- Учителю
- ӘДебиеттік оқу пәніне 'Біреуге ор қазба, өзің түсерсің' атты тәрбие жоспары
ӘДебиеттік оқу пәніне 'Біреуге ор қазба, өзің түсерсің' атты тәрбие жоспары
Сыныбы 4 Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Біреуге ор қазба - өзің түсерсің
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып, оның негізгі идеясын, байлық пен кедейліктің айырмашылығын және байлықтың адамға тигізер әсерін түсіне білуге жағдай туғызу
-
Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын, есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту, қиялын ұштап, сезімін ояту.
-
Топтық жұмыстар арқылы өзара құрмет сезімдерін тудыру. Басқаның пікірін тыңдауға, сыйлауға сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. Байлықтың пайдасы мен зиянының аражігін дұрыс түсіну арқылы адами қасиеттерден айырылмау керектігін ұғыну.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы;
Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, суреттеу, баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: ертегі желісінде салынған сурет, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақ жоспары:
1-сабақ
-
№
Кезеңдері
Уақыты
І
Ұйымдастыру
3 минут
ІІ
Жаңа материалды меңгеру және зерттеу, жүйелеу
33 минут
ІІІ
Қорытынды
5 минут
ІҮ
Бағалау
2 минут
ҮІ
Үйге тапсырма
2 минут
І Ұйымдастыру кезеңі
Өздеріне ұнаған қағазды алу арқылы топ құру. Әр топ таңдап алған қағаздарына қарап, осы сөздерге орайластыру(ассоциация) жасау. Қағазда «бай адам», «кедей адам», «орташа адам» деген сөздер жазылған. Осы сөздердің мағынасын ашу. Топта талқылау.
Ортақ пікірлерін ортаға салу. Топтар пікірлерін тыңдап болған соң, бүгінгі сабақтың негізгі ойын табу. (Байлық пен кедейлік)
-Қалай ойлайсыңдар бай болу немесе кедей болудың арасында белгілі бір өлшем бар ма? Байлық немен өлшенеді?
«Топтастыру» арқылы орындау, жұмыстарын іліп қою.
Жұпта, топта талқылау.
Ортақ пікірлерін жария ету.
ІІ Мағынаны тану
«Болжау» стратегиясы бойынша тақырыпқа көңіл бөліп, не туралы болады деп ойлайтынын сұрау.
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша мәтінді оқу
Сөздік жұмысын жүргізу
Басты кейіпкерлерді атау. Әр кейіпкерге сипаттама беру. Әрқайсысының жақсы жағы мен жаман жағын тізіп жазу.
-
Бұл ертегіден қандай ой түйдік?
ІІІ Ойтолғау
Мәтіннің тақырыбын ашатындай нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерге тоқталу
1-топ. Венн диаграммасын құру
2-топ.Бай мен кедейге топтастыру жасау.
3-топ. «Байлық» сөзінен бес жолды өлең жаз.
Сабақты қорытындылау
Сабақты бекіту
Сабақты бағалау
Үй тапсырмасын беру