- Учителю
- Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі.
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі.
Математика
Тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі.
Мақсаты:
1. Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
3. Оларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3 тексеру.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
-
«Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.
7 200 : 8 + 100 - 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000
8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 - 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100
-
Көркем жазу минуты.
-
57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.
Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы - жазық фигура, ал қалғандары - көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.
Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше - көлемді)
«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.
1 см3 = 1 000 мм3
1 дм3 = 1 000 см3
1 м3 = 1 000 дм3
1 дм3 = 1 000 000 мм3
1 м3 = 1 000 000см3
1 л су = 1дм3
№ 1(ә). Салыстыр. 5 м3 > 5 000 000см3 10 000 см3 > 5 дм3 5 см3 = 5 000 мм3 т.с.с.
№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№ 3. Ауызша салыстыру.
№ 4.Ауызша.
Текшенің көлемі: V = a • a • a.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі: V = a • b • c
а - ұзындығы, b- ені, c - биіктігі.
№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.
Ұзындығы
5 см
10 см
6 см
8 см
8 см
Ені
2 см
3 см
4 см
8 см
3 см
Биіктігі
4 см
1 см
2 см
1 см
2 см
Көлемі
№ 6.
a - 70 см,
b - 60 см
c- 100 см
V - ?
ҮІ. Бекіту. № 7 есеп.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 8. 52- бет.