7


  • Учителю
  • Планирование по Казахской литературе для 3 класса на тему 'Айтшы әжетай'

Планирование по Казахской литературе для 3 класса на тему 'Айтшы әжетай'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ж.Смақов « Айтшы әжетай »

Сабақтың мақсаты: Әдебиеттік оқу сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Білімділігі: Оқушыларды Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңімен таныстыру және мазмұны мен идеясын меңгерту. Дамытушылығы: Оқушыларды сауатты , мәнерлі, әсерлі оқуға баулу . Шығармашылық пен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелігі: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге үйрету. Сабақтың типі: аралас сабақ Әдіс -тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Интериактивті тақта, слайд. Пәнаралық байланысы: Дүниетану, еңбекке баулу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық:

(Слайд) «5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз

Үйтапсырмасын сұрау: «Мысық пен тышқандар»

1. Мазмұнын айтқызу

3. Тәрбиелік мәнін ұғындыру

Өткен сабақты бекіту: - Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің? - Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма? - « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің? Өткен сабақ бойынша қысқаша түсінік беріп, жаңа сабақпен байланыстыру.

Жаңа сабақ: «Айтшы әжетай»

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мақсаты: Еңбекке баулу. Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге үйрету.

Белгілі балалар ақыны Жақан Смақов туралы мәлімет

(Слайд) Автор суреті, Ж.Смақов 1932ж Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында дүниеге келген. Ж. Смақовтың «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар» өлеңдер жинағы басылды.Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең», «Қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталатын сурет кітапшаларын бастырды.

Нақыл сөздермен жұмыс:

(Слайд)

Ата -асқар тау.

Ана-бауырындағы бұлақ,

Бала -жағасындағы құрақ.

Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Ой қозғау: Осы нақыл бойынша қандай сурет салуға болады?

(Слайд) Тау ,бұлақ суреті

Оқулықпен жұмыс:

«Айтшы әжетай»

(Слайд) Әже мен бала

Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.

Мазмұнын түсіндіру

А) Іштей оқу

Ә) Тізбектей оқу

Сөздікпен жұмыс: Ақтабан -жылқының атауы

Қаракөл қойы-қойдың түрі

(Слайд) Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

(Слайд) Кестемен жұмыс:

Туыстық атауы Мамандығы

Атасы Тәрбиеші

Нағашысы Монтер

Жеңгесі Жылқышы

Ағасы Сауыншы

Жиен ағасы Құрылысшы

Апасы Егінші

Жездесі Қойшы

Туыстық атауларын үлгі бойынша топтастыр.

Ауызша: Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс

Оқушыларға сөйлету

Топтық жұмыс:

1-топ Өлеңнен туыстық қатынастарды білдіретін сөздерді теріп жазу.

2-топ Өлеңде кездескен тағам түрлерін ата, жаз

3-топ Мамандық атауларын жаз

Сабақты бекіту: Біз не үйрендік?

Қандай мамандықтармен таныстық? Қандай туыстық атауларымен таныстық?

Қорытынды: Құлыным, ботам, көжегім! Кім боласың сен өзің?

Балалар сұраққа пауызша жауап береді.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: «Айтшы әжетай» мәнерлеп оқу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал