7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен қосымша тапсырмалар жинағы

Қазақ тілінен қосымша тапсырмалар жинағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Түсінік хат

Бастауыш білім берудің базалық пәннің бірі қазақ тілі. Бұл тапсырмалар пәнді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы болып табылады. 4 сыныптарда тілдік ұғымдар біртіндеп күрделене түседі. Бұл материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік фактілерді байқату, салыстыру, жаттығу және көрнекілік әдістері арқылы түсіндіріледі. Бұл әдістер қазіргі дамыта оқыту талабына сай қолданылады. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аудартылады:

Дамыта оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады:

Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді.

Бұл бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты::

  • мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту;

  • оқушының ақыл-ойының интеллектуалдық сапаларын дамыту;

  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты



  • дайыңдауды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  • оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Өздік жұмысы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, тапсырмалардың қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді.



























Қазақ тілі

4- сынып

1-шi тапсырма



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Күн күркіреді. Құйын соғып өтті.



2.Дыбыстық талдау: Өзеннің. Ормандағы





3.Сөз құрамына қарай талдау:Шыршаны, жапырақтарш, шыршаның, тамшылар





4.Буынға бөлу: Құйын,найзағай, ауыр,аспанды

2-шi тапсырма





Бидай көже

Әуес екеуіміз Ақлима әжейге көмектесеміз. Әжей келінің ішіне шашыртқылап су құяды. Бидайды қалай түю керек, келсапты қалай ұстау керектігін үйретуден жалықпайды. Бидайды кеузеп болған соң әжем ақ дорбасын жайып тастап, бидайды ұшыра бастайды. Содан соң қазанға салып, су құйып, астына бабымен от жағады. Қазанның бетін қаппен қымтап жабады. Көже қайнап, дайын болғанда құрт езіп қосады. Суыған дәмді көже ― шөл қандыратын қасиетті сусын.



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Әуес екеуіміз Ақлима әжейге көмектесеміз.





2.Дыбыстық талдау: Көже





3.Сөз құрамына қарай талдау: Бидайды , әжем, от





4.Үнді дауыссызға аяқталған түбір сөздерді көшіру:

Соң,шөл, сусын

Қатаң дауыссызға аяқталған түбір сөздердікөшіру: Әуес,ақ,от,құрт





3-шi тапсырма



Құстар

Кейде құстардың даусына қарап уақытты да анықтауға болады. Мысалы, түнгі сағат екі-үш кезінде бөдене, бозторғай және көкек оянады.Үш пен төрттің арасында шұбар шымшық, жарты сағаттан кейін қараторғай оянады.

Сонымен , қала мен даланың таңы торғайлардың ұйымшылдықпен шырқаған әнімен басталады.Олар балапандарына азық тасу барысында ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жояды. Адамға , табиғатқа көп пайда келтіреді.Торғайлардың игілікті ісін бостондықтар келешек ұрпақтарына өсиет етіп, оған ескерткіш орнатқан.



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Мысалы, түнгі сағат екі-үш кезінде бөдене, бозторғай және көкек оянады Үш пен төрттің арасында шұбар шымшық, жарты сағаттан кейін қараторғай оянады.









2.Дыбыстық талдау: Зиянды





3.Сөз құрамына қарай талдау: Құстардың, бозторғай, ауыл





4.1-ші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз :

Кейде құстардың даусына қарап уақытты да анықтауға болады.





4-ші тапсырма1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Саршұнақ, атжалман, суыр, қосаяқ сияқтылар өздерінің інін пайдаланады. Темірқазық, Есекқырған, Жетіқарақшы, Үркер және басқа жұлдыздарды қағаз бетіне сызып дүсіруге де болады.





2.Дыбыстық талдау: Қосаяқ





3.Сөз құрамына қарай талдау: Ағаштың, Жетіқарақшы, аң





4.Күрделі етістікке айналдыр:

Ұйықтайды, пайдаланады







5-ші тапсырма



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Көкпеңбек су бетінде ақ толқындар жүгіріпті. Жел айдаған толқындар қиянға жетіпті

.



2.Дыбыстық талдау: Теңіз





3.Сөз құрамына қарай талдау: Бала, жоталардың





4. 5 түбір сөз болатын зат есім жаз





6-шы тапсырма1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Үлкен бір тойда бәйге болды. Сабыр торыға мініп шапты.





2.Жікте:Төреші





3.Сөз құрамына қарай талдау: Атының ,бәйгенің





4. Септе: Бәйге





7- шi тапсырма

Жер беті

Жер беті қандай кең. Ана жақта ―шөл, мына жақта ― шалқыған мұхит. Ана өңірде сыңсыған орман болса, мына жақта шыбық та өспейді. Бір аймақта ми батпақ, енді бір аймақта таулар тұр.

