- Учителю
- Ашық сабақ Суды қорғау
Ашық сабақ Суды қорғау
</<font color="#0070c0">Рымбекова Шынар Рымбековна Бастауыш сынып мұғалімі КММ «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» 4 сынып Пәні: дүниетану
| ||
Сабақтың тақырыбы |
Суды қорғау | |
Сілтеме |
Атамұра. /Дүниетану/61-63бет | |
Жалпы мақсаты |
Суды қорғау тақырыбын түсіндіру. Картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Айналаны қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегін үнемдеп, тазалап, тиімді пайдалануға, адамгершілікке тәрбиелеу. | |
Оқыту нәтижесі |
Су туралы алған білімдерін бекітеді. Арал мен Балқаш көлдерінің тартылып кету себебін және болашақ ұрпақ осы көлдерді сақтап қалу үшін күрес жүргізуі керектігін түсінеді. Өз ойын толық жеткізеді. | |
Негізгі идеялары |
Оқушыларға сабақ кезеңдерінде берілген тапсырмалар барысында топпен жұмыс істеуге, берілген тапсырмаларды түсініп орындауға, өз жұмысына баға бере білуге үйрету. | |
Тапсырмалар |
Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар |
Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже |
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушыларды ұйымдастыру. «Сағат бойынша достар» Топтарға бөлу. |
Сағат бойынша іс-әрекеттерді жасайды, топтарға бөлінеді |
Бағалау критерийлері |
Топ мүшелерін топ басшылары әр тапсырма сайын бағалайды. |
|
І.Қызығушылығын ояту |
Өткен сабақ бойынша тапсырмалар: 1-топ: Өзен мен көлдерді Т кестесінде салыстыру; 2-топ:Номенклатура; Картамен жұмыс 3-топ:Қатесін тап!
4-топ:Сәйкестендіру;
|
Өзен мен көлдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады. Картадан өзен, көлдердің орындарын белгілейді. Берілген мәтінді оқи отырып, қате берілген деректерді тауып, түзетеді. Өзен көл атауларын орналасқан қалалармен сәйкестендіреді. |
ІI. Ой қозғау
|
Әр топқа тапсырмалар беріледі: 1-топ:Су туралы кластер; 2-топ:Су, өзен, көл туралы өлең, мақал- мәтелдер жинақтау; 3-топ: «Су-тіршілік көзі» постер дайындау; 4-топ: «Егер жер бетінде су болмаса...» ойды аяқтау. |
Әр топ тапсырмаларды орындайды.
Су туралы білетіндерін жазады. Әдебиет сабағынан өткен шығармаларды еске түсіреді.
Постер жасау арқылы, судың маңыздылығын көрсетеді. Су болмаса тіршілік тоқтайтынын дәлелдейді. |
ІIІ. Мағынаны тану
|
Мәтінмен жұмыс: ДЖИГСО әдісі бойынша мәтінді талдау. |
Оқушылар мәтінді бөліктері бойынша жұбымен, шағын топтарда талдап, әр топтан бір бала өз бөлігін басқаларға түсіндіреді. |
Сергіту сәтін өткізу | ||
ІV. Ой-толғаныс |
1-топ: Синквейн; 2-топ:Фишбоум; 3-топ: РАФТ-кейіпкерге хат жазу; 4-топ: Топтарға сұрақ дайындау. |
Су туралы 5 жолды өлең жазады. Су туралы жазған себептерге айғақтар келтіреді.
Су ретінде адамзатқа хат жазады.
Жаңа тақырып бойынша басқа топтарға сұрақ дайындайды.
|
Тесттік тапсырмалар «Балық аулау» |
Оқушыларға ноутбуктарына 2 нұсқада тест сұрақтары ұсынылады |
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді |
Кері байланыс жасау |
BLOB ағашы |
Оқушылар өздерінің сабақтан қандай әсер алғандығын бояп көрсетеді |
Оқушыларды бағалау |
Бағалау критерийлары бойынша оқушыларды бағалау |
|
Үйге тапсырма беру |
62-63 мазмұндау, «Суды қорғау» тақырыбына эссе жазу. |
|