- Учителю
- ҚМЖ'С дыбысы мен әрпі' (1 сынып)
ҚМЖ'С дыбысы мен әрпі' (1 сынып)
Пән:Әліппе
| 1 «а»сынып
| Ахбалина.А | |
Тақырыбы: | С дыбысы мен әрпі | ||
Мақсаты: | С дыбысы әрпімен таныстыру. | ||
Күтілетін нәтиже: | Сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады ; тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа байқампаздыққа, көркем жазуға; бір-бірімен қарым-қатынас жасауға; бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.Өз-өзін реттейді,дыбыстарды өзара ажырата біледі; жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді; сыни ойлауға үйренеді. | ||
Керекті жабдықтар: | түрлі түсті борлар; стикерлер; маркерлер; Әліппе , Атамұра» баспасы, 2012 жыл Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова А.Құлажанова | ||
Тапсырмалар: | Дыбыстық талдау жасату, буынға бөлу. ЖЖ;ТЖ;СЖ | ||
| |||
Сабақ кезеңдері: | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе.
| . Психологиялық дайындық Шаттық шеңберін құру. Бір-бірімен сәлемдесіп, жылы лебіздерін білдіру. Амансыңба, Алтын күн! Амансың ба,Көк аспан! Амансың ба,Жер Ана! Амансың ба достарым! Сендерді көрсем қуанам Үлкенге де «сіз» Кішіге де «сіз» Баршаңызға құрметтеп Бас иеміз біз.-деп сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
Оқушылар мұғаліммен, бір-бірімен амандасады. Оқу құралдарын алып сабаққа әзірленеді. | |
Тұсау кесу | Жуан және жіңішке дәрежелі сұрақтар. -Қазір қай мезгіл? -Күзде жапырақтар қалай өзгереді? -Олай болса біз сендермен «Жапырақ теру» ойынын ойнаймыз.Әр жапырақ ортасындағы сұрақтарға жауап беру. 1. Әріп дегеніміз не?
Жұмбақ жасыру. Білезікке қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? (С)
|
Оқушылар сұраққа жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды,толықтырады. Барлық әріп бағалы.
| |
Негізгі бөлім
| Оқулықпен жұмыс. С әрпіне қатысты сөздерді оқыту.Түсіндіру. Сынып сөзін талдау. Сы-нып сөзінде екі буын бар.С дыбысы сөздің басында кездесіп тұр. сан- айтамыз,естиміз сана-қимылды білдіру санат-біліктілік көтеру,дәрежесі саба-ұру,соғу қимыл сабақ-дәріс маса-жәндік масақ-бидайдың масағы самал- жел,леп бас-дененің бір мүшесі қос-жұп,іс-әрекет дос-әрдайым қасынан табылатын адам Оқулықтағы диалогты оқыту. Сергіту сәті. Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей иіліп солға бір. Оң аяқ,сол аяқ,жаттығу оңай-ақ. Дәптермен жұмыс: Топпен жұмыс І топ тапсырмасы Әріптен сөз құрату. Суреттерде сөйлейді.............(постер қорғау) Артына әріп жазылған стикерлерді алып соған байланысты тақпақ айту. | Ереже шығару. С-дыбысы қатаң, дауыссыз дыбыс.Көк текшемен белгілейміз. Сөздің басында ортасында ,аяғында кездеседі.
Сәрпінің баспа түрімен таныстыра отырып,
Жарайсыңдар, балалар!
Топ бір-бірін бағдаршам түстері,саусақ ,қолшапалақтау арқылы бағалайды. Сара келіп сабақтан, Сан шаруаны бітірді. Самауырынға салатын, Сексеуілді сындырды. Сазан балық қуырды, Сауды сары сиырды. | |
Қорытынды
| Кері бағыттау сұрақтары: Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (С) -С дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында) Рефлексия.
| Сыныпта кері байланыс орнайды. Сабақты түсінген, түсінбегендеріне байланысты смайликтердің суретін салады.
Бүгінгі сабақты жақсы меңгергендеріңді мына жапырақшалар арқылы білдіреміз.алдарыңдағы сары және қызғылт түсті жапырақшаларды ағашқа ілесіңдер.сары жапырақ түсінгендеріңді білдіреді. |