- Учителю
- Үйірме күнтізбелік жоспары Көркем жазу 2сынып
Үйірме күнтізбелік жоспары Көркем жазу 2сынып
Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп
КӨРКЕМ ЖАЗУ
(үйірме жұмыс жоспары )
Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі
Надирова Қ. А
Сыныбы: 2 «Б»
2015-2016 оқу жылы
</
Түсінік хат
2 - сыныптағы «Көркем жазу» үйірме жұмыс жоспары қазақ тілі сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау мақсатында «Қазақ тілі» оқулығы, авторлары: Г.И.Уайсова, Р.С. Әміров, Ә.Е. Жұмабаева «Атамұра» 2013 жылғы 2 - сыныпқа арналған «Көркем жазу» дәптері
№1, №2, авторлары: К. Ерешева, Ш.Ыдырысова басшылыққа алына отырып құрылды.
Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады. Ал каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Сауатты жазып қана қоймай таза, әдемі, әріп элементтерін байланыстыра жазу үшін оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің рөлі ерекше.
Ұсынылып отырған жоспар 2 - сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді.
Мақсаты:
Оқушылырдың дұрыс, анық және тез жазу дағдыларын қалыптастыру. Әріп элементтерін дұрыс салып, әріптерді қосуды, сөзді, сөйлемдерді, мәтінді қатесіз көшіруге, жатқа жазуға үйрету.
Міндеттері:
-
Оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдіру
-
Графикалық дағдыларды, әріптерді дұрыс жазу
-
Сөз бен сөз арасындағы, сөйлем мен сөйлем арасындағы арақашықтықты сақтау
Күтілетін нәтиже:
-
Әріп элементтерін дұрыс салады
-
Әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады
-
Таза, ұқыпты, сауатты жазады
-
Қатесіз көшіреді
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
Қосымша материал
1
Көркем жазуға үйренейік
1
2
Жіңішке дауыстыларды, жіңішке сөздерді көркем жазу
1
«Қазақ тілі» оқулығы
3
И, Ш, І бас әріптерін жазу
1
Мақал - мәтелдер
4
г, ғ, һ кіші әріптерін жазу
1
5
п, т, м, р кіші әріптерін жазу
1
6
Л, М, А бас әріптерін жазу
1
Мақал - мәтелдер
7
С с бас және кіші әріптерін жазу
1
Мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар
8
Е, Ё бас және кіші әріптерін жазу
1
Мақал - мәтелдер
9-10
У, Ұ, Ұ, Ч бас және кіші әріптерін көркем жазу
2
Мақал - мәтелдер
11
Жатқа жазу. Шағала мен шабақ.
1
Қазақ тілінен сын жұмыстары
12
Мәтінді көшіріп жазу. «Қоян» мәтіні.
1
Қазақ тілінен сын жұмыстары
13
б, ф кіші әріптерін жазу
1
Мақал - мәтелдер
14
Көшіріп жазу. «Көмек» мәтіні.
1
Қазақ тілінен сын жұмыстары
15
Шығармашылық жұмыс «Қыс» әңгіме құрастырып жазу
1
Мазмұнды сурет
16
О о, Ө ө бас және кіші әріптерін жазу
1
17-18
Д д, З з, Вв бас және кіші әріптерін жазу
2
Жаңылтпаштар
19
ь жіңішкелік, жуандық белгілері және Ы ы бас және кіші әріптерін көркем жазу
1
Мақал - мәтелдер
20
К к, Ққ, ң әріптерін көркем жазу
1
Өлең жолдары
21
Н н, Ю ю бас және кіші әріптері
1
22
Г, Ғ,Р, П Т бас әріптерін көркем жазу
1
Мақал - мәтелдер
23
Тақтадан көшіріп жазу «Қаңтар» мәтіні.
1
Қазақ тілінен сын жұмыстары
24
Жатқа жазу «Ақ күшігім» өлеңі
1
Қазақ тілінен сын жұмыстары
25
Ц ц, Щ щ бас және кіші әріптерін жазу
1
26
Б б, Д д бас әріптерін жазу
1
27
Ә ә, Э э бас және кіші әріптерін жазу.
1
Мақал - мәтелдер
28
Х х, Ж ж, Я я бас және кіші әріптерін жазу
1
29
Сөздерге дыбыстық талдау жасау
1
«Қазақ тілі» оқулығы
30
Өлеңді қара сөзбен жазу
1
31
Зат есім, етістік, сын есім, сан есімдер жазу
1
«Қазақ тілі» оқулығы
32
Ребустар, сөзжұмбақ шешу
1
33
Сұрақтарға жауап жазу
1
Қазақ тілінен сын жұмыстары
34
Сын жұмысы. «Ең үздік дәптер» көрме ұйымдастыру
1
Пайдаланған әдебиеттер:
1. 2 - сыныпқа арналған «Көркем жазу» дәптері №1, №2, авторлары: К. Ерешева, Ш. Ыдырысова.
2. Қазақ тілінен сын жұмыстары ( 1 - 4 сыныптар) К. Ерешева, Ұ. Ботабаева, Р. Муханова. «Өлке» баспасы,
Алматы, 2008
3. Мақал - мәтелдер (1 - 4 сыныптарға арналған), «Өнер» баспасы, Алматы 2007)
4. «Бастауыш сыныпқа арналған көмекші құрал» 1-сынып