7


Сан есім сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сан есімнің сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету. Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту. Адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелі тапсырмалар, дәйек сөздер

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, түсіндіру, өзіндік жұмыс, әңгімелеу, «Ыстық орындық» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, «Ой қозғау» әдісі

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сан есім дегеніміз -заттың санын білдіретін сөздерді айтады. Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.

Сан есім дара және күрделі болады. Дара сан есім бір сөзден тұрады: тоғыз, бес, төрт

Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады: Он тоғыз, екі жүз алпыс төртінші

а) оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.

1-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сан есімдерді тауып, қандай сан есімдер екенін айт. (Домбыра)

2-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Мақалдың мәнін түсіндір.

Сергіту сәті

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:

3-жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөйлемдеріңде олардың қандай мүше болып тұрғанын айт.

4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қойып, қайсысы реттік, қайсысы есептік сан есім екенін дәлелде. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.

5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Сан есімдерді тап. Бес, бес жүз сан есімдерін салыстыр. Әрқайсысындағы сөз саны бірдей ме? Жеті түнде және бес саусақтай дегенді қалай түсінесің?

6-жаттығу. Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара немесе күрделі екенін айт.

7-жаттығу. Мәтінді оқып, сан есімдерді тап.

Ү.Бекіту кезеңі:

Берілген сан есімдерді сөзбен жаз. Олардың дара немесе күрделі екенін дәлелде.

Үлестірмелі тапсырмалар тарату.

«Адасқан әріп» ойыны

Е Д С А І Р Е М Л А ІК С Ү А Р Н Д

(дара САН есім, күрделі сан есім)

«Ыстық орындық» әдісі. Ойының шарты бір оқушы орындыққа отырады. Оқушылар осы оқушыға 3 сұрақ қояды. Жауап бере алмаса оқушы күйіп кетеді.

«Ой қозғау» сұрақтармен жұмыс

Сан есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Сан есімнің қандай түрлері бар?

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы жаңа сабақты түсінгендерін анықтау.

</<font size="5" style="font-size:17pt;">Ойынның шарты: Егер оқушылар сабақты жақсы түсінсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді, түсінген, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді, түсінгені шала болса қызыл түсті көтереді.

ҮІ. Қорытындылау: Бүгін не білдік? Не үйрендік? Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Оны қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу (Жетісу, Екібастұз) 173 бет

ҮІІІ. Бағалау















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал