7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Білгіштер бекеті» интеллектуалдық сайыс.

Тақырыбы: «Білгіштер бекеті» интеллектуалдық сайыс.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Білгіштер бекеті» интеллектуалдық сайыс.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың білімдерін шыңдай түсу.

  2. Логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды оқушыларды көрсете білу.

  3. Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озат болуға тірбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ



Көрнекіліктер: Плакаттар, математикалық нақыл сөздер, шар.



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

« Ақыл азбайды, білім тозбайды» демекші қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бүгін біздер «Білгіштер бекеті» атты интеллектуалдық сайысымызды бастағалы отырмыз.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым сағанүйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан,-демекші бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

2-топ қатысады.

1. Таныстыру.

2. Құрамында саны бар мақалдың жалғасын табу.

3. Генометриялық фигуралардан заттар құрастыру.

4. «Кім жылдам?» (шатасқан әріптердің орнын табу)

5. «Бәйге» кезеңі ( әр топқа 5 сұрақтан беріледі)

6. Логикалық тапсырмалар.



І топ. «Үшбұрыш» тобы

ІІ топ. « Төртбұрыш» тобы.



І кезең: Екі топ бір-бірін таныстырады.

ІІ кезең: Құрамында саны бар мақал-мәтелдің жалғасын табу.

  1. Білекті бірді жығады,

(Білімді мыңды жығады.)

  1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

(Төртеу түгел болса төбедегі келеді.)

  1. Жігітке жетпіс өнер де аз.

  2. Жеті рет пішіп,

(Бір рет кес)

  1. Ағайын алтау, ана біреу.





  1. Жаздың бір күні,

(Қыстың мың күнін асырайды)

  1. Елу жылда ел жаңа.

  2. Өзі жақсы кісіге

(Бір кісілік орын бар)

  1. Мыңның түсін танығанша,

(Бірдің атын біл)

  1. Жүз теңгең болғанша

(Жүз досың болсын)



ІІІ кезең. Геометриялық фигуралардан кез-келген бұйымдар құрастыру.

(Үшбұрыш,төртбұрыш,шеңбер)



ІҮ кезең. « Кім жылдам?» Шатасқан әріптердің орнын табу.

еңбрше шеңбер

шбұршыш үшбұрыш

рашыш шаршы

еулсә сәуле

зүту түзу

тшбұіктөрты тік төртбұрыш

птремиер периметр



Ү кезең. «Бәйге»

Екі топқа бес сұрақтан қойылады.

І топ.

  1. Жарты сағатта неше минут бар? (15 минут)

  2. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (тең)

  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

  4. Әжесі немерелеріне 8 қолғап тоқиды. Немерелері нешеу? (4 немере)

  5. Сиыр 2 аяғымен тұрғанда 150 кг, 4 аяғымен тұрғанда неше кг? (150 кг)



ІІ топ.

  1. Тақ сандарды ата. (1,3,5,7,9,11, т.б.)

  2. Қандай санның айтылуында қанша әріп болса сонша цифр бар? (4)

  3. 8 жұмыртқа 4 минут піссе, 15 жұмыртқа неше минут піседі? (4)

  4. Жеті күн нені білдіреді? (1 аптаны)

  5. Торғай күніне 2 шай қасық жем жейді. 10 шай қасық жем оған қанша күнге жетеді? (5 күнге)





ҮІ кезең. Логикалық тапсырма.

І топ.

  1. 1 2 3 4 5 6 7 8 9꞊45

Тиісті таңбаны қойып, 45 санын шығар.

Жауабы: 1+2+3+4+5+6+7+8+9꞊45

470:10꞊47

35:7-25:5꞊0

800+360:60꞊806

320:8+60꞊100

400:2+900:2꞊650



ІІ топ.

  1. Қалтада 8 тоқаш бар. Осы тоқаштың біреуін қалдырып, 8 қызға тең қалай бөлуге болады?

Жауабы: 7 қызға үлестіріп, біреуін қалтасымен алып береді.

470:10꞊47

35:7-25:5꞊0

800+360:60꞊806

320:8+60꞊100

400:2+900:2꞊650



Қорытынды:

Мұғалім: Міне, біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан білімді, математик оқушыларымызды анықтайтын кезге де жеттік. Енді сөз кезегін әділ-қазыға береміз. (Жеңімпаз оқушы анықталады)

«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін елбасымыз халқымызға жолдаған жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқандай еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне беріңдер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал