7


  • Учителю
  • Урок по казакскому языку на тему 'Cөйлем мүшелері' (4 сынып)

Урок по казакскому языку на тему 'Cөйлем мүшелері' (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

4 сынып

Қазақ тілі Сабақ №

Мұғалім:


Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. 1-6 жатт.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға сөйлем құрылымы туралы түсінік беру. Жай сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері. Олардың айырмашылығын аңғарту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Сөйлем түрлері» картасы, Сөйлем , суреттер, қи мақағазар

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:

Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Оқушыларға сөйлем құрылымы туралы түсінік беру.

  2. Жай сөйлемнің жалаң және жайылма түрлерімен таныстыру.

  3. Олардың айырмашылығын аңғарту

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.

Жай

Жайылма сөйлем

Жалаң сөйлем


БАСТАУЫШ, БАЯНДАУЫШ БАСТАУЫШ, ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕ, БАЯНДАУЫШ

Жаңылтпашты жаттап ал. Сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма?


Көже пісті.

Көжені неше кісі ішті?

Неше кесе ішті?


1−жаттығу.

  1. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы

  2. Мәтіннен хабарлы, лепті сөйлемдерді тап.

  3. Сызбаға қарап қандай қорытынды шығаруға болады?


3−жаттығу. Жалаң сөйлемдерді оқы. Берілген сөздерді пайдаланып , жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдыр.


Түйе боталады. Сәуле үтіктеді. Ара қонды. Күн жылынды.


Керекті сөздер: киім, ақ, бүгін, гүлге.


4−жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз.


Жұлдыз көкке тізілді,

Аспаннан Ай үңілді.

Бетіндегі гүл ме екен,

Мені көріп тұр ма екен?

Қарап тұрған өзіме

Түннің әлде көзі ме?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 5−жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жай сөйлемнің түрін анықта.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал