке арналған
тұсты оқы.
ІІІ топ «Талдаушылар» Ауыл адамдарының таңғалуы туралы
жазған тұсты оқы.
-
«Не білдік?»
қайырымды
күшті мықты
алып Мұқан дәу
денелі үлкен
батыл
ІҮ Қорытындылау:
С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасынан үзінді.
(Қажымұқанға)
Атқарып жүргенде де малайлықты
Күресте тең құрбысын талай жықты
Бір байдың ат тартпаған жүгін тартқан
Көрген жұрт деген мынау «Қалай күшті»
Аралап талай жерді, сан қаланы
Күресіп талай алып дәуді жыққан,
Ел кезіп елден асқан балуаның
Талайын қол ұшымен ойнап соққан.
Күресте, СССР-де жеке қара -
Талай дәу қыла алмаған ешбір шара
Европа, Азияда асқандар да
Поддубный, Ганс - Гауан, Қазбек Гара.
Қажымұқан Мұнайтпасов туралы мәлімет
Қазақтың тұңғыш балуаны, дүниежүзінің бірнеше дүркін жүлдегері Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 14 жасында жалшылықта жүріп, атты шананың үстіне салып, сүйреп келген. (Кітапшадан көрсету).
Теңдесіз балуандылығымен жер шарын аралап, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған. Қажымұқан сынды мықты ХХ ғасырдың басында түрік халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Балуандығына тәнті болғаны сондай түріктер «Қажы» деген атақ берді. Қажымұқан кеңес өкіметі тұсында осы елдің атынан балуандық шеберлігін одан әрі жетілдіреді. Осы елдің атынан көптеген жарыстарға қатысып үлкен жеңіспен оралды. Сондықтан оған Қазақстан өкіметі «Қазақ даласының батыры» атағын береді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында өнер көрсетіп жинаған қаржысына ұшақ сатып алып, оны майдандағы қазақстандықтарға сыйлайды. Бұдан балуанның өз Отанын сүйетіндігін көреміз.
1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданындағы «Ленин туы» колхозында қайтыс болады.
- Біздің сыныпта күреске қатысатын балалар бар ма?
- «Отан» спорт кешенінде және «Цеханович» атындағы спорт кешенінде тәрбиеленіп,
2011 жылы Мейрамбек Айнақұлов жас өспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды .
Лондон олимпиадасына жолдама жолындағы жарыста Қазақстанның үш дүркін чемпионы Асхат Құдайбергенов ІІІ орынға ие болды.
Жалпы Қазақстан бойынша Лондон олимпиадасына он шақты палуандар жолдаманы жеңіп алды. Біздің Қазақстандық палуандарға сәттілік тілейміз.
Отанымыздың даңқын көтереік!
Ү Бағалау: Топ басшылары қойған бағаларын хабарлайды.
ҮІ Үй тапсырмасы.
Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Сұрақтар мен тапсырмаларды
орындау. 215-бет