Жер беті әр алуан, соған орай әр аймақтағы адамдар тіршілігі де әр қилы. Қиыр Солтүстіктің тұрғындары жылы киімсіз өмір сүре алмайды. Ал тропиктік аймақ тұрғындары көйлекпен жүріп те ыстықтайды. Аралдарды мекендейтін адамдар өз нәпақасын мұхиттан алады. Ал орманды қоныстанған кісілер аң аулайды. Адамдар баспаналарын әр түрлі үлгіде салуды ертеден дәстүрге айналдырған.



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Қиыр Солтүстіктің тұрғындары жылы киімсіз өмір сүре алмайды. Ал тропиктік аймақ тұрғындары көйлекпен жүріп те ыстықтайды.







2.Кестені толтыр:Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ













3.Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз; Сыңсыған, жылы



4. Етістікті жікте: Ыстықтайды





8-шi тапсырма



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Оған үш жүз отыз алты өзен құяды. Жер бетінде сан мыңдаған көлдер бар.





2.Жіктеу есімдігін септе: Мен





3.Сөз құрамына қарай талдау: Балық, суы, кенге





4.Сөз таптарын көрсет: биік тау, сыңсыған орман











9-шы тапсырма

Аққу

Мен шыққан төбе онша биік емес. Мен төменге көз салдым. Осы төбенің етегінен әрмен қарай қалың құрақ өсіпті. Одан әрі етіктің ұлтаны тәріздес шалқар көл жатыр. Әлі күн көзі түсе қоймаған көл беті қарауытып көрінеді. Ортасында бір топ үйрек жүзіп жүр. Көлдің қамыс жақ жиегінде қоңырқай қасқалдақтар жүзіп барады. Үп еткен жел жоқ. Көл суы мөлдіреп жатыр.

Бір кезде оң жағымнан әсем әуез естілгендей болды. Шырқау аспанда ән салып келе жатқан екі аққу екен. Қуанғанымнан



айқайлай жаздадым. Қос сұлу құс қанаттарының сыбысына қайран қалып тұрмын. Аққуларды бұрын жақын жерден көрген емес едім.



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Мен төменге көз салдым. Көл суы мөлдіреп жатыр.







2.Үстеулерді теріп жаз





3.Сөз құрамына қарай талдау: Етіктің, аққуларды, үйрек





4.Дыбыстық талдау :Әсем









10-шы тапсырма



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Жалғыз атты жолаушы жан-жағына сескене қарайды.





2.Жікте: Жолаушы, аңшы





3.Сөз құрамына қарай талдау: Қарамерген, қасқырлар





4.Дыбыстық талдау : Қамшы





11-ш тапсырма



1.Сөйлем мүшесіне талдау:

Ол да жасаулы, үлкен бөлме еді. Онда да ас әзірленіп жатқан.







2.Септе: Бала,блме.







3.Сөз құрамына қарай талдау:

Жұрт, Құнанбай, иесі





4.Дыбыстық талдау :Үлкен





5.Жікте: Шәкірт

12-шi тапсырма





1.Сөйлемдегі хабарлы сөйлемді тап.

Марал циркке барды. Алақай жаңа жыл келді. Ажар далада қар жауып тұр ма.

2.Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

Марал циркке барды.

3.Хабарлы және сұраулы сөйлемдерді қатыстырып шағын әңгіме құр.

«Менің мектебім» тақырыбына.

13-ші тапсырма

1.Мәтінге ат қою



Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге аралады. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден қорғау керек.



2.Төртінші сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.



3.Мәтіннің түрін ажырат. . «Түрлі» деген сөзге дыбыстық талдау жаса.

14- шiтапсырма

1.«Сәуле» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

2. Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиеттi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын.

3.Бірінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

15-ші тапсырма

1.Бесінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.

2.Үшінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

3.Жалаң және жайылма сөйлемдер қатыстыра отырып шағын әңгіме құр.







16-шы тапсырма



1.«Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2.Екінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.

3.Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.































Қолданылған әдебиеттер

1.Қазақ тілі 3 сынып Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова

(Алматыкітап баспасы 2011)

2.Қазақ тілі 4 сынып Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова

(Алматыкітап баспасы 2011)



3.Интернет желісі арқылы

4.Бастауыш мектеп журналдары 2011-2012 ж.

5. Қазақ тілінің әдістемелік құралы 4 сынып





















































4 сыныпқа арналған қазақ тілінен қосымша тапсырмалар жинағы











Жинақты құрастырған:Иманбаева А.Қ







Павлодар 2016

10



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал