7


'Валелогия ' 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Жеке бас тазалығы

Мақсат- міндеттері: Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, Әліппе-дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Педагог балаларға бір-бірімен амандасуға ұсыныс жасайды

Педагог балалармен «Амансың ба?», «Сәлеметсің бе?» деген деген сөздердің мағынасы туралы әңгімелеседі. Адамдар бір-бірімен кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері - ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалардан ата-аналары мен жақындары ұйқыдан оянған кезде, балабақшаға немесе мектепке келгенде, таныстарын кездестіргенде қандай ғажайып сөздерді қолданатынын сұрайды.

Педагог амандық сөздерге жеке-жеке, қысқаша түсінік беріп өтеді.

Балаларға «Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Сау бол!» деген сөздерді амандық сөздер ретінде түсіндіре отырып, «Неліктен олай ойлайсыңдар?» деген сұраққа жауап алынады.

«Амансың ба?» деген сөз - бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді. Біз кездескенде амандасып, бір-бірімізге денсаулық тілейміз.

-Адам ауырғанда өзін қалай сезінеді? Ауырмағанда адам туралы не айтуға болады? Денсаулық деген не?

Әңгімелесу барысында балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні жөнінде айтып береді.

Адам ауырса ыстығы көтеріледі, жата бергісі келеді, терлейді, әлсіреп, тамаққа тәбеті болмайдф, көңіл күйі бәсеңдейді. Дәрігер оларға дәрі, екпе дәрі жазып береді.

Ауырған бала балабақшаға, мектпке бармайды. Үлкендер жұмысқа бармайды. Олар үйде дәрі ішіп, емделеді.

Дені сау адам - еш жері ауырмайтын адам. Оның көзі жақсы көреді, құлағы анық естиді, қоларды, аяқтары мықты, қайратты, жігерлі, көңілі көтеріңкі болады, тамақты жақсы ішеді, жақсы ұйықтайды, балабақшаға, сабаққа немесе жұмысқа көңілді барады.

«Денсаулық» деген сөз - «денеңнің саулығы» деген мағынаны білдіреді.

Ендеше, «Денсаулық - зор байлық!» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне ең алдымен денсаулық тілейтінің себебі, міне осында.

Педагог балалардан ауырып тұрған (басы, тамағы) және дені сау, көңілді адамды бейнелеуді ұсынады.

-Сендерге қайсысы көбірек ұнады - ауырған адам ба, әлде денсаулығы мықты адам ба?

Ғалымдар қазір адамның ауырмай өмір сүруіне, денсаулығының мықты болуына, оны қорғауға қалай көмектесуге болатыны жөнінде ойлануда.

Валеология - денсаулық туралы арнайы ғылым.

Педогог «валеология» сөзінің құпиясын ашады. «Валео» - латынша «сау бол», ал «логос» - ғылым деген сөзден шыққан.

Валеология - денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Дәрігер Салауатты сымбатты, әдемі, денсаулығы мықты адам екендігіне назар аударады.

Оның атының өзі салауатты өмірсүру дегенді білдіретінін түсіндіреді. Осы салауатты өмір салты Дәрігер Салауаттың сымбатты, әдемі, денсаулығының мықты болуына көмектескен.

Салауат балаларды «Валеология» әлеміне қызықты саяхат жасауда басты көмекшілері болатын Денсаулық әліппесімен танысуға шақырады.

Оқу. Гигия туралы аңыз.

Аңызды талдау.

Панацея адамдарды түрлі ұнтақтармен, қою, сұйық дәрілермен емде, барлық ауруға арналған бір ғана дәріні әлі күнге дейін іздеумен келеді.

Гигия ауруды болдырмаудың заңын үйретіп, денсаулығы күшті, рухани жағынан мықты болуға жетелейді. Сондықтан гигия «Валеология» әлемінің сүйікті қонағы болады.

Балалар педагогпен бірге Әліппе-дәптердегі аңыз мәтінін оқып, суреттерге зер салады.

Тазалық туралы әңгіме:

Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті. Қарапайым ережелер күнделікті дағдыға айналуы тиіс. (Бұл не?)

Педагог балалармен сабын және су жөнінде әңгіме жүргізеді.

Кімде-кім үнемі қолын сабындап жуып жүрсе, ол ауырмайды.

Дымқылдап күнде сен,

Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза болсың.

-Қолыңды күніне неше рет жуасың?

-Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуеннен соң немесе қоғамдық көліктен түскеннен кейін, лас жұмысты орындаған соң қолды міндетті түрде жуу қажет.

-Су мен сабын - нағыз досың. Сен қолыңды сабындағанда на пайда болады?

-Қолымызда сабын көпіршігі пайда болды. Әр көпіршік қолымыздағы кірді кетіреді, ал су оларды жуады.

Практикалық әрекет.

-Қолды қалай тазалап жуу керек?

Қолымыздағы сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз.

Педагог балаларға қалай сабындап жуғанын,сүлгімен тазалап сүрткенін қимылмен көрсетуді ұсынады.

-Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт: сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, қолорамалы, т.б.

Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады. Сау бол!

Балалар кездескен және қоштасқан кезде йтылатын амандасу және қоштасу сөздері ғажайып сөздер екенін, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейтінін қайталайды.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Педагог балаларға Әліппе-дәптерді ашуды ұсынып, бірінші бетінде бейнеленген Дәрігер Салауатты назарларын аударады.


Қорытынды

Валеология - денсаулық туралы ғылым.

Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.

«Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!» - ғажайып сөздер.

Үйге тапсырма: ата-аналармен бірге денсаулық туралы мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттау және сабын туралы жарнама ойлап келу.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар жеке бас тазалығы жайлы білуі керек

  • Оқылған аңыздың мазмұның түсінуі керек



Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Рақмет саған, жаттығу!

Мақсат- міндеттері: Ертеңгілік жаттығудың денсаулыққа пайдасы жөнінде айту. Бала денсаулығының басты кепілі - дене бітімі туралы мағлұмат беру. Балаларға ағзаны қорғауда тыныс ал мүшесі мұрынның маңызы жөнінде айтып таныстыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Педагог әңгімесі барысында өткен сабықтың негізгі сәттерән естеріне түсіру керек.

-Валеология дегеніміз не?

-Дәрігер Салауат кім?

-Үлкендер мен балалар қандай ажайып сөздерді білуі керек?

-Тазалық туралы қандай ережелерді білесің?

Балалар денсаулық туралы үйде танысқан мақат-мәтелдерді жатқа айтады.

Өздері үйде орындап келген сабын туралы жарнамаларын достары мен ата-аналары еркін көре алатындай көрмеге іледі.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Ертеңгілік жаттығу туралы әңгімелесу.

-Жаңа күн немен басталады?

-Ұйқыдан тұру және жаттығу жасау дегеніміз не?

Ұйқыдан ояна сала төсектен тез тұрудың қажеті шамалы.

Төсекке жатып керілуі қажет.

«Велосипед», «көпір», қол қимылдары сияқты бірнеше қарапайым жаттығулар жасау.

Терезені немесе есікті ашып, бөлмені желдету

Жуыну (немесе душқа түсу), тісті тазалау қажет.

Таңертеңгілік жаттығу жасау.

Жаттығу күні бойы жақсы көңіл күймен сергек, күшті болып, күліп жүруге дәм береді. Таңертеңгілік жаттығу бала денсаулығының жақсаруына, нығаюына, денесінің өсуіне бағытталған. Үнемі жасалған жаттығу жігерлікке, табандылыққа, тәртіптілікке, қажырлылыққа тәрбиелейді.

Балалар күнделікті жаттығу жасауды әдетке айналдыра бастайды. Уақыт өте келе пайдалы әдет спортпен айналысуға көметеседі.

Дидактикалық ойын - «Үнді елінде қалай жүреді?» (педогогикалық сырсандықты қара).

Педагог балаларға өз еріктері бойынш бөлме ішінде айналып жүруді ұсынады. Олардың соңынан басқа топ бастарына кітап қойып жүреді. Балалар өз достарының жүрісі мен дене бітіміне назар аударады.

Бақылаудан қорытынды шығарылады. Бойы биік, ер тұлғалы, дене бітімі сымбатты, жүрісі әсем ер бала өте керемет, сол сияқты жүрісі жеңіл, арқасы, иықтары тік, ал жүзінде күлкі ойнап келе жатқан қызды көргенде қызыға қарайсың.

-Дене бітімі дегеніміз не? Кімнің омыртқысы түзу болуы мүмкін?

Балаларға омыртқаның түзу болуы үшін жаттығулар жасау ұсынылады.

-Басыңа сөмке қойп жүр.

-Кітапты басыңнан түсіріп алмай айналып кел.

-Гимнастикалық тақтайшаның үстімен су құйылған пластик стақанды басыңа қойып жүріп өт.

Балалар жаттығуды орындаған кезде өздерін қалай сезінгендерін, дене бітімдерін, жүрістерін талқылайды.

Бала сабақта отырғанда, тамақтанғанда, теледидар көрген кезде дене бітімін дұрыс ұстап, дұрыс жүре білуді үнемі қадағалауы керек.

Әңгімелесу.

Балалар екі-екіден тұрып, бір-бірінің арқасына массаж жасап, омыртқаларын саусақпен басып көру барысында өздері талдау жасайды.

Егер ұзақ отырсаң, арқаң талады.

Массаж қан жүгіртеді.

Балаларға осыдан соң «Омыртқа дегеніміз - адам ағзасының тірегі, денеге түскен салмақтың бәрін өзіне алады» деген түсінік беріледі.

Ортаға өз еркімен бір бала шығып, топқа омыртқасын көрсетеді, ал балалар оны суреттейді: «тік, түзу, омыртқа сызығы арқаның ортасымен өтеді».

Балалар Әліппе-дәптерде берілген суреттерді салыстырып, омыртқасы қисайған баланы көрсетеді.

Педагог балаларға омыртқаның қисаюы - сколиоз ауруына әкеп соқтыратынын түсіндіреді. Сколиоз ауруы туралы ерте жастан ата-аналарды, дәрігерлер баланың өз жүрісіне, дене бітіміне, омыртқа құрылымына көңіл бөлу керектігі туралы ескерті өте маңызды.

Денсаулығының мықты болсын десең, таңертеңгі дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен шұғылдан.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Бұл жаттығулар ұлдарға күшті, жылдам болуға және ауырлықты жеңе білуге көмектеседі. Мысалы, суда жүзу жүректің және бұлшықеттің мықты болуына көмектеседі.

Ал қыздар үщін конькимен сырғанау, гимнастика және би өнерімен шұғылдану дене бітімін түзу, жүрістің әдемі болуына ықпалын тигізеді.

Таңертеңгілік жаттығу тек жағымды сезім туғызып қана қоймай, бұлшықеттің шынығуына, омыртқаның дұрыс қалыптасуына, жалпақтабандылықты болдырмауға және тыныс алу жүйесін жақсартуға көмектеседі.

Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар

Шармен ойын: «Кім шарды тез үрлейді».

Педагог балаларға терең тыныс алып, тыныс шығаруды ұсынады. Адам өкпемен тыныс алады. Тыныс алған кезде өкпеге өмірге қажетті ауа барады.

Тәжірибе:

Педагог балаларға жарғақ қапшық тарататып беріп, алдымен оған ауа үрлеуді, содан кейін ауаны сорып алуды ұсынады.

Ауаны жұтқан кезде, өкпе қапшық секілді кеңейеді, ауаны шығарғанда қалпына келеді.

Жұмбақ

Түсі бар көрінбейтін,

Біртұтас бөлінбейтін,

Тынысы ол тіршіліктің,

Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)

Ауа мұрын, ауыз арқылы кіреді. Педогог балаларға мұрынды және ауыздарын жабуды ұсынады. Не байқалды?

Балалар өздерінің не сезінгендерін талқылайды.

Тәулік бойы адам ауаны жұтып, оны сыртқа шығарады, яғни тыныс алады. Адамдармен қатар жануарларда, өсімдіктер де ауамен тыныс алады.

«Иісі арқылы анықта» ойыны

Педагог балаларға көзін жұмып, жемісті иісін иіскету арқылы табуды ұсынады.

Адам мұрынмен тыныс алып қана қоймайды, иіс те сезеді. Мұрын - иіс сезу мүшесі. Адам тыныс алған кезде шаң мен микроб мұрындағы шаш талшықтарына жабысып, залалсызданады. Егер адам ауызбен тыныс алса, ауа өкпеге тазармай түсіп, ауру шақырады. Түшкіргенде, жөтелегенде міндетті түрде қолорамал пайдалану керек, ауа арқылы сау адамның өкпесіне микроб түсуі мүмкін.

Егер суық тигенде уақытында емделмесе, асқынып, құлақ, өкпе, жүректің ауыруы мүмкін. Ауырмас үшін шынығу қажет.

Есіңі сақта!

Мұрынды саусақпен, үшкір затпен шұқуға болмайды. Мұрынға бөгде зат тығуға болмайды. Қатты сіңбіруге, мұрынды тартуға болмайды, бұл құлақ ауруына шалдықтыруы мүмкін. Басқа адамның қолорамалын пайдаланба. Әр адамның жеке өзінің қолорамал болы қажет.

Мұрынды шынықтыруға болады. Ол үшін күніне екі рет тұзды сумен шаю керек (бөлме температурасындағы жарты стақан суға жарты шай қасық тұз)

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Педагог балалармен бірге омыртқаның негізгі көмекшісі табан екенін, оның жүріс кезінде үлкен рөл атқаратынын талқылайды.

Балалар суреттен дұрыс табан суретін және дәрігермен бірге қағазға бастыру арқылы алдын ала дайындаған өз табандарын салыстырып көреді.

Табан пішінінің бұзылуы «жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады. Бұндай ауруға жол бермес үшін Дәріген Салауат табанға арналған жаттығулар жасауды ұсынады.

Әліппе-дәптерге қарап, жалпақтабандылықтың алдын алу жаттығуларына назар аудару.

Балалар педагогпен бірге табанның қасиетін анықтайды.

Педагог балаларға табанға арналған келесі жаттығуларды орындауды ұсынады:

Аяқ саусақтарымен қарындаш жина.

Аяқ саусақтарымен сүлгіні жина.

Таяқшаларды табанмен тербет (әр баланың таңдауына қарай).

Қорытынды

Дене бітімінің сымбатты, денсаулықтың мықты болуы үшін дене шынықтыру, спорттың маңызы зор. Балалар өздерінің дене бітіміне, жүрісіне көңіл бөлуі сколиоз (омыртқаның қисаюы) ауруының алдын алады.Омыртқаның негізгі көмекшесі - табан, оның пішінінің бұзылуы «жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады. Сондықтан табанға арналған жаттығуларды үзбей жасау керек.

Қосымша материалды сабақ кезінде, ата-аналар жиналысында немесе жеке кеңестерге қолдануға болады.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар таңертеңгі жаттығулардың пайдасы жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Күн тәртібі.

Мақсат- міндеттері: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінің қалыптастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Қодарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл - «Тілек шоғы» болып оралады.

«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, од өзіңе қайтып оралады» - деп педагог қорытынды жасайды.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

«Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу.

Әңгімелесу.

-Таңертеңгелік жаттығу не үшін қажет?

-Омыртқаның қисаюы деген не?

-Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек?

-Жалпақтабан дегеніміз не?

-Омыртқаны қисаюынан және жалпақтабандылықтан қандай жаттығу көмектеседі?

-Таңертең тұрған кезде не істейміз?

-Күндіз немен шұғылданамыз?

- Кешке немен шұғылданамыз?

-Түнде не істейміз?

Дидактикалық ойын - «Жыл мезгілдері».

(Педогогикалық сырсандықты қара).

Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілі» деп аталады.

Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.

Балалар өздерінің көңіл күйлерін белгілейді.

-Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?

Ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек.

Тазалық ережелерін сақтау керек.

Уақытында тамақтану қажет.

Денсаулықта сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әңгімелесу.

Жұмбақ шешу.

Дүниеде не тәтті. (Ұйқы)

Балалар өздерінің ұйқысы жайлы айтып, талқылайды.

Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің. Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды. Кейде түс қызықты, ал кейде қорқынышты болуы мүмкін. Түстен қорқудың қажеті жоқ.

Күні бойы шаршаған адам денесі үшін ұйқы қолайлы жағдай туғызады. Оның ағзасы демалады. Түнде адам қозғалыста болады, яғни басын бұрады және қол-аяқтарын қозғалтады. Тіпті адам ұйықтап жатқаның өзінде денесі қозғалмауы мүмкін емес, жататын төсек орны аса жұмсақ та, қатты да болмауы керек. Қатты төсек бұлшықет пен сүйекке батады, сондықтан бұлшықет демалмайды, ал сүйектер ауырып қалады.

Күні бойы секіру, жүгіру, ойнау, сөйлесу, күлуден ағза шаршайды. Ал ұйықтағанда дене демалады, жаңа күш жинайды.

Адам бойын ұйқысыздық билесе, ол алаңғасыр, ұмытшақ болып, көңіл күйі нашарлап, басы ауырып, жұмысқа зауқы болмай, есте сақтау қабілеті төмендеп, тіпті кейде есінен танып та қалады. Ал егер өз уақытынан көп ұйықтаса да күні бойы көңілсіз, босаң күйде жүреді. Егер адам жақсы ұйықтаса, ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп, көңіл күйі жоғарылап, өзін өте сергек сезінеді.

Кез келген адам үшін жас талғамайтын өмірлік қажеттілің. Жаңа туған нәресте тәулігіне 22 сағатқа дейін, ал ересек адам орта мөлшермен 8 сағатты ұйқымен өткізеді екен. Ересек адам балаларға қарағанда едәуір аз ұйықтайды. Ұйқы-күн тәртібінің құрамды бөлігі.

Педогог балалардың ұйықтар алдында жеке бастың тазалық ережелерін сақтау: жуыну, тісін тазалау, сонымен қатар ойыншықтары мен кітаптарын жинау керектігін айтып, әңгіме жүргізеді.

Аутотренинг:

Жай әуен ырғағы естіледі.

Мен денемді босаңсытамын.....және жайланамын.....

Мен қолдарымды ашыған қамырдай бос жіберемін..... жылы, жылы судың ағысындай..... қимылсыз.

Менің аяқтарым босаңсыған....жылы... қимылсыз....

Менің кеудем босаң....жылы...жылы...қимылсыз...

Менің мойным босаң....жылы...жылы...қимылсыз...

Менің бетім босаң....жылы...жылы...қимылсыз...

Жағдайым жақсы күйде....

Жеңіл және еркін дем аламын.....

Мен өзіме күш аламын, жақсылап бір дем аласын....



Әуен ырғағы тезірек ойналады.

Сергектік бойымды жақсартады....

Қол...аяқ...кеуде...мойнымнан әлсіреу сезімі кетеді...

Менің бұлшықеттерім тынықты...олар жеңіл, ауа шары сияқты...

Мен сергек жүріп, бәріне жайдары жүзбен қараймын...

Тыныс алуым жиілеп, тереңдейді...

Мен бетімнен самал ескендей сезінемін...

Мен өзіме сенімдімін...

Мойын...иық...арқамнан жағымды самал жел есті...

Мен салқын душ қабылдағандай болдым...

Терім «қаздың» терісіндей болып кеткенін сезіп тұрмын...

Денемнен «құмырсқалар жүгіріп өткендей».

Мен жақсы тынықтым!

Сергекпін және күштімін!

Көңіл күйім көтеріңкі!

Өзімді-өзім өте жақсы сезінемін!



«Ұйқы перизаты» дидактикалық ойыны. (Педагогикалық сырсандықты қара).

Дәрігер Салауаттың ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестері:

Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алуды ұмытпаңыз.

Балаңыздың ұйқы алдында тісін тазалап, душ қабылдауын қадағалаңыз.

Ұйқы алдында таза ауада серуендеу өте пайдалы.

Жатар алдында теледидар көргеннен гөрі балаға ертегі оқып берген эөн.

Бала тез ұйықтау үшін, бал қосылған бір кесе жылы сүт ішкені пайдалы.

Баланың төсек орны аса жұмсақ та, аса қатты да болмаы тиіс.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Әліппе-дәптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру.

«Күн және түн» қимылды ойыны.

Педогог «Күн» белгісін бергенде, балалар күлді, жүгіреді, секіреді, т.б. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі «ұйықтайды».


Қорытынды

Ұйқы - адам өміріне аса қажет, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.

Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн.

Адам - табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті.

Балалар шеңбер құрып, бір-біріне күлімсіреп қарап, жақсылық, денсаулық тілейді.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар күн тәртібінің пайдасы жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Мен кіммін?

Мақсат- міндеттері: Балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруге көмектесу.

Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алдан сақтануға үйрету.

Балаларға жүйке және мидың маңызы туралы мәлімет беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

-Дәрігер Салауат таңертең оянған балаларға қандай кеңестер береді?

-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?

-Күн тәртібі дегеніміз не, ол не үшін керек?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

-Адам дегеніміз кім?

Әңгімелесу.

Ол жер бетінде ең ақылды, ең күшті. (Адам).

Педагог балалардың бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары бар екенін айтуды ұсынады.

Балалар шашының түсі, көзі, мұрын пішіні жағынан айырмашылықтары бар екенін, әркімнің қайталанбас дара тұлға екендігін әңгімелейді.

Адам - табиғаттың ең керемет жаратылысы. Адам өз өмірін, денсаулығын сақтау керек.

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Адам - дені сау, мықты, күшті, яғни бақытты болу үшін өмірге келген.

Әр адам өзі туралы, өзінің қандай екенін, денсаулығын қалай нығайту керек екенін білуге тырысады.

Дидактикалық ойын: «Адамның денесін құрастыру».

«Ғажайып түс» ертегісі. Оқу. Талдау.

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, адамға ең керегі қай мүшесі?

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әңгімелесу.

-Адамның дене құрылысы неден тұрады? (Сүйек, буын, бұлшықет, тері)

Адамның дене құрылысында сүйек ең негізгі рөл атқарады. Олар негізгі тірек және ішкі ағзаларды қорғайды. Онсыз адам тұра да алмайды. Адам денесіндегі барлық сүйектер «қаңқа» деп аталады.

Педагог балаларға саусақты қолғапты адамның денесіне ұқсатуды ұсынады. Саусақты қолғап өз еркімен тұра алмайды. Ал адам оны қолына кисе, ол өзінің түрін сақтайды. Егер де адамды сүйектері мықты болса, онда ол саусақты қолғап сияқты құлап қалмайды.

Педагог балаларға сүйектерін ұстап көруді ұсынып (қолының, аяғының), кей жағдайда сүйектің зақымданатынын айтады.

Адам тайып, кездейсоқ құлап, сүйекті сындырып шығарып, ауыртып алуы мүмкін.

Баспалдақта айнауға болмайды, себебі құлап, жарақат алуы мүмкін.

Биіктен секіру қауіпті. Сүйек, буын, бұлшықет зақымдалуы мүмкін. Барлық сүйек бір-бірімен бын мен бұлшықет арқылы байланысады.

Егерде адамда бұлшықет болмаса, жүре де жүгіре де, тұра да, отыра да алмайды, өйткені барлық қозғалысты адам буын мен бұлшықеттің көмегімен орындайды. Адамдардың арасында жұмысты ұзақ істейтін дені сау, мықты адамдар бар. Бұл адамдардың бұлшықеті жақсы жұмыс жасайды. Оларды төзімді дейді. Спортшылардың бұлшықеттері бөлініп (айқындалып) тұрады. Спорттың барлық түрінде күш пен шыдамдылықты өте жоғары бағалайды.

Педагог балаларға қолдарын бүгіп, бұлшықеттерін ұстауды ұсынады. Сабақтан бос уақытта білек күшін сынастырып, жарыс ұйымдастыруға болады. Күшті әрі жылдам болу үшін бұлшықетке әр түрлі жаттығулар жасау қажет.

Дене бітімінді сымбатты еткің келсе, жалпақтабандылықты түзетуді ойлансаң, жаттығу жаса.

Педагог өткен сабақта танысқан аяқ, табан, дене бітіміне арналған жаттығулардың сонымен қатар бұлшықеттердің шаршағанын басатынын айтады.

Балалар Әліппе-дәптердегі кейбір жаттығуларды қайталайды.

Адамның барлық денесін тері жауып тұр. Тері қорғаныш қызметін атқарады. Ол денені күйіктен, соққыдан, үсіктен, іртүрлі жарақаттан сақтайды. Тері сезім мүшесі болып табылады. Қараңғы жерде де қолдың астындағы заттың қатты, жұмсақ, ыстық, суық, майда екенін және пішінін анықтауға болады.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба».

Әдемі дорбада таныс ойыншықтар мен заттар жатады. Бала дорбаның ішінде қолын салып, кез келген затты ұстап, сипап сезу арқылы не екенін табады.

Тәжірибе:

Балалар үлкейткіш шыны (лупа) көмегімен қолының терісіндегі ұсақ тесіктерді көреді. Тесіктер арқылы дене тыныс алады. Егер тері кір болса, онда тесіктер бітеліп, дененің тыныс алуы қиындайды.

Кір теріде түрлі ауруын тудыратын микроб көп болады. Сондықтан адам өз терісінің тазалығын сақтауы керек.

Қандай тазалық ережелерін білесіздер?

Педагог жер шарындағы адамдардың терісі әртүрлі болатынын балаларға түсіндіреді. Африкалықтар қара, азиялықтар сары, еуропалықтар ақ, бірақ олар терісінің түсіне қарамастан, бір бірімен достық қарым қатынаста болуды қалайды.

Барлық адамдар бірдей болып туады. Сондықтан да олар бірдей құқыққа ие.

Барлық адамдар еркін қмір сүруге, жұмысты өз мүмкіндігі және тілегіне қарай таңдауға, жұмыс істеуге құқығы бар.

Педагог балаларға бастарын ұстауды ұсынады.

Нені сипаладыңдар? Оның ішінде не бар?

Ми қуатты компьютер орталығы сияқты барлық ішкі мүшелерді басқарып, көп жағдайларды шешіп, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

Жүйке мидың алғашқы көмекшісі. Олар қоршаған ортаның ақпаратын тері, көз, құлақ, ауыз, мұрын арқылы миға жеткізеді.

Педагог балалардан саусақтарын күйдіріп немесе бір нәрсеге соғып алғандағы сезімдерін сұрайды.

Балалар мұндай кезде аурудың жанына батып, қолын жылдам тартып алатының айтады. Бұл жүйке арқылы дененің ауырып, соғылып, күйіп қалғанын туралы миға ақпарат келіп түседі, ол қолды тартып алу жөнінде бұйрық жасайды.

Балаларға:

Есік алдында ойнап жүргенде автомобиль дауысын естіп қалдыңдар, ары қарай не болады? Деп мұнын кейінгі оқиғаларды көз алдына елестетуді сұрайды.

Балалар пікірін педагог толықтырып, дыбыс белгілерінің есту мүшелері (құлақ) жүйке арқылы миға ақпарат белгілердің (бұрылу, тоқтау немесе басқа жаққа жылжу) болатынын айтады.

Ми бассүйекпен қаптылған. Бас қатты соққыдан зардап шегуі мүмкін.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Ойын кезінде басты соғып алудан сақтан.

Басқа тиген қатты соққы ауыр жарақат мидың шайқалуына әкеп соғады. Мұнан бас айналып, құлақ шуылы, жүрек айну, құсу, бас ауруы пайда болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

Тіпті жер сілкіну кезінде үстелдің астында тығылып, басын қолымен қалқалау қажет.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Ұйқы кезінде ми және жүйке жүйесі демалады, сондықтан адам ұйқыдан тұрғанда өзін жеңіл, өте жаөсы сезінеді.

Тамақтану тәртібі де жүйке жүйесіне әсер етіп, тәбеті жоғарылап, ас жақсы қорытылады.

Жүйке жүйесі спорттық ойындар мен таза ауадағы серуен кезінде жақсы демалады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Балалар адамның дене құрылысымен танысады. Дене мүшесінің әрқайсысының өз атауы бар. Адамның денесі бас, мойын, кеудеден, жоғары және төменгі бөліктерден тұрады.

Педагог адамның бойы, салмағы жасына қарай өзгеретіні жөнінде әңгімелейді. Адамның жас кезінде күш-қуаты көп, денсаулығы жақсы болатынын, оны сақтауды үйрену керек екеніне балалар назарын аударады.


Қорытынды

Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.

Адам өз өмірін қорғауы керек.

Өз дене мүшелерін білу, күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғылдануы керек.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар адам табиғаттың ең керемет жаратылысы екендігі жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта.

Мақсат- міндеттері: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру.

Қсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым қатынасын қалыптастыру.

Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Адамға ең қажетті дене мүшелерін ата.

Қаңқа деген не? Ол не үшін қажет?

Дәрігер Салауат сүйектерді қорғау үшін қандай кеңестер береді?

Тері қандай маңызды рөл атқарады?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Табиғат сенің денсаулығыңа қандай әсерін тигізеді?

Педагог балалармен табиғат дегеніміз не және оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде әңгіме өткізеді.

Табиғаттың сыйы жөнінде әңгімелесу.

Табиғат адамдарды қоршаған әлем.

Бұл аспан, ай, жұлдыздар, өзен көл теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Жел, жауын шашын, боран, су тасқыны, қар еруі бұның бәрі табиғаттың құбылыстары.

Таулар, тастар, ағаштар, шөптер табиғаттың денелері.

Табиғат бүкіл қоршаған ілем, ал адам өмірдегі ең керемет жаратылыс.

Табиғаттың адамға ғажайып сыйлығының бірі таза ауа.

Педагог терезенің желдеткішін ашып, балаларға таза ауаны терең жұтуды ұсынады. Таза ауа ағзаға өте пайдалы. Адамдар оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады.

Ағаш ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл да адам денсаулығына жағмды әсер етеді.

Күн табиғат сыйының бірі. Халық: «Күн қай жерге аз түссе, сол жерде адамдар жиі ауырады» дейді. Күн шуағы көптеген аурудың алдын алады.

Балалар терезеге келіп, қолдарын күнге созып жылытады.

Өмір шырыны су табиғаттың тағы бір сыйы.

Адам ағзасының жартысынан көбі судан құралады. Сусыз адам біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін. Ыстық болған сайын ағзалардың сусыз өмір сүруі қиындай түседі. Су ішкі және сыртқы ағзаларды тазартады. Өсімдіктер де, жануарлар да сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер мен жануарлар денсаулықты нығайтуға қажетті дәрумендер береді.

Балалар таза, салқын суды ішеді. Қолдарын суға салып, бетерін сулы қолдарымен сүртеді.

Сергіту жаттығу.

Әңгімелесу.

Флора және фауна дегеніміз не?

Флора өсімдік әлемі (ағаштар, гүлдер,бұталар, шөптер, т.б.)

Фауна жануарлар әлемі (үй жануарлары және жабайы жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктер).

Өсімдіктер өмірінде арнайы тәртіп сақталады.

Дән жерге түскеннен кейін, өніп, тамырланып, кішкентай өскін өсіп шығады. Оны жаңбыр суарып, күн жылуын береді.Жер күш береді. Ағаш күшті және иілгіш болуы үшін, ір тағда таңертеңгі шық оны жуындырып, салқын жел әр бұтағын тербетіп, жапырағын сыбдырлатып тұрады. Ал ол қсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан: жауын шашын, желден, т.б. қорғап, жемісін беріп, ыстықта көлеңкесін түсіріп, қажетсіз көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегі шығарады. Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса, жапырағы сарғаяды, зиянды заттар болса, ағаш ауырып, аяғында солып қалады. Суы аз болса, өспей қалады.

Жануарлар да салауатты өмір заңын сақтайды.

Күшік пен мысық аулаға жүгіріп шығып, керіліп созылады. Мысық бетін жуады, ал күшік тілімен жүнін жалайды. Барлық жануарлар тамақтанғаннан кейін жуынады. Әтеш қақпаға шығып, мойнын созып, қанаттарын серпіп серпіп, қатты шақырады.

Жануарлар жүнінің таза болуы жақсы денсаулықтың белгісі.

Жануарлар тамақтану тәртібін сақтайды. Егер мысықтың баласын уақытында тамақтандырса, ол өспей қалады.

Ойын лото «Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері».

Балалар адамға қоршаған ортаға байланысты үлкен жауапкершілік жүктелгенін талқылайды. Адам табиғаттан бөлек өмір сүре алмайды, өйткені ол табиғаттың бір бөлігі. Өз денсаулығын сақтау үшін, ол жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға міндетті.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Дәрігер Салауаттың кеңестері:

Өсімдіктер мен гүлдерді жұлма! Сүйсініп қара, басқа адамдардың да сүйсініп қарауына мүмкіндік бер.

Бөтен итті сипама, жақындама. Абай бол, ол оны өзіне төнген қауіп санап,қауып алмауы мүмкін.

Егер жұмыртқасы немесе балапаны бар ұяны көрсең,тиіспе. Құстар өз балапандарын қорғаймын деп, шоқып тастауы мүмкін.

Жануарларды таяқпен соғып, аяқпен теуіп, құйрығынан тартып жәбірлеуге болмайды. Олар өзін қорғау үшін, сенің өміріңе қауіп төндіру мүмкін.

Қорытынды

Табиғат тіршілік нәрі.

Адам флора мен фаунаны қорғап, күтеді, ал олар адамға өмір сүруге пайдасын тигізеді.

Адам табиғаттың бір бөлігі. Жер бетіне ауа, су, күн болмаса, тіршілік атауы болмас еді

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар адам табиғаттың ең керемет жаратылысы екендігі жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Күн, ауа және су біздің достарымыз.

Мақсат- міндеттері: Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер ісері жөнінде мағлұмат беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Жылулық шеңбері. Балалар Күнге қарай қолдарын созып төмендегі сөздерді айтады:

Құдіретті Күн, мен сені жақсы көремін!

Құдіретті Күн, мен сенен өтінемін.

Құдіретті Күн, маған тыныштық пен қайырымдылық бере гөр!

Құріретті Күн, маған денсаулық пен жылылық бере гөр!

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Әңгімелесу.

Педагог жұмбақ жасырады:

Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Педагог балалармен жұмбақтың мазмұны жайлы әңгімелеседі. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін тұрады. Көрінбейтін шуағына ультракүлгін шуағы жатады. Шуақтың әсерінен біздің терімізде өте маңызды «Д» дәрімені бар. Ал осы дәрімен жетіспесе, балаларда мешел ауруы пайда болады. Күннің шуағы теріні нығайтып, ағзаны суық тиюден сақтауға көмектеседі.

Педагог балалардың назарын күннің астында көп жүрудің өзі қауіпті екеніне аударып, теріні күйдіріп, әлсіздік пайда болуы мүмкіндігін естеріне салады.

Күн табиғи дәрі. Ал кез келген дәрі сақтықты талап етеді. Күн шуағын қатаң түрде ережемен қабылдау керек.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Күннің астында көп қыздырынуға болмайды, денең күйіп қалуы мүмкін.

Баскиімсіз күннің астында көп жүруге болмайды.

Күнде шынуғыды судың жағасында, ертеңгілік уақытта қабылдау керек, күніне бір реттен көп болмауы тиіс.

Релаксацияға арналған жаттығулар.

Балаларға кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жүмып жатуға нұсқау беріледі. Өздерін құмның үстінде, күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінеді.

Педагог балаларды парақ қағазбен желпіп өтеді, ал балалар оны жылы желдің лебізі еркелеткендей елестетеді. Балалар өздерін жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл күйге енеді.

Педагог балалардан жел туралы не білетіндерін сұрайды.Қозғалыстағы ауаны желді, балалардың өздері ақ қолдарымен бетін желпу арқылы жасай алатынын айтады. Балаларға ауаны көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтыны, рның түсі, дәмі, иісі болмайтыны туралы түсіндіреді.

Тәжірибе: Әр балаға бір бір шар беріледі. Олар оны үрлеп, суға салып, ақырындап ауасын шығарады.

Әңгімелесу:

Педагог балаларға адамның оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын шығаратынын айтады.Сондықтан бөлменің ауасын жиі тазартып отыру керек. Оттегіне бай таза ауа балаларды аурудан сақтайтынын, ал көмірқышқыл газы адам ағзасына зиян екеін түсіндіреді.

Өсәмдіктер-ауаның табиғи тазартқыш. Сондықтан демалыс, сауықтыру үйлерін негізінен ағаш көп өсетін орманда салатыны, ал бөлмелерге осы қызметті атқаратын бөлме гүлдерін қоятыны туралы түсінік береді.

Дәрігер Салауаттың кеңсесі:

Таза ауа - табиғат байлығы, оны қорғауың керек. Көбірек гүлдер мен ағаштар отырғызыңдар.

Педагог балаларға глобусты көрсете отырып, оның планетамыздың кішкентай үлгісі екенін естеріне салып өтеді. Балаларға осы глобусты қарап, қандай түстің көп екенін сұрайды.

Көгілдір түспен не белгіленген?

Су қайда болады?

Педагог жер бетінде шынында да судың көп екенін, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге жарамйтынын түсіндіреді.

Тәжірибе:

Іші суға толтырылған екі стақан дайындайды: біреуінде тұзды су, екіншісінде тұзсыз су. Балаларға осы екі судың дәмін татқызып көрсетіп, тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасайды.

Педагог балаларға көл, өзен, арықта тұзсыз судың ағатынын, онымен бау-бақша суаруға болады, бірақ ішуге болмайтынын түсіндіреді. Неліктен?

Педагог балалардың жауаптарынан соң біздің планетамызда судың көп екенін айтып, бірақ тек таза, тазарған, тұзсыз суды ғана ішуге болады деп қорытады.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Өзенде, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды, оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар бар.

Суды үнемдеп, таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Ауасыз, сусыз адамдар тіршілік ете алмайды.

Күн, ауа және су - адам ағзасының шынығуына тамаша көмекшілер.

Шынығу дегеніміз не?

Шынығудың ең жеңіл түрі - суға түсу.Бұл жерде мынандай құнды ережелерді есте сақтауларың керек:

Ешкіммен кімнің суу суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа! Ол денсаулық үшін зиян.

Салқын су әркімге әртүрлі әсер етеді, кейбіреулер суық тиіп, ауырып қалуы мүмкін.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Шынығу жұмыстарын күнделікті жүргізу қажет, әйтпесе адам ағзасы үйренбеуі немесе күткен нәтиже көрінбеуі мүмкін.

Балалар шынығу туралы өзара талқылап, шынығу дегеніміз сауығудың ең ыңғайлы тәсілі деген шешімге келеді. Оған арнайы уақыт бөліп, белгілі бір жағдай жасаудың қажеті жоқ, тәулік бойы жүргізуге болады.

Салауаттың ең қарапайым кеңесі:

Жалаңаяқ ұзақ жүру керек, ең болмаса үйде. Бұлай жүру әсіресе тегіс емес жермен; тастардың үстімен, ыстық құмда, жерде, қардың үстінде жүргенде жалпақтабандылықтың алдын алып, табандағы нүктелерге арналған массаж болып табылады.

Жалаңаяқ жүру бүкіл денеңе күш-қуат беріп, денсаулықты нығайтады.

Ең ыңғайлы және қауіпсіздік шынығудың түрі ауа ваннасы болып табылады.

Беті қолыңды, құлағыңды, қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу.

Суыққа шынығу барлық ауруларды емдейтін дәрі.

Күн және ауа - табиғат сыйы. Оларсыз тіршілік болуы мүмкін емес.

Күн және ауа - табиғат дәрі.

Өсімдіктерді күтіп баптау керек. Олар ауаны тазартады.

Таза су - тіршілік атаулы өмірінің нәрі. Табиғи құнды байлық.

Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды, үнемдеу қажет, себебі суды тазалау үрдісі қте қиын да қымбат.

Күн, ауа және су - біздің тамаша достарымыз.

Табиғат сыйлары арқылы шынығу - түрлі ауруларды болдырмаудың ыңғайлы тәсілі.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Күн және ауа - табиғат сыйы. Оларсыз тіршілік болуы мүмкін емес.

Күн және ауа - табиғат дәрі.

Өсімдіктерді күтіп баптау керек. Олар ауаны тазартады.

Таза су - тіршілік атаулы өмірінің нәрі. Табиғи құнды байлық.

Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды, үнемдеу қажет, себебі суды тазалау үрдісі қте қиын да қымбат.

Күн, ауа және су - біздің тамаша достарымыз.

Табиғат сыйлары арқылы шынығу - түрлі ауруларды болдырмаудың ыңғайлы тәсілі.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар күн, ауа және судың адамға қажеттігі жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Спорт -денсаулық кепілі.

Мақсат- міндеттері: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесін және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі -жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оны қызметі туралы мәлімет беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері. Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып, түзу тұрады. Педагог балалармен кездескеніне қуанышты екенін хабарлайды. Ол оң қолын жайып, жүрегінен қуаныш алып балаларға сыйлайды. Осы қимылды сол қолымен соңынан екі қолымен бәрге жасайды.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Әңгімелесу.

-Адамдар неліктен өзін қоршаған әлемді қорғауға тиіс?

-Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?

-Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?

-Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды?

Дене тәрбиесі сабағы негізінен қозғалыс үстінде өтеді. Қозғалыс - түрлі аурудан сақтандырып, оларды емдеу үшін тиімді болып табылады.Дене тәрбиесі тек емдеп қана қоймай, сонымен бірге бұлшықетті жаттықтырып, дамытып нығайтады. Сүйектер мен қаңқаларды қалыптастырады. Бұл сабақтар жағымды көңіл күй туғызып, бірге әрекет жасау іскерлігін қалыптастырады. Баланың байқағыштық,дәлдік, еркіндік, бірбеткейлік қасиеттерінің дамуына көмектеседі.

Дене тәрбиесіне емдік дене шынықтыру мен дене шынықтыру сабақтары жатады.

Емдік дене шынықтыру сабағы - белгілі бір аурудың алдын алу мақсатында,ал дене шынықтыру сабағы негізінен оқу-тәрбие мекемелерінде жүргізіледі. Оның құрамына жаттығулар, жалпы дамытушылық және негізгі қозғалыстар жатады. Дене шынықтыру сабағында балалар жаттығу жасап үйреніп, спорт әлеміне алғашқы қадам жасайды.

Түрлі жаттығуларды орындағанда, спорттың арнайы бір түрімен айналысқанда, достарыңмен немесе бүкіл сыныптын балаларымен бірге тапырмаларды орындағанның қызық та көңілді екенін педагог баяндап өтеді.

Дене шынықтыру сабағы әр түрлі бөліктерден тұрады, негізгі қозғалыстарды орындауда көңіл күйін қалыптастырып, денесін жаттықтырады, шаршағандарын басады.

Балаларға дене шынықтыру сабағынан үзінді жасау ұсынылады. («Қырықаяқ» ойыны).

Жеңіл әуен ырғағымен балалар бірінің артына бірі тұрып, сап түзейді. Саптың алдында қырықаяқтың басы болып -педагог, соңында құйрығы ретінде бала, ал қалған балалар аяқтары болады. Балалар иректеліп бүкіл зал бойымен орындық үстімен, аяқтарының көп екенін, егер олар өзара шатасып қалған жағдайда күлмей, керісінше көмектесу керектігін түсіндіреді. Педагог «Басқаға көмектессең, өзіңе де көмектеседі» деген тұжырымды сөздің мағынасын түсіндіреді.

Балаларға «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранын еске түсіру ұсынылады. Олар бірлесіп жұмыс жасаса, кез келген уақытта бір біріне көмекке келе алатындарына көздері жетеді.

Әңгімелесу.

Педагог адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. Бұл қай мүше? «Сағат емес, бірақ соғады». Бұл -біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан.

Жүрек соғуын кім де болса тыңдай алады. Педагог балаларға бір-бірінің жүрек соғысын тыңдауды ұсынады. «Біздің анамыздың, ікеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүректері де осылай соғады».

Жүрек - қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдап, сонан соң қайта жиырылады. Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.

Жүрек ауырмауы үшін және дұрыс жұмыс істеуі үшін, оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортмен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру, күнделікті жаттығу-дененің бұлшықеттерін нығайтады. Сондай-ақ жүректің бұлшықеттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Ұарап ішу, темекі тарту жүрекке үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұлай ету жүректі әлсіретіп алады.

Бала жүрегінің үлкеннің жүрегінен айырмашылығы - өлшемінде.

Педагог жұдырықтарын түйіп, зер салып қарауды ұсынады.

«Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей».

Адамда жүрек - біреу ғана. Оны сақтау қажет.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.

Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.

Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

Шарап ішу, темекі тарту жүреккке үлкен зиян тигізеді.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар спорт адамға қажеттігі жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.

Мақсат- міндеттері: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесін және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі -жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оны қызметі туралы мәлімет беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Балалар К. Чуковскийдің шығармасындағы ертегі кейіпкері Мойдадырдың қандай болғанын естеріне түсіреді.

Мойдадыр балаларға тазалық ережелерін орындауға кеңес береді.

Балалар қандай тазалық ережелерін білетінін және сақтайтынын естеріне түсіреді.

Жұмбақ

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс).

Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас. (Тіс).

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Педагог балаларға бір-біріне тістерін көрсетіп, өз тістерін қалай күтетіні туралы айтып берулерін ұсынады.

(Тіс емханасына саяхатқа апаруға болады.)

Педагог алманы немесе ірімшікті тістеп көріп, тіс таңбасына көңіл аударуды ұсынады. Тістерінің барлығының көлемі бірдей еместігін байөайды.

Тіс біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Адамның тісі түзу әрі аппақ болса, онда ол күлген кезде әдемі болып көрінеді.

Балаларға бір-біріне қарап, өз күлкілерін көрсету ұснылады.

Педагог балаларға айна беріп, өз тістерін қарап, қандай екенін (ақ, тегіс, қатты) айтуды ұсынады.

Кейбір балалардың тістерінің бұзылғанына көңіл аударады. Кейбіреуіне тіс дәрігеріне қаралып, тістерін емдеу ұсынылады. (Бұл туралы ата-аналарға айтуды ұмытпау).

Тісжегі -тістегі ең жиікездесеті ауру. Оны ауыртпай емдеуге болады. Егер емделмесе, тесігі тереңдеп, тістің түбірі де бұзылады. Ол кезде шыдапай ауырады.

Тіс - біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі-тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Тамақ шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді. Бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.

Педагог дүниеге келген сәби тіссіз туылатынын, тістің алты ай болғанда шығатынын, оны «сүт тіс» деп атайтынын айтады.

Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тіс сыйып түруы үшін адамның жақтары да өседі. 12 жасқа толғанда барлық тіс жағарып болады. Көпшілік үлкендерде 20 жасқа толғанда 32 тісі шығып болады.

Тазалық ережесі:

Тісті күніне екі рет тазалау.

Тамақтан кейін ауызды шаю.

Ыстық тамақтан кейін суық ішпеу.

Қатты заттарды тіспен шақпау.

Тәттіні көп жемеу.

Жиі тіс дәрігеріне көріну.

Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.

Әңгімелесу.

Сезім мүшелері (құлақ, көз, мұрын, тіл, тері) -адамның ең егізгі көмекшілері.

Педагог балаларға мына жайларды көз алдарына елестетуді сұрайды.

Таңертең сағат шырылдаса, орныңнан тұруың керек (сағаттың шырылын адам есту мүшесі -құлақтың көмегімен сезеді).

Төсектен тұрғанда бөлме суық болса, тез киін (бөлменің температурасын адам сезім мүшесі - тері арқылы сезеді).

Анасы асүйде ертеңгілік ас әзірлеп жатыр. Бөлмеде кофенің иісі пайда болды (кофенің иісін сезім мүшесі мұрын арқылы сезеді).

Кофе тәтті емес, қант салу керек (кофенің дәмін адам тілдің көмегі арқылы ажыратады).

Далада жаңбыр жауып тұр, қолшатыр алу керек (ауа райының өзгергенін көру мүшесі - көз арқылы көреді).

Балалар сезім мүшелері арқылы адам қоршаған ортаны бағдарлауға болатыны туралы қорытынды жасайды.

Педагог біздің қайырымды көмекшіміз «Көз» аялдамасында көру мүшесі -көзбен терең танысатындарын айтады.

Көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай сезініп, күнді, аспанды, шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау - соқыр болудың өте ауыр екенін елестету ұсынылады.

Қоршаған ортаны көру қабілеті - адамның бағалы сезімдерінің бірі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көмегімен қабылданады. Қас, қабақ және кірпік көзді шаң-тозаңнан,тер тамшысынан сақтайды.

-Көздің көру қабілетін арттыруға А дәруменінің пайдасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет.

-Үй тапсырмасын орындағанда, оөығанда, сурет салғанда, көз бен қағаз арасында 30 см қашықтықты сақтау керек.

-Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді.

-теледидар көргенде қатты орындықты таңдап, оны экраннан 2 метр қашықтықта қою қажет.

Егер адам алыстағы затты дұрыс көрмесе, онда ол жуықты көргіш. Егер жақын орналасқан затты дұрыс көрмесе, онда алысты көргіш. Көз дәрігері көздің қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтап, қажетіне қарай көзілдірік киюге кеңес береді.

Көзілдірікке ерекше күтім керек:

-әйнегін таза ұста;

-әйнегі сынған көзілдірікті қолданба.

Кейбір адамдардың көздері мүлде көрмейді. Адам ауыр соққыдан, аурудан немесе туа соқыр болуы мүмкін.

Дәрігер Салауат балаларға көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйлауға және оларға құрметпен қарауға кеңес береді.

Ғажайып әлемді көру мүмкіндігін айырылған адамдарға басқалардың достығы, көмегі өте қажет.

Қиялдау ойын - «Ыммен айт».

Өзің пойыздың ішіндесің, ал әжең бекетте. Ол сені естімейді, бірақ сен оған міндетті түрде айтуың керек:

Өзіңнің вагонға жақсы орналасқаныңды.

Жеткен соң әжеңе телефон шалатыныңды.

Әжеңнің орамалы шешіліп тұрғанын, қазір ол түсіп қалатынын.

Балаларға пойыз жүргенше осы хабарды бет пішінімен ымдап жеткізу тапсырылды.

Жұмьақ

Бір таудың екі жағынан,

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан. (Екі құлақ)

Балалар ойыны талқылап, есту мүшесі құлақтың болғаны жақсы екеніне, сөзсіз ыммен түсіндіру қиын екендігін талқылайды.

Есту мүшесі адамда да, жануарда да бар. Жануарлар есту қабілеті арқылы бірін бірі табады және тамағын тауып жейді.

Педагог балаларға құлақтарын қолдарымен жауып, тәжірибе жасауды ұсынады. Балалар дыбыстың жақсы естілмейтінін, бір-бірімен қарым-қатынастың қиындайтыны туралы қорытынды жасайды.

Балалардың қалай еститінін тексеру үшін «Затты дыбысына қарай таны» ойынын ойнауды ұсынады. (Педагогикалық срсандықты қара).

Құлақ- есту мүшесі, оның көмегімен ададмар дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Құлақ, көз, мұрын, тері-адамның айнала қоршаған ортаны танып білуіне көмектеседі.

Көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйла және оларға құрметпен қара.

Құлақ-есту мүшесі, оның көмегімен адам дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

Тістің негізгі қызметі - тамақ шайнау.

Тісжегі - ең жиі кездесетін тіс ауруы.

Тісті күту ережесін сақтау керек.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар спорт адамға қажеттігі жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек




Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Ұлдар мен қыздар.

Мақсат- міндеттері: Балаларға қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын қалыптастыру және дамыту.

Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін ісері жайлы білімдерін қалыптастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Педагог балалардың бір-бірінен қалай ерекшеленетінін байқатып, осы тақырыпта әңгіме қозғайды. Балалардың жауабынан кейін барлық адамның дене құрылысы -қолы, аяғы, көзі, құлағы, т.б. болатыны, бірақ әр адамның көзінің, шашының, мұрнының пішіні әртүрлі болатынын айтады. Әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады. Әр адам-қайталанбас жеке тұлға.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Адамдар әйел, еркек, ұлдар мен қыздар болып бөлінеді.

Педагог ұлдарды мен қыздарды айна алдына тұрғызып, өзін-өзі сипаттауды ұсынады. Балалардың пікірін қорыта келіп, қыздарды нәзік болатынын, олардың көйлек киетінін, бұрымды болатынын, сәндік заттарды тағатынын, ал ұлдардың қыздарға қарағанда күшті, иықты, денелі келетініне, шаштары қысқа, дауыстары жуандау болатыны туралы айтып ұғымдарын қалыптастарады.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Ұлдар мен қыздардың ойыншықтарға деген талғамы әр-түрлі. Педагог ұлдар мен қыздарға тән ойыншықтардың атын ататады.

Балаларға отбасында ер адам мен әйел адамдардың атқаратын жұмыстарын естеріне түсіріп, талқылатады. Қандай мамандықты ерлердікі, ал қандай мамандықты әйелдердікі деп атауға болады.

Ұлдардың ең басты міндеті-денсаулығы мықты, күшті болып өсу, себебі ол туысқандарын әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан қорғауы, нәзік жандар-аналар мен қыздарға қамқор болуы керек. Ұлдар қыздарға күш көрсетпейді.

Ал қыздардың ең басты міндеті -дені сау, - бақытты болып өсу, өйткені жақсы ұрпақты тәрбиелеп өсіруі тиіс.

Балалар ұлдар мен қыздардың киімдерінің суретін аяқтап салуы керек. Ұлдар мен қыздардың бірге және бөлек ойнайтын ойыншықтарын ажыратып, бағытпен белгілеп көрсету.

Дәрігер Салауаттан келген ашықхат.

Педагог Дәрігер Салауаттан келген ашықхаттағы ертегіні оқиды: «Ертеде бір қалашықта Күлкі мен Ашу өмір сүріпті. Күлкі өте ақкөңіл, сүйкімді, қайырымды болыпты, барлық адамдар оны өз үйінде көргенде қуанады екен. Күлкі қай жерде болса, сол жерде күн нұрын шашып, құстар ән салып, төңіректің бәрі көріктенеді екен.

Ал Ашу болса, өз-өзінен ашулы, ешнәрсеге көңілі толмай жүреді екен. Ол болған жерді бәрі жоғалып кетеді екен. Ешкімді көңіл көтеріп күлмейтін болыпты».

Педагог балаларға Күлкі мен Ашуды қимылмен (ишарамен) көрсетуді ұснады.

Педагог балаларға адам күлген кезде содан көңіл күйдің ұзақ көтеріңкі болатындығы жайлы айтады.

«Күлкі жаттығуы».

Балалар айнаға қарап әдемі, мейірімді күлкіні бейнелейді (1минут). Педагог бұл жаттығуды күніне бірнеше рет орындау қажеттігін түсіндіреді. Күлкі айналасындағы адамдарға жақсы әсерін тигізеді.

«Көрініс көрсету» жаттығу.

-Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер. Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте.

Педагог балалармен бірге көріністі талдап, мынадай қорытынды жасайды. Біз анамыздың көңілін көтеру үшін, алдымен күліп, оны құшақтап және өзінің күлуін сұрауымыз керек.

-Сендердің күлкілерің әсіресе ата-әжелерінің үшін өте қажет, соныдқтан көбінесе солармен қарым-қатынас жасау керектігін естен шығармаңдар.

Күлкі-бұл өз көңіл күйіңе, жақын адамдардың жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Педагог балаларға бұршақтың дәннен өсетінін мысалға ала отырып, ұлдар мен қыздардың өскенде кімге айналатынын түсіндіреді.

Бұршақ дәні-гүлдейді (жеміс береді) -солады.

Бала-бозбала-еркек-ата.

Қыз-бойжеткен-әйел(ана) -апа.


Қорытынды

Әр адам-қайталанбас жеке-дара тұлға. Әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады.

Адамдар жынысына қарай еркек-әйел, ұл-қыз болып бөлінеді.

Қоғамда еркек пен әйелдің рөлі әртүрлі болады.

Үйде, мектепте, көшеде ата-анаңа, мұғаліміне, достарыңа жиі күлімдеп, мейірімді қарым-қатынаста бол.

Сәлемдескенде күлімде.

Әдемі тіс -күлкі ажары екенін ұмытпа.

Шаттық шеңбері.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар адамдардың әйел және еркек болып бөлінетіні жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Тамақтану мәдениеті.

Мақсат- міндеттері: «тамақтану» түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайту дәрумендердің рөлін көрсету. Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері.

Педагог сабақты төмендегі өлең жолдарымен бастайды:

Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

Балалар бір-біріне қарап күлімдеп, қай баланың кқңіл күйі жоқ болса, көтеруге тырысады.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Әңгімелесу.

-Адамдар неліктен бір-біріне күлімдейді?

-Тіс күтудің қандай ережесін білесіңдер?

-Адамға тіс не үшін қажет?

Адам ағзасы белгілі бір уақытта ас қабылдап үйренгендіктен, күнделікті сол уақытта асқазанда ас қорытатын арнайы сөл бөлініп шығады. Бұл сөл асқазан сөлі деп аталады.Асқазан сөлінің жоғалып кетаеуі үшін күнделікті уақытында дұрыс және жүйелі тамақтану қажет.

Адамдар машинаға ұқсайды, машина орнынан қозғалуы үшін отын (бензин) керек сияқты, адамға тамақтану қажет. Адамның денсаулығы мықты болуы үшін, пайдалы тамақ жегені дұрыс. Себебі ол өзінің ағзасына керекті заттарды дәрумендерді тамақтан алады.

Педагог қолына текшені алады. Адам ірімшікті жеп, одан ағзасына қажетті барлық затты алады. Педагог текшені үстелдің үстіне қояды.Алманы да жеді - тағы өзіне қажет затты алды, екінші текшені қойып, үй (немесе мұнара) пайда болғанша жасайды.

Егер адам бір-ақ түрлі тағаммен ғана тамақтанса, әлсіз және жиі ауырғыш болады. Балалар ден сау болып өсуі үшін әртүрлә толық құрамды тағаммен тамақтануы қажет. Мұндай тағамдардан баланың жас ағзасы күш-қуат алады.

-Тағам құрамында әртүрлі пайдалы заттар, әсіресе дәрумендер болуы қажет. Дәруменсіз адам ауырғыш болады!

Жемәс-жидектер мен көкөністерді өажетінше көп жеу керек, өйткені олар дәрумен мен пайдалы заттарға өте бай. Олардың құрамында дәрумендер бойдың өсуіне, ағзаның дұрыс дамуына және көздің көруі жақсаруына көмектеседі. Дәрумендер тек өсімдіктен алынған тағам құрамында ғана емес, сонымен бірге жануарлардан алынған тағамдарда да болады. Сүт тағамдарында, етте кездесетін кальций мен фосфор адам ағзасының негізгі құрамы.

Дәрігер салауатты кеңестерін естеріне түсіру.

Тамақтың алдында қолыңды жу.

Жеміс-жидекті жуып же.

Тамақтану тәртібін сақта.

Тамақты әбден шайна.

Ойын - тәжірибе.

Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген (қияр, құрт) бөлікті салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратады.

Педагог балаларға «Лимонды ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар», -деп тапсрыма береді. Бала қандай күйге түскенін айтады.

Ауыз қуысына орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. «Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» деген сөз бар, сондықтан тамақ алдында қолды жуу керек. Көкөнңс пен жемісті міндетті түрде жуып жеу керек.

«Саяхатшы нан» өлеңін оқиды.

Май жағылған тәтті нан

Шықты бір күн сапарға.

Ең алдымен тап болды

«Ауыз» деген апанға.

Онда азғана бөгелді,

Дейсіңдер ғой не көрді?

Ауыздың ішін аралап,

Одан әрі жөнелді.

Өзгеріп кетті түрі енді,

Бөгет емес бұл енді.

Жылжып еді ары қарай,

Жұтқыншақ-тауға тірелді.

Қарай қойшы батылын,

Одан да өтті ақыры.

Кірді өңеш-үңгірге

Қатпар-қатпар сатылы.

Сапарды ары жалғауға

Орта жолда қалмауға,

Тырысқан наның тап болды

«Асқазан» атты орманға.

Асқазанды аралап,

Көрді жайлап қарап-ақ.

Кездесті ішек лабиринт

иір-иір ғажап-ақ.

Қарасаңдар суретке

Бәрін де анық көресің.

«Саяхатшы-нанның» сапарын

Қайсысы айтып бересің?

Ә. Құрманғалиева

Педагог өлеңді оқи отырып, балалармен ас қорыту ағзаларын атайды:

Ауыз

Жұтқыншақ

Өңеш

Асқазан

Ішек.

Балаларға мектепке барғанда ас қорыту ағзасының қызметімен кеңірек танысатындықтарын айтады

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды




Қорытынды

Қорытынды:

Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек- ас қорыту жүйесіне жатады.

Ас қортыу жүйесінің негізгі шарты-дұрыс, уақытымен тамақтану.

Тамақтанар алдында қолды жуу керек.

Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту керек.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар адамдардың дұрыс тамақтануы жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Мен және менің отбасым

Мақсат- міндеттері: Баланың үйдегі орны туралы түсінігін қалыптастыру.

Баланың үлкенді сылау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері.

Адам үшін қандай тамақ пайдалы?

Егер тек қана кәмпит жесең, не болады?

Отбасында кім тамақ пісіреді?

Отбасы дегеніміз не?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Әңгімелесу.

Балаға ең жақын адамдар - әке, ана, аға, әпке, ата-әже т.б. болып саналады.

Балаларға үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігіқажет. Ал ата-аналар, әсіресе ата-әжелер өздеріне көп кһңіл аударғанды жаөсы көреді. Үлкен кісілер демалыс пен тыныштықты қалайды.

Ата-әжелеріңді күту керек! Олар жылы сөзден қуанады.

Ата-анаңды сыйла, оларды күт, ренжітпе, қайда болса да олардың жанынан табылуға асық.

Үйде әр баланың өз бөлмесі, өзінің бұрышы болуы қажет. Бала өз бөлмесін жинастыруға жуапты екенін сезініп ойыншықтарын, кітаптарын, төсегін жинай білуі керек. Әр зат өз орнында тұрғаы жөн.

Ойыншық баланың үлкен досы. Олар таза, бүтін және өзінің арнайы орнында болуы керек.

Өзің әдемі және ұқыпты болып көрінуің керек. Сенің шашың күтімді қажет етеді. Шаштың досы -тарақ, ол әрқашанда таза болуы керек.

Біреудің тарағымен таранба.

Сенің аяқкиімің де тазалық пен ұқыптылықты жақсы көреді: оны сүрт, кептір, аяқкиім майымен майла.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Әке-шешеңе, ата-әжеді сыйла, оларды күт, ренжітпе.

Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес.

Өз бөлмеңнің тазалығын сақта. Лас, ұқыпсыздық адамның денсаулығына кері әсер ететінін есіңде сақта.

Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықтары өз орнында болуы керек.

Біреудің тарағын қолданба.

Біреудің киімін және аяқкиімін киме.

Әңгімелесу.

Егер отбасында бәреу ауырып қалса, оны кім күтеді?

Әдетте ауырған адамды анамыз күтеді. Ал егерде анамыздың өзі ауырып қалса, оны кім күтеді?

Есіңде болсын! Егер үйде ауырған адам болса,оған тыныштық орнату қажет. Сабырлы ойындарды таңдап алу керек. Күніне бірнеше рет бөлмені желдетіп тұру шарт.

Ауырған адамға лимон мен бал қосылған шай ұсыну керек.

Ауырған адамнан қандай көмек қажет екенін сұрауды ұмытпаңдар.

Әңгімені тыңдау, талқылау.

Бала Салауат өмірінің бір күні.

Ертеңгісін анасы дәріханаға жиналып жатып оған: «Сен үйде өзің жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, далаға шықпа» деп тапсырды. Кішкентай Салауат төсек-орнын жинап, шай ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитасын жағуға тырысты. Осы кезде бала Салауат «Қауіпсіздік мектебінің» ережелерін есіне түсіреді:

Қолыңы сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін.

Газдан абай бол! Ол тез тұтанып жарылады.

Бала Салауат сіріңкені орнына қойып, шайдың орнына сүт ішеді. Осы кезде біреу қоңырау соғады, бала Салауат есікті ашуға жүгіріп бара жатыр, анасының айтқан сөзін есіне түсіреді де, ақырын з бөлмесіне кетеді.

Үйде жалғыз қалғанда ешкімге есік ашпа.

Кішкентай Салауат анасы келгенде қуантпақ оймен, өзінің жейдесін үтіктемекші болып, үтікті тоққа қосты. Ал «Қауіпсіздік мектебінің» ережесі қалай еді?

Электр құралдарын үлкендерсіз тоққа қосуға болмайды.

Кішкентай Салауат үтікті тоқтан ажыратып тастадыү

Анасы келген кезде қуанышпен қарсы алған кішкентай Салауат үйіне бөтен, бейтаныс адамның, келгенін, бірақ өзінің есік ашпағанын баяндайды. Анасы ұлын мадақтап «Жарайсың» - дейді.

Анасы бала Салауатқа өмірде тек қауіпті заттармен қатар, адамдардың да қауптң болатынын айтады. Олар үйдегі дүние мүлікті ұрлап қана қоймай, балаларды да ұрлап кетуі ықтимал деп түсіндіреді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды




Қорытынды

Жеке бастың тазалығын сақтау. Тазалық пен ұқыптылық адам денінің сау және бақытты болып өсуіне көмектеседі.

Жақсы, таза үй адамның өз өзіне деген сенімділігін тудырады және жақсы өмір сүруңне жағдай жасайды.

Бейтаныс адамды үйге шақырма және кіргізбе

Қауіпсіздік ережелерін әрқашанда жадыңда ұста.

Шаттық шеңбері.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар өздерің қоршаған кейбір заттардың өте қауіпті болатыны жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Көшеде абай бол!

Мақсат- міндеттері: Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Балаларға жолда жүрудің ережелерін қалыптастыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызуғышылығын тудыру

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері.

Балалар дөңгелене тұрып, қолдарына бір бірден гүл ұстайды.

Педагог балаларға «Қауіпсіздік меетебінде» не үйренгені жайлы естеріне түсуріді ұсынады. Балалар кезек кезек бір ережені айтып, гүлді пелагогқа қайтарып береді.

Мейірімді күн шуағы терезеден қарады, қане бәріміз көшеге шығайық.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір бірінің қолдарынан ұстап, күлімдеп, амандасады және әрқайсысы өзінің көшесіне жылы сөз қосып айтады.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Әңгімелесу.

Педагог балалармен өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелеседі. Көшенің қалай аталатынын, онда не бар екенін және несімен ұнайтынын сұрайды.

Педагог денсаулықтың отбасындағы көңіл күй, үйінің тазалығы мен жайлылығына байланысты болып қана қоймай, сонымен қатар үйдегі, қоршаған ортадағы экологиялық жағдайда да байланысты екенін түсіндіреді. Үйдің жанында отырғызылатын ағаштар, гүлдер ауадағы оттегін көбейтіп, адамның көңіл күйін көтереді.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Аула-бұл сенің үйіңнің жалғасы. Оның тазалығын сақтау керек.

Әркім өз көшесі әдемі болу үшін ағаш отырғыза алады. Үйдің жанына гүл егіп, оны суарып отыру керек.

Педагог балалармен ағашты сындырып, керексіз қалдық заттарды: балмұздақтың, кәмпиттің қағаздарын кез келген жерге лақтыру көшенің сәнін кетіретін жөнінде әңгімелеседі.

Кез келген жерге лақтырылған қалдық заттарға шыбын шіркей қонып, біздің ағзамызға зиянын тигізетін қатерлі ауру әкелуі мүмкін.

Көшенің тазалығы адамдарға, яғни тазалықты сақтай білуіне байланысты. Тазалық саулық негізі.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақ

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда, -

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда, -

Өте бергін жасқанба. (Бағдаршам)

Педагог қалада қозғалыс өте көп болса да бір біріне кедергі келтірмейтінін айтады.Бұл көлік жүргізушілеріне және жаяу адамға арналған катаң ереженің сақталуынан екендігін түсіндіреді. Көшенің екінші бетіне өтудің өзі оңай емес, бұған бізге бағдаршамның үш көзі: жасыл, сары, қызыл түстері көмектеседі. Бағдаршам өшіп өалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Реттеушінің қолында таяқшасы болады.

«Жолда жүру ережесін» көше немесе жол заңы деп айтады. Ол жаяу адамның қалай болса солай жүргенін кешірмейді, ол адамдарды қауіптен сақтайды.

Ойын-«Бағдаршам».

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақан соғады, қызыл түсті тыныштық сақтайды.

Педагог балаларға жол белгілері туралы түсінік береді. Балаларға алдын ала дайындалған дөңгелек шеңбер үшбұрыш және басқа да әртүрлі кейіптегі белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойында, көшеде ілініп тұратынын айтады. Бұлар -жол белгілері.

Бұл белгілердің тиімділігі жол бойының нағыз хабаршысы екендігінде.

Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:

Ескерту белгілері, үшбұрышы қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, яғни қауіпті жер бар дегенді білдіреді.

Тыйым белгілері, дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

Көрсеткіш белгілері, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

Ереже:

Көшеден өткенде арнайы жерден, жасыл жанғанда ғана, немесе реттеушінің белгісімен өт.

Жол қиылысында аса абай бол.

Көшеден тек жаяулар өтпесі арнайы жолақ жолдан өт.

Көше мен жолда шанамен сырғанап ойнама.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

Ереже:

Таныс емес адамдармен сөйлеспе.

Бөтен адамный сыйлығын алушы болма.

Бөтен адамның машинасына отырма.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Педагог балаларға денсаулығымыздың мықты болуы көшеде жүру тәртібін сақтауға да байланысты екенін айтады.

Балалар көше, жол, жаяулар жолы туралы айтады. Педагог:

Көшедегі жолда көліктер, адамдар жүреді. Жолда сәтсіздікке ұшырамау үшін, - жолда жүру ережесін сақтау қажет.



Педагог балалардың суреттер арқылы бөтен адамдармен сойлесуге, машинасына мінуге болмайтынын, бөтен адам берген сыйлықты алмау керек екенін айтып түсіндіреді. Бұл өміріне өте қауіпті.

Қорытынды

Бағдаршамға қарауды ұмытпа.

Көшеде және жолда адамдармен сөйлеспе.

Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңп, содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяулар өтпесімен өт.

Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілесіп кетпе.

Шаттық шеңбері

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар бағдаршам және көлік түрлері жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Сыпайы бол.

Мақсат- міндеттері: Қоғамдық орында балалардың өзін ұстай білуіне, мейірімділікке, кішіпейділікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері.

Үйдегі қауіпсіздік ережелерін ата.

Көшедегі қауіпсіздік туралы айт.

Қалай ойлайсыңдар, қоғамдық орында қандай тәртіп ережелері бар?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Жағдаят талқылау.

Қарт ата автобусқа кірсе, бос орын жоқ.

Әже ауыр сөмке көтеріп автобусқа кірді.

Қыздың екі қолында сөмке бар.

Ол артқы есіктен кірмекші болды, бірақ есік жабық тұр. Есікті ашайын десе, қолы бос емес.

Әңгімелесу.

Әжеге, қарияға, қызға көмектескенде сен нені сездің?

Адамдар біреуге жақсы іс істегенде қуанып, рақаттанса, кішіпейіл болса, ерекше қуаныш сезімге бөленеді, содан адамның денсаулығы мықты болады.

Педагог балаларға түрлі көңіл күйдегі адамдардың бет әлпетін: қуаныш, реніш, таңғалу, т.с.с. көрсетулерін ұсынады.

Қандай көңіл күй жағымды?

Дәрігер Салауат балаларға мыналарды ұмытпауын ескертеді:

Қоғамдық көліктерде тұтқаның барлығы кір, сондықтан үйге келгенде міндетті түрде қолыңды жу.

Емхана, дүкенде, театрларда микробтар ұшып жүреді, сондықтан әр затты ұстап көрген қолыңмен тамақтану өте қауіпті.

Қоғамдық орында адамдар сенің тәртіпті екенін байқап, ата-анаңа мен отбасың саған жақсы тәрбие бергеніне алғыс айтады.

Дәрігер Салауат балаларға үнемі:

Күлімдеп жүруді;

Автобуста қарияларға орын беруді;

Ауыр затты көтерусіге көмектесуді;

Кіреберісте есікті ашуды;

Барлық ұлдар қыздарды сыйлауды;

Ал барлық қыздар сыпайы және мейірімді болуды ұсынады.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Сыпайы және тәртіпті болу қандай жақсы, тіпті денсаулыққа да пайдалы.

Шаттық шеңбері.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар сыпайы болу, қоғамдық орындарда өздерін ұстау ережелері жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Айболит және оның достары.

Мақсат- міндеттері: Әртүрлі аурулармен және оның себептерімен таныстыру.

Жұқпалы және суық тию ауруларарының алдын алу шараларының маңызын көрсету.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Педагог балаларға «Дәрігер Айболит» ертегісін естеріне түсіруді ұсынады.

Дәрігерге нелер келді?

Ол қалай емделеді?

Сендер үй жануарларына қандай көмек көрсетер едіңдер?

Өз бетінше жануарларды емдей аласындар ма?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Біздің қамқорлығымыз жануарларға өте қажет. Адамдар сияқты жануарлардың да денсаулығы мықты болуы керек. Ауырған жануарда микроб болып, ол адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан барлық жануарларды арнайы дірігерге көрсетіп, егу және жақсы күтім болуын, дұрыс тамақтануын қадағалау қажет. Егуден басқа, әр 2-3 айда жануарларға ішекқұртқа қарсы дәрі беру керек. Жануарлармен бірге ойнағаннан кейін міндетті түрде қолды жуу қажеттігін ұмытпа.

Дәрігер Айболит өзінің достарына жақсы қамқорлық көрсетеді, ал сендерге оларды жақсы көріп, аурудан қорғауды ұсынады.

Әңгімлесу.

Педагог балаларға: «Біздің жерімізде бізбен бірге өсімдіктер, жәндіктер, балықтар, аңдар мекендейді және осымен қоса өте көп микробтар, бактериялар мен вирустар бар. Олардың ішінде адамға пайдалы, қажеттісі де, жұқпалы және вирусты ауруларды тудыратын өте қауіптісі де бар. Бірақ адам осы кішкентай зияндылармен күресуді үйреніп қана қоймай, аурудың алдын алуды да үйренді», - деп түсіндіреді.

Аурудың алдын алу-денсаулықтың жаңа ережелері мен пайдалы кеңестері арқылы іске асады.

Ойын: «Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады?»

Микроб, вирус, бактериялар судан қорқады.

Егер біз үнемі жуынып, шомылып, тісімізді тазалап жүрсек, денеміз сау болып, ауырмай жүреміз.

Көп микробтар сумен шайылып, сабыннан өліп қалады.

Микроб, вирус, бактериялар шынығудан қорқады.

Шынығу кезінде негізінен табиғаттың үш сыйы (күн, су, ауа) бізідің ағзамызға әсер етеді және олар ауруларды тұншықтырып, жояды.

Ағзамыз шынығу арқылы қауіпті вирус, микроб және бактерияларға қарсы тұрады.

Микроб, вирус, бактериялар тамақтанудан қорқады.

Міндетті түрде құнарлы көкөністер мен жемістерді көп жеу керек, бірақ жуып жеуді ұмытпа. Олар адам ағзасын нығайтып қана қоймай, ауру тудырғыш микробтарды жояды.

Микроб, вирус, бактериялар егуден қорқады.

Егу дегеніміз микробтармен күресудің бір жолы. Емханада балалардың ағзасына түрлі аурулардың алдын алу үшін, әлсіз микробтар енгізу арқылы егу жұмыстарын жүргізеді. Егу жұмыстары аурудың дамуын, өршуін тоқтатады немесе жеңіл түрде ауырып, тез жазылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан егуден қорықпау керек.

Доппен ойын: «Жақсы-жаман».

Педагог балаға доплы лақтырып, «тісті тазалау», «алманы жумай жеу» т.с.с. сөздер айтады. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады.

Педагог балалардан далада ойнағанды, секіргенді, жүгіргенді ұнататындары туралы сұрайды. Бала құлап, жарақат алған кезде қан ағады. Осы кезде не істеу керек?

Дидактикалық ойын: «Қуыршақты емдейміз».

Педагог балаларға жараны қалай емдеу керектігін және оған не қажет екенін айтып, көрсетеді.

Жараны таза сумен жуып, йод жағу керек.

Жараға кір, шаң түспес үшін, таза дәкемен таңу қажет.

Әңгімелесу.

Педагог биылғы жылы кімнің тұмаумен немесе суық тиіп ауырғанын сұрап, сол кездегі көңіл күйлерін айтуды ұсынады.

Сендер суық немесе тұмау тиіп ауырған кезде тыныс алу жолдарында үлкен мөлшерде шырыш пен қақырық жиналады. Шырышты қабық тітіркеніп тұрады, сондықтан сендер жөтеліп, түшкіргілерің келеді. Осы кезде мұрыннан және ауыздан шырыш тамшылары ортаға тарайды. Жөтеліп түшкірген кезде тыныс алу жолдары тазарып, осылай ағзамыз қорғанады. Шырыш тамшыларымен бірге ауаға үлкен мөлшерде вирустар мен микробтар тарайды. Егер де түшкіріп, жөтелгенде ауру адам аузы-мұрнын қолорамалмен жаппаса, көптеген адамдарға ауру жұқтыруы мүмкін. Сондықтан сендер ауырып қалған жағдайда, өздеріңді қоршаған адамдарды сыйлап, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз, мұрындарыңды орамалмен немесе қолдарыңмен басу керек.

Естеріңде болсын, қолданған қолорамалмен үнему, жиі акыстырып түру керек.

Байқау- «Ең таза қол».

Педагог балаларға «Ең таза қол» байқауын өткізуді ұсынады.

Балалар қолдарын сабындап жуады. Қолын шайғанда суы таза болған бала жеңіске жетеді.

Сары ауру және ішек аурулары кір қол арқылы жұғатынын педагог балаларға түсіндіреді. Ауру тудырғыш микробтар кір қол арқылы тамақпен, сумен бірге ауызға түсіп, ауруға шалдықтырады.

Жануарлардан да жұқпалы аурулар жұғады.

Төмендегі ережелерді есте сақтаңдар:

Қолды жиә жуу керек.

Ит,мысықпен бірге ұйықтауға болмайды.

Егер үйдегі жануарларың ауырған жағдайда, дереу мал дәрігеріне қарату қажет.

Қосымша материал

Педагог балаларға кептірілген шөптер жиынтығын, түбірлерін және бөлме өсімдіктерін көрсетеді (мұнда әр аймаққа байланысты дәрігерлік шөптер әкеліп көрсетуге болады). Балалар ыдысқа тұрлі шөптерден тұңба жасап көрулеріне болады.

Өсімдіктер тек жер бетіне көрік беріп қана қоймай, адамға жылу, тағам, таза ауа сыйлайды, сонымен бірге олардың емдік қасиеті зор. Мұндай өсімдіктермен емделуді «фитотерапия» деп атайды.

Алоэ-Оңтүстік Африкадан таралған, сондықтан ол бөлмеде ғана өсіріледі.Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып мұрынға тамызады.

Бақбақ -оның тамырының қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады.

Емен-жас ағаштарының қабығы мен бұтақ үзбесін тыныс жолдарын тазартуға, ауыз бен тамақты шаюға және асқазан бұзылған жағдайда ішеді.

Қалақай-жабайы өсімдік. Жапырағынан қайнатылған тұңба мен сығынды қан тоқтату үшін қолданылады әрі С дәруменнің қасиеті бар.

Сарымсақ-ерте уақыттан бері тыныс жолдары ауруларының алдын алу, ішек және асқазан бұзылуынан сақтайтын емдік құрал ретінде айдаланып келеді.

Мия-жабайы өсімдік. Тамырынан жасалған дәрі қақырық түсіреді, қабынуға қарсы және түйнегенді басуға қолданады.

Өгейшөп - Қазақстанда көп кездесетін жабайы өсімдік. Тұңбасы мен қайнаған суы қықырық түсіретін және терлететін дәрі ретінде қолданылады.

Асқабақ-қолдан өсірілетін өсімдік. Оның қабығынан тазартылған дәні ішек құртына қарсы қолданады.

Практикалық жұмыс: Балаларға суық тиіп ауырудың алдын алу үшін өздеріне мияның тамырынан, өгейшөп жапырақшаларынан, лимон шырынынан дәруменді қайнатпа даярлау тапсырылады.

Балалар стакандарына шөптердің керекті жиынтығын жинап, қайнаған су құйып, бетін сүлгімен жауып қояды. Қоспа жылыған кезде лимон шырыны мен кішкене қант қосады.

Дәрілік шөптер «Жасыл дәріхана» деп аталады. Адамдардың табиғатқа қамқорлығының аздығынан жыл өткен сайын дәрігелік шөптерді саны азайып, тіпті жоғалып бара жатыр. Адамдар орманда ағаштарды кеседі, жерді ластайды, дәрілік шөптерді тамырымен жұлып, оларды жинау ережесін бұзады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Тазалық көптеген ауруларға қарс күреседі.

Табиғатты қорғау керек

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар аурулардың түрлі болаты жайы және оларды қалай емдейтіні жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер.

Мақсат- міндеттері: Салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Педагог Дәрігер Салауаттың суретін тағы бір қарап, оны суреттеуді ұсынады. Балалардың жауаптарын қорыта отырып, едагог балалардан өскенде кімнің Дәрігер Салауатқа ұқсағылары келетін сұрайды. Ол үшін не істеу керек?

Педагог сұрақ жауаптарын жинақтап, қортыа келе, ол үшін салауатты өмір салтының ережелерін: шынығу, дұрыс тамақтану, күн тәртібіні сақтау, табиғатпен, қоршаған ортамен сәйкестікке өмір сүру керектігін нақтылайды. Бұл ережелер жақсы әдетке айналуы үшін күнделікті орындау қажет.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Әліппе дәптермен жұмыс.

Балалар өз бойындағы жағымды дағдыларын атап отырады, ал педагог оны жеке жеке үлкен парақ бетіне жазып, «Валеология» сөзінің айналасына қойып шығады.

Педагог ойынның қортындысын шығарып, балалар мен өздерінің бойында жақсы әдеттердің қаншалықты бар екенін талқылайды. Бірақ осылармен қатар біздің жақсы өмір сүруімізге кедергі келтіретін, денсаулығымызға зиянды әдеттердің бар екенін айтып өтеді. Балаларға ойланып, өздерінің бойынша кездесетін жаман әдеттерді атауларын сұрайды.

Педагог балалардан темекі және оны шегетін адамдар жайлы не білетіндерін айтып беруді ұсынады.

Темекі шегі адамның ішкі мүшелерінің қызметін бұзады. Темекіде никотин уы бар. Ол өкпенің, жүрек және асқазанның жұмысын бұзады. Темекі түтіні қоршаған ортаға зиян.

Тапсырма.

Балалардың өздеріне никотин уын көз алдарына қалай елестететіндерін қиялмен суреттеуді ұсынады.

Шарап сусыны денсаулыққа зиян. Кейбір отбасында үлкендер шарапты өздері ғана ішіп қоймай, балаларына да ұсынады. Бұл әлі буыны қатпаған бала денсаулығы үшін өте зиян. Шарап тек асқазанға ғана емес, жүректің, бүйректің жұмысына, яғни ағзаның дұрыс өсуіне кедергі келтіреді.

Тапсырма.

Педагог балаларға бірігіп ұжымдық «Ішімдік пен темекіге жол жоқ!» атты жарнама шығаруды ұсынады

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дағдыға айналдыру үшін, күнделікті салауатты өмір салтының ережелерін сақтау керек.

Ішімдік пен никотин денсаулыққа өте зиян екенін есте сақтайық.

Шаттық шеңбері.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар жағымды жағдайлар мен пайдалы кеңестер жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал