7


  • Учителю
  • Урок на тему ойнайық та ойлайық (2 класс)

Урок на тему ойнайық та ойлайық (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

БҚО Зеленов ауданы

Қ.Аманжолов атындағы ЖОББ мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Н.С





Тақырыбы: "Ойнайық та, ойлайық " сайысы.

Мақсаты:

  1. Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру.

    2) Ой өрістерін кеңейту.

    3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу.



    Көрнекілік: Жазылған қанатты сөздер, дұрыс құралмаған сөйлемдер.

    Барысы: І. Ұйымдастыру кезең

Құрметті ұстаздар, оқушылар «Ойнайық та, ойлайық " атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін. (экранға шығару)

Екі топқа бөліп. Әр топта он-оннан болу керек. Топ арасынан басшы сайлау. Әділқазылар алқасымен таныстыру.



ІІ. Негізгі бөлім

1 -сайыс: «Өзін-өзі таныстыру» Әр топ өзінің ұранын, мақсатын айтады.

2-сайыс: «Кім жылдам» ойыны.

Жүргізуші:

Қайсысы күйші, қайсысы биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

Әр топ бір - бірлеріне өздерінің жаңылтпаштарын айтады. Оны дұрыс, тез айтулары керек.

3-сайыс: «Капитандар сайысы»

Әр топтың капитаны ортаға шығады. Әрқайсысына сұрақ қойылады.

1 топтың капитанына - Жеті қазынаны ата.

2 топтың капитанына - Жеті байлықты ата.



4-сайыс: Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақ»

Ойынның мақсаты: Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарының қойылуын, оның қолданылатын орнын ажырата білу. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.

Шарты: Жүргізуші орамалды кез келген оқушының алдына тастап кім? не? Сұрақтарының бірін айтады. Ал оқушы сол сұраққа жауап беретін сөзді айтуы тиіс. Келесі оқушы сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.

5-сайыс: Сөйлемдерді дұрыс құрастыру

1 топ Мал, жайылды, өріске.

Бұтақта, отыр, құс.

2 топ Сабақ, оқыды, Асқар.

Жинадым, мен, үйді.

6-сайыс: «Жорға» Екі топқа сұрақ қою.

1. Оқушының алғашқы кітабы. (Әліппе)

2. Мемлекетіміздің астанасы. (Астана қаласы)

3. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)

4. Олардың пірлерін ата (Жылқы - Қамбар ата, сиыр - Зеңгі баба, түйе - Ойсыл қара, қой - Шопан ата, ешкі - Сексек ата)

5. Сүттен жасалатын тағамдарды ата (айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ т.с.с.)

6. Жеті күнді ата (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

7. Тұнғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

Көрермендермен ойын.

Жүргізуші:

- Әділ қазылар алқасы ұпай санап жатқанша біз көрермендермен ойын ойнайық. Мен иллюстрацияларды көрсетемін, ал көрермендеріміз қай ертегі екенін табу керек.

1. Бауырсақ.

2. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

3. Шалқан.

4. Түлкі мен ешкі.

ІІІ. Қорытынды.

Әділ қазылар алқасы сөз алып, жиналған ұпайлар санын атап, жеңімпаздарды анықтайды. Әр топқа тиісті сыйлықтар ұсынады. Осымен шарамыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал