7


  • Учителю
  • ӘЛіппемен қоштасу ертеңгілігі.

ӘЛіппемен қоштасу ертеңгілігі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекі
предварительный просмотр материала

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші: Гульназ
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:Бақтияр
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

І-жүргізуші: Гульназ
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!

«Ыбырай ата»

Жырын жаттап саламыз,
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз-
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастап көп елге,
«Кел, балалар оқылық!»
Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық
Оқығаннан кезінде
Озған алғаш сол екен.
Әліппенің өзін де,
Жазған алғаш сол екен.



Аяулым:

Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Данара:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Адина:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Олжас:

Бітті әліппе сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Өзге оқулық достаспақ
Әліппемен қоштаспақ

Айсулу:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата - ана қуанышқа бөленген
Сауатты боп шықты міне балаңыз

Ақбота:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Ән: «Қарлығаш»

II-жүргізуші: Құрметті қадірлі қонақтар енді әріптер сырын тыңдайық!



Азиана:
Ардақтымыз анамыз
Аялаған баламыз
Ақыл - саны ой берген
Ана тілін аламыз

Аимжан.
Әдеп деген немене
Әдеп тәртіп білеміз
Әдеппен сөйлеп күлеміз
Әрқашан жұрт алдында
Әдеп сақтап жүреміз
Фариза:
Бабаға қарт киелі
Баласы бас иеді
Бала бауыр еті деп
Баласын ол сүйеді

Алдияр:
Досты сыйлау салтымыз
Достық жасау шартымыз
Достық деген ынтымақ
Достасады халқымыз
Раимбек:
Жақсы көрем інімді
Жақын тартып күнімді
Жалынды жас әдепті
Жарқын інім білімді
Амир:
Заң тәрбие жүйесі
Заңның халық иесі
Заңға әркім бағынар
Заңға тәртіп тиесі
Данияр:
Отан менің - ата анам
Отан - досым, бауырым
Отан - өлкем астанам
Отан туған ауылым



Би: «Қамажай»

Мадияр:
- Тек деген ол немене?
- Тек деген түп - тамырың,
Отқа түскен жаны мың
Тектілік боп саналар
Елің жайлы танымың
Камила:
- Спорт деген немене?
- Спорт сенің серігің
Саулығың мен сенімің.
Спортпенен шыңдалар
Жігерің мен ерігің
Айзере:
- Салауаттылық деген не?
- Салауаттылық - сергектік
Таза жүру өмірде
Адамзаттық келбетке
Дақ түсірмеу тегінде.
Ардана:
- Әдет деген немене?
- Әдет деген бұл ұғым,
Іс - әрекет қылығың
Қалыптасқан жастайдан
Жайлы мінез - құлығың
Ән: «Жауқазын»

Гульназ: Балалар, біз тек әріп қана танып қоймай, сонымен қатар сандар әлеміне тоқталайық
Амир:
1 дегенім - баспана
Нанды жерге тастама
2 - дегенім - ирек
Қар жауады сирек
3 дегенім - үтік
Құрбымды көп күттік
4 дегенім - ту
Айлакер қу түлкі
5 дегенім - бақ
Тайға мініп шап
6 дегенім бау
Балық аулайтын ау
7 дегенім жұлдыз
Аспандағы құндыз
8 дегенім - серке,
Ән салайық, ерке
9 дегенім - талғам
Досым, дұрыс ойлан
10 дегенім - орақ
Ай деп қалма бірақ.

Би: «Қара жорға»

Бақтияр: Өтірік өлең айту да бір өнер екен, балалардың дайындаған өтірік өлеңдерін тыңдайық.
Ерасыл:
Тауықпенен ұшып
Айға қонып келдім
Қасқырларға ұрсып
Тышқан сойып бердім
Көбелектер қыста
Киіп алып тонды
Ілесіп ап құсқа
Гүлден гүлге қонды
Арай:
Қоян түнде жортады
Қасқыр одан қорқады
Бұлттың жүнін жұлып ап
Әжем шұлық тоқыды
Кім айтады, қызық - ақ
Өтірік деп осыны.
Гульназ:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Ұлдардың орындауында би «Ковбой»

Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика - ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)

Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»
«Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).
1.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
2.Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
3.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
4.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
5.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
6.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
7.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
8.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
9.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).

Би: «Цыганский»

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

Ән: «Әліппе»
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал