7


  • Учителю
  • 3 орыс сыныбына қазақ тілінен ҚМЖ Туған күн

3 орыс сыныбына қазақ тілінен ҚМЖ Туған күн

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Қазақ тілі. 3сынып.

Сабақтың тақырыбы: Туған күн. Құттықтау.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туған күн жайлы түсініктерін кеңейтіп, тақырыпты меңгертіп, тапсырмалармен жұмыс жасау. Ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Күтілетін нәтиже: сөйлем түрлерін ажырата біледі, берілген тапсырмаларға өз ойын негіздейді, ақпаратты есте сақтап,талдайды,топта жұмыс жасай біледі, өзінің ойын тұжырымдап, өзін және өзгені бағалай алады.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өздік жұмыс, «Ойлан, жұптас - пікірлес», моншақ тізу ойыны, миға шабуыл, айналмалы бекет.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру

кезеңі

Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен мен ақылдымын, мен жақсы адаммын деп бірнеше рет қайталаңдар. Ал енді бір -бірлеріңе қарап жымиып, бір- біріңе жақсы тілектер айтыңдар.

Балалар бір-біріне жылулық білдіреді, жақсы тілектер айтады.



Қолайлы атмосфера



Шашылған сөздерден сөйлем құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

Рольдерге бөлінеді.

5 мин

Топқа бөлу

Қима қағаздарда жазылған сөйлемдер

Үй жұмысын тексеру

Оқушыларды ортаға шақырып шеңбер құрғызамын.

Үлкен шеңбер оның ішінде кішкентай шеңбер құрып, өткен сабақтар бойынша сөздерді қайталайды.

Айналмалы бекет



Жаңа сабақ

Досың кім? Досың қандай? Дос туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер? Оқушылар біздің сыныптас достарымыз Дана мен Данияның туған күніне құттықтау жасап келуге тиіс едік, қане кім дайындап келген екен? Сонымен балалар біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?

Оқушылар дайындап келген құттықтауларын оқып береді. Дайындаған ашық хаттарын туған күн иелеріне сыйлайды. 7 мин





Топпен жұмыс

Тақырыпқа байланысты тақтадағы суретпен 5-6 сөйлем құрастыру.

Топпен орындайды.

5 минут

Миға шабуыл

Ақ парақ, қалам, интерактивті тақта.

Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс. Әрбір топқа мәтін беріледі.

Топта орындайды. 2 топқа 2 түрлі мәтін беріледі. Мәтіннен жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға бөліп жазу. Оқушылар бірін - бірі бағалайды. Критериалды бағалау.

«Ойлан - жұптас - бөліс» әдісі, «Моншақ тізу» ойыны.

Сызба.

Ақ парақ.

Жұптық жұмыс

Топтағы оқылған мәтін бойынша диалог құрастыру.

Оқушылар жұптасып, мәтін бойынша диалог құрастырады. Оны оқып аударады. 5 минут



Оқулық. Слайд .

Өз бетімен жұмыс.

Септік жалғау. (Туған күн, мереке)

Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада орындайды. Смайликтер арқылы бірін -бірі бағалайды. 5 минут



Тақта. Смайликтер.

.Жұптық жұмыс

Тәуелдік жалғау.

Оқушылар орындарында тақырыпқа байланысты бір сөзді алып, тәуелдік жалғауын жалғайды. Жұптар бір-бірін бағалайды. 3 минут





Сабақты бекіту.

Тақырыпқа байланысты 2 топқа бір -біріне сұрақтар қойғызу. Тақырыпқа байланысты шашылған суреттерді жинақтап, постерге жапсыртып , сөйлемдер құрғызу.

Оқушылар бір- біріне сұрақтар қояды. Постермен жұмыс жасайды. Тақтаға шығып қорғау.



Плакат,стикер, суреттер, маркер.

Бағалау



Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды.



Бағалау парағы.

Кері байланыс



Тақтада ілініп тұрған Рефлексиялық плакатка балалар өздерінің көңіл -күйін білдіретін смайликтерге стикерлер жапсырады.

</<br>

Рефлексиялық плакат







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал