7


  • Учителю
  • Внекласная работа по казахскому языку на тему Сөз мерген

Внекласная работа по казахскому языку на тему Сөз мерген

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Шараның әдістемелік мақсаты:

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстардың әдіс-тәсілдерін көрсету;

Типі: дәстүрлі емес сабақ.

Түрі:сайыс.

Әдіс-тәсілдері,технология түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау, құрастыру, салыстыру,сөз жарысы,көрнекілік әдістері; дамыта оқыту технологиясының кейбір элементтері.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,дүниетану.

Көрнекі құралдар: сызбалар, кестелер,суреттер, тақырып,сайыстың түрлері жазылған плакаттар.





Шараның құрылымдық жоспары:

I.Ұйымдастыру.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2."Тіл" туралы оқушылар ойы.

II.Негізгі бөлім:

1.«Жалғасын тап»

2.«Ойлы болсаң,айтып көр!»

3. «Жүйрік болсаң,озып көр!»

4.«Ұйқасын тап!»

5. «Сиқырлы сөздер!»

6.«Тапқыр болсаң,тауып көр!»



III.Қорытынды бөлім.



































































Тақырыбы: "Сөз мерген!"

Мақсаты:1) ана тілінің қадір-қасиетін біліп,көркемдігін сезініп,озық ойлы болуға,еркін сөйлей білуге,сөз құдіретін түсіне білуге,аз сөзбен көп мағына беретін ауыз әдебиетінің жанры мақал-мәтелдерді біліп,орынды жерінде қолдана білуге баулу;

2)ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін,тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту;

3)мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін үлес қосуға шақыру;ана тілін құрметтеуге,қастерлеуге және де өз ойларын толық жеткізе алуға, тапқырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Шараның барысы:

I.Ұйымдастыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,-

-демекші,тіл-әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Соған байланысты бастауыш сыныптар арасында "Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар!" атты тақырыпта өтіліп жатқан апталыққа орай "Сөз мерген" атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер!



1-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-

-дей келе,өзінің туған тілін жан-тәнімен жақсы көретін,баба рухынан нәр алған,жалынды ұл-қыздарымызды ортаға шақырайық!

Ән:""



Мұғалім: -"Батылдық-балалық шақта шыңдалады!" десек,тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі.Алдымен сайысқа шығатын оқушылармен таныс болыңыздар.

(Оқушылармен таныстыру)

Мұғалім: -Міне,сөйтіп біз оқушылармен таныс болдық.Сайыс болғаннан кейін,жеңіс те,жеңіліс те болады.Соның әділ бағасын беру үшін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

(қазылар алқасы таныстырылады)

Сайыс ретімен таныстыру:

1.«Жалғасын тап»

2.«Ойлы болсаң,айтып көр!»

3. «Жүйрік болсаң,озып көр!»

4.«Ұйқасын тап!»

5. «Сиқырлы сөздер!»

6.«Тапқыр болсаң,тауып көр!»

-Ойынға қатысқан әр ойыншы өзімен бірге ала келген 1 көнерген сөзді "Сөз мергеннің" қоржынына салады.

II.Негізгі бөлім.

Мұғалім: Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылырдан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық.

1-оқушы: "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту",-деген Бауыржан Момышұлы.

2-оқушы:"Әрбір саналы,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік",-деп Мұхтар Әуезов айтқан.

3-оқушы: "Түрлі-түрлі байлық бар.Солардың таңдауын берсе,мен тіл байлығын таңдар өдім.Өйткені тіл байлығы-бәрінен де сенімді байлық",-деп Ғабит Мүсірепов айтқан екен.

4-оқушы: "Тіл-халықтың тарихы,тіл ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз",-демекпін.

Мұғалім: -Олай болса:

Қазақ деген халықтың баласымыз,

Алда талай алынар бар асуымыз.

Арман жолы қиын жол,бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз,-

-дей отырып сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1. "Жалғасын тап"

Шарты: берілген мақалдың бірінші жолы оқылады,келесі жолын ойыншылар табуы керек.

(әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)

1.Оқу-білім бұлағы, ... . (Білім-өмір шырағы)

2.Мектеп-кеме, ... . (білім-теңіз)

3.Білімдіден шыққан сөз, ... . (Талаптыға болсын кез)

4.Оқусыз білім жоқ, .... (Білімсіз күнің жоқ)

5.Білімдінің күні жарық, ... (Білімсіздің күні қаріп)

6.Оқыған озар, .... (Оқымаған тозар)

7.Тіл тас жарады,тас жармаса ... (бас жарады)

8.Тіліңмен жүгірме, ... (Біліммен жүгір)

9.Күш-білімде, ... (Білім-кітапта)

10.Оқу білім азығы, ... (білім ырыс қазығы)

11.Сөз-сүйектен өтеді, .... (таяқ еттен өтеді)

12.Алтын алма, .... (білім ал)

13.Білгенің бір тоғыз, .... (білмегенің тоқсан тоғыз)

14.Қына тасқа бітеді, ... (білім басқа бітеді)

2.«Ойлы болсаң,айтып көр!»

Шарты: бірінші бағанға бірнеше сөздер беріледі,екінші бағанға соларға қатысы бар бір сөз беріледі. Ойыншы сол сөздің қай сөзге қатысты екенін тапса 10 ұпайға ие болады,сұраққа жауап бере алады.Егер сұраққа дұрыс жауап берсе тағы 10 ұпай иеленеді,егер жауап бере алмаса басқа ойыншы жауап бере алады.

Ыдыс

Бүркіт



Жыртқыш

Балта

Қарлығаш

Торсық

Бозторғай

Балға

Қараторғай

Торсық деген не?

Бүркіт қайда ұя салады?

Жиһаз



Кебеже

Ит



Аң

Қабырға

Мысық

Еден

Үй қояны

Шаңырақ

Түлкі

Кебеже деген не?

Түлкі қандай аң?

Алқа



Зергерлік бұйым

Дәрігер



Мектеп

Тақия

Ұшқыш

Сәукеле

Ұстаз

Камзол

Құрылысшы

Алқа дегеніміз не?

Ұстаз қандай мамандық?

Дөңгелек



Оқу құралы

Бәйшешек



Ағаш

Шаршы

Қайың

Үшбұрыш

Жауқазын

Сызғыш

Қызғалдақ

Сызғыш не үшін керек?

Ағаштың қандай пайдасы бар?

Көктем



Жайлау

Ара



Бал

Қыс

Сона

Жаз

Маса

Күз

Шыбын

Жайлау дегеніміз не?

Ара қандай жәндік?

Абай



Би

Жыл



жеті

Шоқан

ай

Қазыбек

апта

Ахмет

ғасыр

Би деген кім? Үш биді ата.

Бір аптада неше күн бар?

Мұрындық



Жылқы

Апа



немере

Бас жіп

Аға

көген

Жеті ата

құрық

туыстық атау

Құрық дегеніміз не?

Жеті атаның атаулары



3. «Жүйрік болсаң,озып көр!»

Шарты: берілген сөздердің біреуімен екінші сөзді сәйкестендіріп мақал-мәтел айту тиіс.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Оттан

Толмас



Ел

Судан

Болмас

Жарықтан

Қоймас

Жылудан

Келмес

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.

Ормансыз



Бұлбұл

Отан



Отбасы

Тоғайсыз

Ауыл

Көлсіз

Қала

Жерсіз

Дала

Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

Отан отбасынан басталады.

Іші



бесік

Суы



бай

Сырты

Жері

Ортасы

Көлі

Жаны

Ауасы

Ел іші алтын бесік.

Жері байдың елі бай.

Ауыз



қорқақ

Қызыл



тіл

Көз

Сары

Құлақ

Жасыл

Аяқ

Көк

Көз қорқақ,қол батыр.

Өнер алды-қызыл тіл.

ағаңа



күлме

нан



арқауы

жолдасыңа

тамақ

досыңа

су

атаңа

ас

Күлме досыңа,келер басыңа.

Ас адамның арқауы.

Ағаш



жапырақ

Ер



ат

Тамыр

Батыр

Сабақ

Жігіт

Емен

Тұлпар

Ағаш көркі жапырақ,адам көркі шүберек.

Ер қанаты-ат.

Ауыл



құлағы

Сөз



қылыштан

Ел

Тіл

Жұрт

Мақал

Халық

Алмас

Ел құлағы елу.

Тіл-қылыштан өткір.



4.«Ұйқасын тап!»

Шарты: берілген сөздің ұйқасын табу.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі

1.Жағасында бұлақ,

Жайылып жүр ... (лақ)

2.Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)

3.Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты ... (жолбарыс)

4.Аяғы бар,басы бар,

Арқалаған .... ... (тасы бар ) -тасбақа

5.Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі ... ... (тауы бар) -түйе

6.Ызыңдап ән салып,

Лас жерге ... (қонады) -шыбын

7.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсің .... (жылатады) -пияз

8.Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында .... ... (наны бар) -бидай

9.Доп-домалақ бұжыр тас,

Іші толған ... ... (піскен ас) -жаңғақ

10.Ақтығы-қардай,

Дәмі-.... (балдай) -шекер

11.Қыста ғана болады,

Ұстасаң,қолың ... (тоңады) -қар

12.Суға батпайды,

Отқа ... (жанбайды) -мұз

13.Ауыл сыртында сайда,

Жатыр үлкен ... (айна) -көл

14.Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар ... ... (су болып) -бұлт

5.«Сиқырлы сөздер!»

Шарты: бір сөзден бірнеше сөз құрау.Әр сөзге 10 ұпай.

"Қайыңдысай"



6.«Тапқыр болсаң,тауып көр!»

Шарты: жұмбақ шешу.Әр жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Түйістіреді көзіңді көзіңе,

Жолықтырады өзіңді өзіңе. (Айна)

2.Бес балаға бір бешпент,

Бірге киіп,бірге шешпек. (қолғап)

3.Біл керемет күшімді,

Жазда сақтаймын қысыңды. (тоңазытқыш)

4.Таста бар,

Бір арба келіншек,

Әр келіншектің басында,

Бір-бір түйіншек. (сіріңке)

5.Дөңгелек үйдің

Қара шұбар жыланмен

Белін будым. (белбеу)

6.Төрт бұрышты,

Бір ауызды. (сандық)

7.Базардан алғанда қап-қара,

Үйге әкеліп едім қып-қызыл. (көмір)

8.Қағаздардың ине-жіпсіз жыртығын,

Бүтіндейді ақшыл-сары шіркінің. (желім)

9.Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды. (күн)

10.Мен кетемін,ол қалар. (із)

11.Өзі ақ,өзі тас,

Дәмін татсаң ащы-ақ. (тұз)

12.Алыстағы қоянды,

Алдыңа әкеп қояды. (дүрбі)

13.Төрде жатып шалқиған,

Дәу қарыны қампиған. (жастық)

14.Ақ тақырда қара дән. (ақ парақ пен жазу)



III.Қорытынды бөлім.

Мұғалім: Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер,-

-демекші оқушылардың білімдерін саралап,өнерлерін көрдіңіздер.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену,жалықпау,-деп сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

(жеңімпаз оқушы анықталып,марапаттталады,мадақталады)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал